Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет202/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   205
Акмеология

Педагогикалық шығармашылық – оқыту мен тəрбиенің теори-
ясы жəне тəжірибесін байыту, оқытушының оқу-тəрбие міндеттерін 
түпнұсқалы, жоғары тиімділікпен шешуі. 
Рефлексия бұл субъектінің өз санасының, өзіндік іс-əрекеті-
нің, қарым-қатынасының мазмұнының мəнін қайта түсіну жəне 
қайта құру үдерісі, яғни қоршаған əлемге біртұтас қатынас ретінде 
өзінің мінез-құлқын түсіну жəне қайта құру үдерісі. 
Реципиент – (латын тілінен. Recipientis – алушы) өзіне ба-
ғытталған хабарламаны қабылдайтын субъект. 
Рефлексия – (латын тілінен. refl exio – кері байланыс) 1) толғану, 
өзіндік бақылау; 2) адамның өзіндік əрекеттері мен оның заңдарының 
мəнін түсінуге бағытталған теориялық іс-əрекет формасы; 3) адам 
санасының өзіне жұмылдыру қабілеті.
Сана – адам болмысының психикалық көрінісінің жоғары 
деңгейі, оның жалпылаушы бейнелер мен ұғымдар түріндегі көрінісі. 
Субъект – (латын тілінен. subjectum – тиісті) таным жəне болмыс-
ты қайта құрудың көзі ретіндегі индивид немесе топ; белсенділікті 
таратушы. 
Түйінді ұғымдар – ой қорытындысының негізгі тақырыбын 
анықтайтын ұғымдар. 
Түйінді құзырлылықтар – белгілі кəсіби даярлықтың 
шеңберінен шығатын, индивидтің метафункционалды (экстрафунк-
ционалды) білімдері, біліктері, сапалары мен қасиеттері. 
Тұлғаның белсенділігі – (латын тілінен. activus - əрекетті) 
тұлғаның əлемге əрекеттік қатынасы, адамзаттың тарихи тəжірибесін 
меңгеру негізінде, материалды жəне рухани ортаны қоғамдық 
маңызды қайта құруды жүргізу қабілеті; шығармашылық іс-əрекетте, 
ерікті актілерде, қарым-қатынаста байқалады. Орта мен тəрбиенің 
əсерімен қалыптасады. 
Тұлғалық даму – тұлғаның субъективтілігін қалыптастыруды 
қамтамасыз ететін, тұлға санасының құндылықты-мағыналық сфе-
расын дамыту.
Тұлғалық əлеует – акмеологиялық түсіндіруде, тұлғаның 
əлеуетін (қабілеттер, табиғи негізделген кəсіби маңызды сапалар, 
позитивті тұқым қуалаушы факторлар жəне т.б.), сонымен бірге 
үнемі жаңартылатын жəне көбейтілетін ресурстар жүйесін – ин-
теллектуалды, психологиялық, ерікті жəне т.б. ресурстар жүйесін 
қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет