Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет103/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   205
Акмеология

200
201
білімгерлердің əрекетіне күрделі жүйелердің реакциясын модельдей 
алады;
көрнекілік, эмоционалдылық, парадокс, таң қалу эффектісін 
қолдану; аталған мəселеде компьютердің орны ерекше; құбы-
лыстарды, үш шамалы графикті, бейнені, мультипликацияны жəне 
дыбыстарды модельдеу мүмкіндіктері, білімгерлерге жадыға терең 
енетін жəне əрі қарай өзіндік дамуды ынталандыратын меңгерілетін 
материалдан алатын əсерді барынша көбейтуге мүмкіндік береді;
– білімгерлерге жақын жəне түсінікті салыстыруларды, ана-
логтар мен ассоциацияларды қолдану; ол үшін ақпараттық 
технологияларды қолданудағы білім беруді дараландырудың, 
білімгерлердің динамикалық моделін құру мүмкіндігінің үлкен мəні 
болады; 
– өнер жəне əдебиет шығармаларын қолдану; электронды 
оқулықтағы меңгерілетін материалға картиналар мен суреттерді, 
үзілісте берілетін музыкалық безендіруді динамикалық тұрғыда 
ендіру, олар білімгерлердің шаршауының алдын алуға, материалды 
«тірілтуге», оны өмірлік қызықты етуге мүмкіндік береді;
– оқытудың белсенді, əрекеттік əдістері мен формаларын қол-
дану: бірлескен желілік жобалар, компьютерлік іскерлік ойындар, 
шешім қабылдауды сараптамалық жүйелермен қолдау, дамыған 
ізденістік жүйелер арқылы компьютерлік ақпаратты проблемалық
оқыту əдісі;
оқу материалын құрылымдау, оны логикалық тұтас, шағын 
көлемді блоктарға бөлу; басты идеяларды жəне пікірлерді ажырату; 
компьютерде материалды гипермəтінді ұсыну, аталған тапсырманы 
шешуге ықпал етеді;
– оқу тапсырмаларын жаңашылдық элементтерімен қолдану; 
электронды оқулықтағы материалды жеткілікті жиі жаңартуға 
болады; ЭЕМ-ның кездейсоқ сандарының көрсеткіші, болжанбайтын 
элементті шынайы етуге мүмкіндік береді;
– білімгерлерге материалды құру жүйесін, пəннің бірізділігін 
жəне оны меңгеру тəсілін түсіндіру; білімгерлерге материалды 
бағдарлаудың жеңілдігін жəне өзінің дамуын динамикалық бақылау-
ды қамтамасыз ететін, компьютерлік оқытуды бағдарламадағы 
арнайы навигациялық панельдер мен əртүрлі деңгейлі көмекті 
қолдану; 
сабақта жарысу, ынтымақтастық жағдаяттарын қолдануды 
шектеу; мұнда білімгерлердің рефлексиясының өзіндік нəтижелері 
мен жетістіктерін талдауға жəне салыстыруға болады;
– уақыттық шектеулерді алу. 
Білімгерлердің тереңдетілген ішкі мəнін анықтау, «өсіру» жəне 
жүзеге асыруға бағдарланған білім беруді баяндауға, «беруге», 
қалыптастыруға, ұсынуға болмайды. Оны тек білімгерлердің 
өзіндік дамуына барынша ықпал ететін, ақпараттық технологиялар 
мен телекоммуникацияларды кең қолдануға негізделетін ортаны 
ұйымдастыруды қамтамасыз етуге болады. 
Сондықтан білім беру ортасы біртұтас дамушы жəне өзін-өзі 
ұйымдастырушы бастау ретінде, білімгерлердің тұлғасын өзіндік 
дамытудың көп факторлы детерминациясының құралы немесе 
нəтижелі білім берудің басты факторы ретінде болады. 
Осылайша, акмеологиялық ретте дамитын жоғары мектептің 
мақсаты ретінде, адамды оның руханилығы мен жетілдіруінің 
шарты ретінде біртұтас дамыту алынады; жоғары оқу орнының 
түлегінің əлеуметтік кемелденуі, оның тұлғалық жəне кəсіби өзін-өзі 
анықтауына даярлық алынады. Қазіргі білім беру ортасында оқыту 
акмеологиялық кеңістікті қалыптастырумен толықтырылуы керек, 
онда тұлға дами жəне жетіле алады, ал білімгерлер өзіндік шыңдарға 
жете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет