«...Сол күні түске таман шәкірті Сәкен Шақабаев та келген-
ді. Дәрігер оны көкеме жібермеді. Мұңайған Сәкен Ержанұлы: «Қа-
ныш аға жатқан шаңырақтың астында бола тұрайыншы...» деп
қайтып кетпей, сі рә, ұстазын көре кетуден үмітін үзбесе керек,
ауыздағы дәлізде мөлиген қалыпта отырып қалды. Көкемнің
жан қиналысын ұмыттырғым келді ме, біл мей мін, бір мезетте
Сәкеннің ауызда отырғанын айтып едім, ол: «Неге күттірдің дер,
тезірек ертіп келіңдер!» – деп жасаң әріптесін көргенше асықты.
Келешегінен үмітті шәкіртінің арнайы іздеп келгеніне қатты
қуанды, ал Сәкен Ержанұлы Маңғыстау тү бегінің мұнай қорын
бұрнағы күні ВКЗ-да сәтті қорғап шыққанын айтқанда, оны
бауырына тартып, мей ірлене ұзақ құшып, жүзі жайнап: «Міне,
нағыз азамат! Ел қамын, туған жердің тағ
дырын ойлаған
жігіттер осылай іс тей ді! Сусыз, нусыз шөл дала, қиян шет деп
жүр ген Маңғыстаудың даң қы көкке өрлей тін күні жақын екен, ол
619
ШЫҒАРМАЛАРЫ
да Жезқазған сияқты дүрілдеп, атақ-дабысы жер жарған, ел үшін
зор игіліктер жасайтын ғаламат өлкеге айналады. Оның қызық-
шыжығын, жастар, мына сендер, менің немере-шөберелерім көреді.
Ең ғажабы, қазақ жерінің қойнында қандай қымбат қазыналар
игерусіз жатқанын әлем бі ліп, шексіз сүйсінетін болады. Тек сұқ
көзден аман болғай!..» – деп түбек қазынасын қайта-қайта ай-
тып, ерекше мәз болды.
Түс ауа елден жеткеніміз осы деп, алматылық дәрігер дос-
тары А.Н. Сызганов пен С.Б. Балмұханов та келген-ді. Олар -
ға да қатты қуанып, қос министр сыйлап кеткен жаңа қа-
ланың келбеті бейнеленген альбомды көрсетіп, мұнай іздеуші
шәкіртінің ерен жаңалығын мақтана айтып сү
й
ін
ші сұрап,
соған да бет-жүзі біржосын шырайланып рахаттана әңгі меледі.
Дә
рігер
лер де сырқатының қатерлі шектен аман өтіп, бері
қарағанын, министр досы ФРГ-ден алдырып берген дәрі нің шипа-
лы болғанын жарыса естір тіп, бірер аптада елге апарып, аяғынан
тік тұрғызатынын қуана мәлімдеді. Мен де, көкем де сол уәжге
имандай сендік. Әсіресе көкем алдағы тірлігіне құш тарланғаны
сонша, тәуір болысымен академик А.П. Виноградовты ертіп,
Балқаш пен Қоңыратқа, одан соң Жезқазған мен Маңғыстауға
апаратынын, Кенді Алтайды аралатып, ақырында Қазақстан
жерін де кездесетін сирек элементтер туралы, оларды өндіру
жайында Алматыда ғылыми сессия өткі зетінін, соған әзірлей-
тін баяндамалардың негізгі тақырыптарын, оларды кімдер жа-
сайтынына дейін, тіпті өзі атаған мамандардың есімін маған
дәптеріне жазғызды.
Сөйтіп, бұл күн де жабырқау жанын жадыратқан қызықты
сұхбатпен өтті. Адал да жанашыр достары төндіре айтқан
лақап уәжге қалтқысыз сеніп, шексіз қуанды. Кешке таман мен
мейманханаға кетуге айналғанда, көкем:
– Мейізжан, неге екенін білмеймін, жидекке аңсарым ауып жа-
тыр. Таңертең базарға соға келсең қайтеді?.. – деді.
– Жарайды, тіпті бірнешеуіне барамын, – дедім...»
Мейіз таңға жақын әлденеге елегізіп оянып кетті. Содан кейін
ұйықтай алсайшы. Әрлі-берлі аунақшып біраз жатты да, апыл-
ғұпыл киініп сыртқа шықты. Ту баста Мәс
кеу базарларының
біріне соғып, жидек қа рамақ болған. Алайда әлденеге сыздаған
жүрегі Кунцевоға қарай бұрып, сонда апаратын метро пойызына
іліккенін жер астында зымырап келе жатқанда бір-ақ аңғарды.
620
Медеу СӘРСЕКЕ
Ол ауруханаға келгенде күн енді-енді көтерілген мезгіл-ді, жан
әкесінің есінен танып жатқанына бірер сағат болыпты.
Тынымсыз тықылдаған өмір сағаты жүрі сін бәсеңдетсе игі еді,
жоқ, тық-тық соғып, құрып қалғыр сүйір тілі кешкі беске минут
сайын жақындап бара жатқан-ды...
«КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасынан, Мәскеу, Кремль,
1 ақпан, 1964 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |