621
ШЫҒАРМАЛАРЫ
дүниеден қайтты» дегені. Біреу желкемнен түйіп қалғандай бол-
ды. Есімнен айрылып қа лып пын, –
деп егіле есіне алған-ды сол бір
қаралы күнді байырғы барлаушы Халық ТЕМІРБАЕВ ақсақал.
–
Бала-шағам дәрігерге жү гіреді. Есімді жиған соң ай-шайға қарағам
жоқ, белімді буып, аэропортқа жеттім. «Қан-ағаңдай асыл жан
дүниеден кетіп бара жатқанда мен кіммін, зейнеткер шалдың
саулығы, ғұ мы ры кімге дәрі деген кеуде ғой баяғы. Қан-ағаның
ақ жүзін көріп, топырақ салайын...» Өзара келіскендей-ақ, ескі
бұрғылаушылардың бірталайы аэропортта жүр, ал Алматыға
билет жоқ. Штифановты ұстап алып: «Біз бармасақ сен де
кетпей сің, само лет жалда!» деп қыспақ қа алдық. Сөй тіп, со-
нау жылдарда бурабай басында тірлік еткен, жаңа өнер ге үйре-
ніп, жұрт қатарына қосылған ескі жұмыскерден он шақты адам
Қан-ағаңды ақ тық сапарға шығарып салуға аттандық...»
Шартараптан келіп жатқан азалы жеделхаттар тасқынында
есеп жоқ. Бәрі-бәрі соның қазақ халқының ұлы перзентінің дүйім
жұртты сүйсінткен қадір-қасиетін
сан мәрте қайталап, ауыр қазаға
ортақтаса көңіл біл
діріп:
«Қаныш Имантайұлының ардақты
есімі Кеңес халқының жадында мәңгі сақталады. Оның есімі
Кеңестік Қазақстан тарихында, кеңестік ғылым шежіресінде
өш пейтін алтын әріптермен жазылған...» – деген сөздер де сол
көптің ортақ ойын біл дірген жаппай қамығу нышаны.
КСРО ҒА-
ның төралқасы:
«...академик Қ.И. Сәтбаевтың қазасы – бүкіл
еліміз бен кеңес ғылымы үшін өте ауыр қайғы...» – деп қамығу
жолдаса, ба уыр етіндей қырғыз жұрты:
«Бүгінгі қайғыны дәл бей-
нелер сөз жоқ. Өзінің жарқын да шабытты еңбек жолын, күллі
ғұмырын сүйікті еліне, партияға, туған халқына қалтқысыз
арнаумен өткізген асыл арысынан айырылған қазақ туыстары-
мыз қайғысына ортақ екені мізді біл діргіміз келеді»,– депті. Сонау
шалғай қиырдағы көгілдір Дунай жағасынан бұлғардың геолог-
ғалымы, ҒА-ның президенті И. Иовчев
: «Қаныш Сәтбаев
Достарыңызбен бөлісу: