Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Key words: innovation, innovative activity, interactive learning, interactive methods



Pdf көрінісі
бет18/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Key words: innovation, innovative activity, interactive learning, interactive methods. 
 
Әлемдік кеңістіктегі әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістердің білім беру 
саласына да белсенді тҥрде ықпал ететіндігі белгілі. Осы ӛзгерістер негізінде 
бҥгінде кӛптеген мемлекеттерде, соның ішінде біздің елімізде білім берудің 
жаңа жҥйесі жасалып, білім беру мазмҧны жетілдірілуде. ҚР білім беру 
жҥйесіне жаңартылған білім мазмҧнының енгізілуі осының бір дәлелі. Ӛйткені 
жаңа ғасыр, жаңа уақыт, жаңа кӛзқарас, жаңаша таным міндетті тҥрде 
жаңашылдықты қажет етеді. 
Олай болса, бҥгінгі ғылыми-педагогикалық кеңістікте «инновация», 
«инновациялық іс-әрекет», «интерактивті оқыту», «оқытудың белсенді 
әдістері», «оқытудың жаңа технологиялары» және т.б. кӛптеген ҧғым-
тҥсініктердің кең кӛлемде қолданылуы да уақытқа сәйкес болса керек.
«Инновация» ҧғымы кӛптеген дерек кӛздерінде – «білім беру жҥйесінде 
оның жеке бӛліктерін, компоненттерін және тҧтастай білім беру жҥйесінің 
сипаттамаларын жақсартуға бағытталған тҧрақты элементтерді енгізетін, 


32 
мақсатты кӛздейтін ӛзгеріс, оқу-тәрбие ісін алдыға қарай жылжыту» сияқты 
тҥсіндірілсе, «инновациялық іс-әрекет – оқытушының жаңашыл идеяларды, 
жаңашыл әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие процесіне, кәсіби тәжірибесіне, білім беру 
мекемесі жағдайына, білім алушылардың білім дәрежесіне сәйкес енгізу» деп 
тҥсіндіріледі [1, с.102]. 
Сондай-ақ, бҥгінде инновациялық іс-әрекет міндеттері, жҥзеге асыру 
реті (жаңа білім беру бағдарламаларымен, әдіс-тәсілдермен танысу, талдау; 
оларды ӛз тәжірибесінде қолдану мҥмкіндіктерін ойластыру, қолдану, 
тиімділігін анықтау бойынша зерттеу жҧмыстарының кезеңдерін жоспарлау; 
қиыншылықтарды болжау; жаңашыл әдіс-тәсілдерді педагогикалық процеске 
енгізу; инновациялық іс-әрекеттің нәтижесін қорытындылап, бағалау); 
ӛлшемдері (инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезінуі; оқу процесіне 
жаңалық енгізуде шығармашылықпен қызмет етуге даярлығының болуы
енгізілетін жаңалықтардың бағытының дҧрыстығына тиімді нәтиже әкелетініне 
сенімді болуы; белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-
әрекетті толық ӛзіне қабылдап, оны енгізе білуі) нақтыланған. Әрине, осы 
аталған ғылыми жетістіктер кӛптеген ғалым-зерттеушілердің қҧнды 
еңбектерінің нәтижесі. Осы орайда интерактивті оқытуды кеңінен қарастырған 
ғалымдар: А.А.Вербицкий, И.А.Зимняя, Г.А.Китайгородская, М.В.Кларин, 
В.В.Сериков, 
Г.Л.Щедровицкий, 
Ж.К.Кайкенова, 
Г.С.Асанбекова, 
А.К.Мухтарова, Е.В.Пономаренко, М.Б.Мукашева және т.б. [2;3;4;5;6]. 
Дерек кӛздерінде білім беру саласындағы бҥгінгі инновациялық 
технологиялар - тың, белгісіз, жаңаша оқыту амалдарын іздеу, білім мен тәрбие 
беруде ғылыми нәтижелерге қол жеткізу, жаңа ізденістерді дҧрыс пайдалану, 
сол арқылы жоғары кӛрсеткіштерге жеткізу, интерактивті оқыту – нақты және 
болжамдық мақсатты кӛздейтін, танымдық іс-әрекетті ҧйымдастырудың арнайы 
формасы; «интерактивті оқыту әдістері - білім алушылар тарапынан 
шығармашалықты, ізденімпаздықты, осыған сәйкес кҥш жҧмсауды талап ететін 
әдістер жҥйесі» сынды тҧжырымдар кӛптеп кездеседі. 
Заманауи білім беру процесі – кӛптеген элементтерден тҧратын, кҥрделі 
де кӛп қырлы қҧбылыс. Оқытушы жҧмысының соңғы нәтижесі осы процестің 
әрбір элементінің жасақталуына байланысты. Оқыту процесінің бір маңызды 
элементі, жай ғана элемент емес білім алушыға қажетті білім мен іскерлікті 
қалыптастырушы, ол – оқыту әдістері, амалдары, тәсілдері.
Оқыту әдістері оқу процесінің маңызды компоненті. Әдіс-тәсілдерсіз 
оқыту мақсатына жету мен процестің сапалық және сандық деңгейін арттыру 
мҥмкін емес. Ғылыми айналымда оқыту әдістеріне – мақсатқа жету жолы, 
ақиқатты теориялық немесе практикалық тҧрғыдағы танымдық операциялар 
мен тәсілдердің жиынтығы, оқытылатын пәндерге байланысты нақты 
міндеттерді шешу сияқты тҧжырымдар берілген. 
Оқыту әдістері білім алушылардың танымдық және практикалық іс-
әрекетін ҧйымдастыратын, нәтижесінде білім мазмҧнын меңгертуді қамтамасыз 
ететін оқытушының мақсатты іс-әрекетінің жҥйесі. Осы педагогикалық амал-
тәсілдерге сәйкес білім беруші мен білім алушының қарым-қатынасы орнайды, 
кӛптеген оқу-тәрбие беру міндеттері шешіледі. Осы орайда, білім алушыларға 


33 
білім мазмҧнын меңгертуде, әлеуметтік-мәдени, кәсіби іскерліктер мен 
дағдыларды қалыптастыруда олардың білім беру процесіне белсенді қатысуын 
қамтамасыз ететін жаңа және тиімді әдістерді қолдану қажеттілігі де артуда.
Ғалым-зерттеуші Л.Н.Куликова, оқытудың интерактивті әдістерін 
сипаттай отырып, оның маңызды ерекшелігі – бҧл ӛзара әрекеттесу 
негізінде пайда болатын субьектілер белсенділіктерінің жоғары деңгейі 
мен олардың эмоционалды, рухани ҥйлесімділікте болуында деген пікірді 
білдіреді [7, с.85]. Мҧнда автор басты назарды педагог пен білім алушылардың 
біріккен іс-әрекет барысындағы белсенділігі мен олардың аталған әрекет 
барысындағы эмоционалды және рухани ҥйлесімділіктеріне аударған. 
Г.С. Харканова «оқытудың интерактивті формалары және әдістері
білім алушылардың оқу іс-әрекеті барысында жетістіктерін сезіне алуды 
қамтамасыз ететін педагогикалық тҧрғыдан нәтижелі танымдық қарым-
қатынас», «оқытудың интерактивті әдістері және формаларының негізгі 
белгісі педагог пен білім алушының ӛзара әрекеттесуі, білім алушылардың 
жаңа білімді меңгеруі бойынша белсенді іс-әрекетінің басымдығы» деп 
білім алушы мен білім берушінің танымдық қарым-қатынасына және білім 
алушының білім мазмҧнын меңгерудегі рӛлінің басымдылығына баса назар 
аударады [1, с.53]. Бҧл жерде әрине, біздіңше де зерттеушілердің атап ӛткен 
интерактивті оқытудың ерекшеліктерін педагогикалық тәжірибе дәледеуде. 
Интерактивті оқытудың негізгі қҧрамдас бӛлігі білім алушылар 
орындайтын интерактивті тапсырмалар. Интерактивті тапсырмалардың 
дәстҥрлілерден айырмашылығы білім алушылардың тапсырмаларды 
орындай отырып, зерттелген материалды бекітіп кана қоймай, жаңаны 
іздеуінде, зерттеуде.
Интерактивтік оқыту – танымдық әрекетті арнайы ҧйымдастыру 
формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын 
оқытудың тҥрі. Осындай мақсаттардың бірі білім алушы ӛзінің жетістіктерін, 
интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының ӛнімділігін 
арттыратын оқытудың жинақы және тиімді жағдайларын жасау. 
Біз осы орайда ЖОО магистратура деңгейінде оқытылатын «Педагогика» 
(Жоғары мектеп педагогикасы) пәні мазмҧнын меңгертуде қолданылатын 
интерактивті тапсырмаларға, әдіс-тәсілдерге тоқталмақпыз. Аталған пән 
мазмҧнын меңгертудегі білім мен біліктілік жҥйесінің бірі: студенттердің ойлау 
іс-әрекетін белсендіретін инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеру болса, енді бірі 
жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие процесінде қолдану 
жолдарын меңгеру. Олай болса, біз сабақ барысында қолданылып жҥрген 
бірнеше интерактивті амалдарға тоқталайық. 
Мысалы, пәнді меңгерту жоспарындағы бірінші тақырып «Жоғары 
мектеп педагогикасының пәні, міндеттері мен әдістері». 
Қарастырылатын мәселелер: Жоғары мектеп педагогикасы – кәсіби 
мамандарды тәрбиелеу туралы ғылым. Жоғары мектеп педагогикасының 
қызметтері. Жоғары мектеп педагогикасының қазіргі заманғы мәселелері. 
Тақырып бойынша магистранттарға ҧсынылған тапсырмалар.


34 
Тапсырма – 1. «Жоғары мектеп педагогикасы – кәсіби мамандарды 
тәрбиелеу туралы ғылым» екендігін дәлелдеңіз. 
Жоғары мектеп педагогикасы – кәсіби мамандарды тәрбиелеу туралы ғылым 
Аргумент 
Факті 
Қорытынды 
Тапсырма – 2Венн диаграммасы арқылы «ғылым» мен «білім»
ҧғымдарының ортақ белгілерін ажыратыңыз. 
Тапсырма – 3. Жоғарғы мектеп педагогикасының ӛзекті мәселелері
бойынша кластер сызыңыз. 
«Жоғары білім берудегі қазіргі парадигмалар» тақырыбын меңгертуде берілетін 
тапсырманың бірі «Ҧсынылған кесте бойынша ӛз ойыңызды ортаға салыңыз» (Кесте -1). 
Кесте -1. Білім беру технологиясының дидактикалық жҥйесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет