76
77
• кəсіби іс-əрекеттің дара стилі, кəсіптің аясындағы қарым-
қатынас;
• іс-əрекеттің бірнеше түрлерін меңгеру, бір əрекеттен екіншісіне
еркін, жеңіл өту;
• еңбек субъектілерінің өзіндік толықтыруы (жеткіліксіз дамыған
немесе ауытқыған қабілеттер мен сапалар);
• өзгермелі жəне ерекше, шұғыл жағдайларда кəсіби іс-əрекеттің
тəсілдері;
• кəсіби іс-əрекеттің жаңа тəсілдері, кəсіби еңбектегі шығар-
машылық жəне инновациялар.
А.К. Маркованың көзқарасы бойынша, кəсібиліктің мотивация-
лық жəне операционалдық-технологиялық саласының көрсеткіште-
рін толық сипаттау, жас ерекшелік психологиясында құрылған
маңызды деректі негіздеу үшін қажет, онда психикалық дамудың
қозғаушы күші ретінде жетекші іс-əрекеттің мотивациялық-
қажеттілік жəне операционалдық-техникалық аясы арасындағы
жинақталған қарама-қайшылық алынады.
Кейінірек, Б.С. Братусь бұл қарама-қайшылықты балалық
кезеңде ғана емес, сонымен бірге кемел жасында психологиялық
талдаудың пəні ретінде қарастыруды ұсынды, автор кемелденген
жаста жас ерекшелік дамуы мағына құраушы мотивтерді қайта
бағалауды жəне өзінің шынайы тəжірибелік мүмкіндіктерін
(іс-əрекеттің инструменталды қыры) мотивтермен жəне өзекті
мақсаттармен келісуге ұмтылыс арқылы негіздеді.
Білім берудегі құзыреттілік тұғырдың қалыптасуының жалпы
жоспарында құзырлылықты/құзыреттілікті қарастырудың ұсыныл-
ған стратегиялары (СВЕ), оларды өлшеудің жəне бағалаудың
күрделілігін білдіреді. Құзыреттілік біріккен сипаттама (яғни, бұл
даярлықтың сапасының біріктірілген сипаттамаларының шеңберімен
білім мен білікті байланыстыратын, оқытудың нəтижесінде
меңгерілетін жаңа сапа) болып табылады, оны күрделі жүйелердің
сипаттамалық белгілерімен білім беру үдерісінің бірқатар объективті
шынайылығы ретінде қарастыруға болады, оларды зерттеу күрделі
жүйелердің көрінісі мен дамуымен байланысты міндеттерді шешуді
қамтиды.
Көптеген қазіргі заманғы зерттеушілер атап көрсеткендей,
дамудың аталған сатысында педагогикалық іс-əрекеттің жетекші ой-
пікірі ретінде, тəрбиеленушіні оқу-тəрбие үдерісінің объектісінен
оның субъектісіне қайта құрудың қажеттілігі алынады. Бұл
үдеріс тəрбиеленушіге таңдаудың үлкен еркіндігін беруді, білім
алу кеңістігін, іс-əрекеттің құралдарын, түрлерін, əдістерін,
ұстанымдарын, тəсілдерін таңдауды қамтиды. Мақсатты болжауда
жəне рефлексияда өзбетінділікті дамыту, жағдаяттың өзгеруіне əсер
ету қабілетін дамытуда қамтылады. Сонымен бірге, тəрбие үдерісінің
мазмұны əрекеттің міндетті бағдарламасын көрсетіп қоймайды.
Мұнда студенттерді тəрбиелеу мəселесі бойынша инновациялық
жəне тəжірибелік жұмыстың сапасын белсендіру мен арттыруда
көрінетін студенттерді тəрбиелеудің жаңа тəжірибесін дамыту
маңызды болып саналады.
Тəрбиені «нақты мамандықты жəне біліктілік деңгейін меңге-
руді, кəсіптер əлемінде бағдарлану мен бейімделуді қамтамасыз
ететін, тұлғаны еңбек тұрғысында əлеуметтендірудің əлеуметтік,
педагогикалық ұйымдастырылған үдерісі» ретінде көрінетін
кəсіби білім берудің аясында қарастыру қажет. Алдыңғы қатарға
студенттердің кəсіби құзырлылығын дамыту, олардың рухани жəне
адамгершілік дамуы, саналы ұғынылған азаматтық ұстанымын
қалыптастыру, əртүрлі деңгейдегі мəселелерді шешудің тұлғалық,
кəсіби тəжірибесін байыту үшін жағдай құру шығады.
Қазіргі кезде оқытуға маман-практиктерді баулудың қажеттілігі
туралы жеткілікті айтылып жүр. Əрине, осы мəселеге байланысты
бірқатар қарама-қайшылықтар мен қиындықтар болады. Алайда,
үдеріс жүргізіліп келеді. Көптеген жоғары оқу орындары белгілі бір
пəннің аясында белгілі, практикалық тақырыптар бойынша дəріс
оқуға өндіріс пен бизнестің тəжірибелі өкілдерін баулиды. Əрине,
практик-маманның біртұтас пəннен толық дəріс оқуы мүмкін
емес. Ол қандай кəсіпқой болса да, жоғары мектептің білім беру
үдерісін құрудың өзіндік принциптері болады. Жоғары білім берудің
үшдеңгейлі жүйеге өтуі, студенттердің практикалық жəне ғылыми-
теориялық дайындығын саралауға мүмкіндік береді. Практикалық
дайындық болашақ түлектердің бірқатар құзырлылықтарын, атап
айтсақ кəсіби құзырлылықтарын қалыптастырудан құралады.
Питер Ф. Друкер өзінің «Задачи менеджмента XXI века»
кітабында қазіргі заманғы өндірістік жағдайда ұжымдағы өзара
қатынастардың 50 жыл бұрынғы қатынастардан түбегейлі
айрықшаланатыны туралы айтады. Оның пікірінше, қазіргі заманғы
«бағынушы» өзінің жұмысы туралы «басшымен» салыстырғанда
|