616
Медеу СӘРСЕКЕ
рудан жаңылған жоқ, ал олар: «Қам жемеңіз, Алматыға барған
соң бұл қиянатты дереу түзетеміз!» десіп уәде береді, бірақ
ешкім ештеңе жасаған жоқ. Ақыры, мен, үй-ішінің өтінуі бо-
йынша, өмірімде тұңғыш рет Қаныш Имантайұлына өтірік ай-
тып, опат болуы нан екі-үш күн бұрын «Келісім шарттарға қол
қойылды» деп жалған жеделхат жолдадым...
Мұның да аяғы әділетсіздікке ұласты. Министрлер Кеңесінің
төрағасы Д. А. Қонаев Қаныш Имантайұлының табытының ба-
сында құрметті қарауылда тұрып шыққан бетінде институтқа
өндіріс орындарының кен қорын өсіру ісімен шұ ғылдануға ты-
йым салған қарарға қол қойды. Бұл шешімнің кереғар іс екендігін
дәлелдеудің азабын ақыр аяғында мен тарттым. Бір жыл әуре бо-
лып, әрең түзеттім...»
Ғалымды сол күндерде ерекше мазалаған тағы бір іс кен
құрамындағы сирек ұшыраса
тын элементтерді анықтайтын
микрозонд ас пабы еді. Ол да кезінде институт директоры үшін
бірталай бейнетке түсіп, қыруар валюта төлеп, Жапониядан са-
тып алынған өте қымбат, бірақ қажет жабдық-ты. Соны орна-
туға шақырылған жапон шебері Алматыдан кетпей тұрғанда,
жаңа құралдың барлық кіл типанын біліп, үйреніп
алуды Қа ныш
Имантайұлы барынша тапсырып баққан...
Сірә, көкейіндегі мансұқ іске шексіз берілгендігі болар, қа-
лайда геолог Сәтбаевтың қырық жылға тақау уақыт кен бар-
лау қызметінде қажымай-талмай шұғылданған және ең соңғы
ісі де – бәз-баяғы Жезқазғанның келешек тағдыры болыпты:
Жоғарғы Кеңестің сессиясы аяқталған күн нің ертеңінде, сағат
11-де КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасарымен
кездесуге келіскен-ді; мүдде еткен ісі – Жезқазған кен-байыту
комбинатының директоры В.В. Гурбаны қабылдауға ала ба-
рып, комбинаттың көп жылдан бері өте сылбыр жүріп жатқан
құрылысын жеделдету хақында мәселе қоймақ-ты;
Жазмыш оған жеткізбеді, бірақ со
л
шаруаны ауруханаға
көңілін сұрай келген ескі достары Е.П. Славский мен П.Я. Ан-
троповқа қиыла тапсырды...
* * *
...30 қаңтардың таңы шайдай ашық болып атты. Кешегі
кіреуке тұман, бұлыңғыр бұлт та жоқ. Ұйқыдан сергек оянды.
Шектеулі асты да тәбетпен ішті. Айнаға қа рап, бет-аузын әрлі-
617
ШЫҒАРМАЛАРЫ
берлі сипап жатты да, аурухананың шаштаразын шақыртты...
Түнде қасында болған Таисия мен Ханиса демалмақ болып,
мейманханаға кеткен-ді. Емдеуші дә
рігердің бақылауымен
мейірбике ертеңгілік емін жасап, палатаның оңашаланған кезі
еді. Бас жағында отырған Мейізге көкесі:
– Саған бір қызық айтайын, – деп, қызының қолын төсіне
қойып, мейірлене сипады. – Таң атарда ғажап түс көрдім.
Біржосын қызық түс. Тыңдауға зауқың бар ма?
– Егер жақсы түс болса, көке.
– Тауда жүрген сияқтымын. Алатау ма, Баянаула, әлде Ұлытау
ма? Әйтеуір, құз-жартастары ақар-шақар, шатқалы ұңғыл-шұ ң-
ғыл биік тау. Қолымда
геологтардың шар болат балғасы, сірә, кен
қарап жүрсем керек. Қай тұстан қаптап шыққанын біл меймін, бір
уақытта қарасам – алды-артым жалаңдаған аш бөрілер. Жұлып
жегендей өршелене ұмтылып, әр жерімнен бір тартып қалып жүр.
Соншама қаскөйлерге қайтіп қарсы тұрасың – алдымдағы құзар
биікке шы ғып кетпек болып, жанталаса тасқа өрмеледім. Бір
мәрте оңбай сүріндім, қол-аяғымды тас жырып қан-жоса қылды.
Әйтсе де жатып қалғам жоқ, жан-дәрмен ұмтылып, ақыры, бір
жақпар тастың басына шығып кеттім. Қызықты қара, әлгі бөрілер
маған жете алмай қалған соң, етекте шоқиып отырып, ал ұлысын,
кейбірінің үні шәуілдеген итке ұқсайды... Енті гімді басып, айна-
лама қараймын: кенет әлдеқайдан бір құс ұшып келіп, иығыма
қонды. Қолыма алып қарасам –
өзіміздің Қарашаңырақ, Бөкеш
ағатайыңның қыран қаршығасы болғанын айтқамын саған... Иә,
сол. Қаршығаны құ
мар
лық билеп, үйрекке салғандай нұсқай
жіберіп едім, ғажапты қара, қыран құс басымнан шыр айналып,
әрлі-берлі қа лық та ды да, көз жеткісіз қиянға көтеріліп кетті...
«Кәл, кәл!» деп қанша шақырсам да, құсым қайтпады. Бұл енді
қазақ ырымында аса жақсы емес, соған да өкініп, қаршығамды
іздеп жоғарыға өрлей түсемін. Қызықтың көкесін сонда көрдім.
Биік таудың үсті деп отырғаным кенет шексіз далаға айнала-
ды. Кәдімгі көдесі бұрқыраған, селеуі толқыған қазақ даласы...
Тынысым кеңіп, біртүрлі демалып қалдым. Геологиялық саяхатта
жүрген сияқтымын,
соған да мәз болып, бар даусыммен шырқата
ән салып жіберіппін. Әлдекім түртеді, оянсам, шешең екен. Ал не
дейсің бұған?
– Меніңше, жақсы түс! Бірақ сен түске сенбеуші едің?
– Ал бүгін сенуге пейілмін. Әсіресе заң
ғар таудың басына
шыққаныма ерекше мерейленіп, бойым сергіп, елге, ауылға ба-
618
Медеу СӘРСЕКЕ
рып қайтқандай көңілденіп қалдым. Сірә, жуықта үйге қайтамыз-
ау деймін. Қасқырлар да бойдан қалмай жүрген дерт шығар, ал
заңғар биік тің кенет шексіз далаға айналғаны – қаза кем нің ата
ежелгі қонысы емес пе ол?..
– Шынында да, солай екен-ау, көке! Енде
ше, жазыласың!
Дала – сенің ежелгі тынысың.
Күні бойы сергек жатты. Әсіресе ескі достары Е.П. Славский
мен П.Я. Антропов
келгенде одан бетер көңілденіп, қос министр
сыйлыққа әкелген Маңғыстау түбе
гінің әкім
шілік орталығы
Форт-Шевченко (қазірде Ақтау) қаласының жаңа жобасы бейне-
ленген альбомды қызыға көріпті. Соны парақтап отырып, түбекті
игерушілердің ауыз судан тарығып, қатты шөліркеген жағдайын
есіне алыпты: «Түбектің жер асты қазынасы әлі-ақ әлем халқын
таңғалдырады! Оған шүбә жоқ, достар... – дейді ғалым жігерлене
сөй леп. – Бұл өңірде тек тұщы су жоқ. Жаратушы хақ оған су
орнына мұнай мен газды аста-төк құйған. Құдай тағала «ұмыт
қалдырған» суды сендер беруге тиіссіңдер, тек қашан?..» «Жуық
арада, Қаныш Имантаевич, алаң болма, теңіз суын тұщылайтын
атомдық қондыр ғы салып жатырмыз. Соны енді сен үшін тездетіп,
іске қосамыз! Өзіңе содан су алғызып, ауыз тигіземіз. Тек тезірек
сау ық...» – деседі министр достары.
Қайран көңіл десеңші, соған
да нау қас балаша қуаныпты.
Геология докторы Мейіз Қанышқызы СӘТБАЕВАНЫҢ әңгі-
месінен:
Достарыңызбен бөлісу: