Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет102/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   205
Акмеология

198
199
пікірлерді туындату, стандартты емес қайта құрушы ойлау, жаңаны 
қабылдау, шығармашылық қабілетін анықтайтын, интегралды 
тұрақты сапасы ретінде түсіндіріледі. Креативті білім беру 
ортасының негізгі мақсаты – адамда «шығармашыл» тұлғаны ояту 
жəне онда негізі қаланған шығармашылық əлеуетті барынша дамыту. 
Креативті білім беру ортасы əрбір білімгерге, əрбір білім 
беру деңгейінде бастапқы шығармашылық əлеуетті дамытуға 
мүмкіндік беріп қоймай, сонымен бірге оның əрі қарай өзін-өзі тану, 
шығармашылық өзін-өзі дамыту қажеттілігін оятуы, объективті 
өзіндік бағалауын қалыптастыруы керек. 
Креативті білім беру ортасына қойылатын негізгі талаптар 
ретінде, белгісіздік пен проблемалықтың жоғары дəрежесі, 
үздіксіздік пен сабақтастық, білімгерді қабылдау жəне оны белсенді 
білім беру əрекетіне ендіру алынады. 
Креативті білім беру ортасының коммуникативті компо-
ненті ретінде, ақпараттық жəне телекоммуникациялық техно-
логияларды қолдану ұсынылады. Білім беруде ақпараттық жəне 
телекоммуникациялық технологиялары қолданудың өзектілігі, 
келесі себептермен анықталады: 
– білім беруді дараландыру бойынша ақпараттық жəне теле-
коммуникациялық технологиялардың кең мүмкіндіктері; 
– ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологияларды 
қолдануда, білімгерлердің мотивациясын арттырумен жəне білім 
берудің эмоционалды фонын күшейтумен; 
– білімгерлерге дербес белсенді іс-əрекеттің кең өрісін ұсынумен; 
– байланыстың кең аймағын қамтамасыз етумен; кез кел-
ген адаммен оның кеңістіктік орналасуы мен əртүрлі уақыт 
айырмашылығына тəуелсіз Интернет арқылы қарым-қатынас жасау 
мүмкіндігі; 
– əртүрлі сезім мүшелеріне кешенді əсер етудің мүмкіндігі; 
– жедел өтетін жəне өте баяу үдерістерді көрсетуде (уақытты 
алмастыру мүмкіндігі), көлемді немесе керісінше микроскопиялық 
объектілерді көрсетуде (кеңістікті алмастыру мүмкіндігі), дина-
микадағы құбылыстарды модельдеуде оқу материалын ұсынудың 
көрнекі жоғары көрсетуі; жоғары көрнекілік зерттелетін құбылыс-
тар мен үдерістердің мəніне терең ену мүмкіндігін қамтамасыз етеді; 
– ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялардың 
артушы интерактивті мүмкіндіктері; 
– білімгерлерге кез келген уақытта қолайлы ақпараттық жəне 
телекоммуникациялық технологиялардың қолжетімділігі;
– қарапайым, əдеттегі операцияларды бірнеше рет жеделдету 
жəне қысқарту (мысалы, көлемді есептулерді өндіру, кестелерді
құру, құбылыстарды модельдеу, оқыту жəне зерттеу нəтижелерін 
құжаттау жəне т.б.);
– оқытудың ойын түрлерін ұйымдастырудың жеңілдігі жəне 
бірқалыптылығы. 
Америкалық ғалымдардың зерттеулері, оқу үдерісінде ақпарат-
тық жəне телекоммуникациялық технологияларды қолданудан, 
үлгерім мен мотивацияның аса жоғары көрсеткіштері бар 
білімгерлердің алатынын көрсетті. 
Ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялар, білім 
берудің мотивациясын арттырудың жеткілікті күшті факторы 
болып табылады. Алайда, ақпараттық жəне телекоммуникациялық 
технологиялар негізінде, креативті білім беру ортасын құруда ескеру 
қажет мотивацияның келесі жолдары мен тəсілдерін айқындауға 
болады:
– нақты оқу мақсаттарына жетуге жəне нақты əрекеттерді 
меңгеруге бағдарлану; егер оқытудың мақсаттары мен əрекеттің 
жоспарын білімгерлердің өздері құрастыратын болса, онда мотива-
ция біршама жоғары болады; мақсатты болжау үдерісін жеңілдететін 
сараптамалық жүйелер ретінде алынатын арнайы компьютерлік 
бағдарламалар құрастырылады; 
– мазмұнның өзектілігін жəне жаңалығын арттыру; электрон-
ды оқулықтар баспаханалық шығындағы үлкен қаржы жұмсамай, 
материалды үнемі толықтыруға, жаңартуға мүмкіндік береді;
– кəсіби білімнің мəнін ашу; ақпараттық жəне телеком-
муникациялық технологиялар құралдары арқылы білімнің пайда 
болуын, оның эволюциясын, даму үрдістерін модельдеуді көрсетудің 
үлкен мəні болады; 
– білімгерлердің оқу үдерісінде бір рөлді қабылдауын қамтама-
сыз ету: зерттеуші рөлін – сараптамалық жүйемен жұмыс барысында; 
конструктор рөлін – конструкторлық бағдарламамен жұмыс 
барысында; виртуалды субъект рөлін – ойын бағдарламаларында 
жəне т.б.; 
– ұсынылған шектеулер аясында меңгерілетін объектілерді 
басқаруда білімгерлерге əрекет еркіндігін ұсыну; компьютер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет