28
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылдың 5 қазандағы
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының ӛсуі: табыс пен тҧрмыс сапасын арттыру» деп
аталатын
Қазақстан халқына Жолдауында білім беруде 4К моделіне: ақыл-ой мен
шығармашылық
қабілеттерді,
жаңа
дағдыларды
меңгеруге
бағыттап,
креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтіліктілікті дамытуға және командада
жҧмыс істей білуге басты назар аударуды дамыту қажеттілігіне тоқталды [1].
Мемлекеттің дамуын барлық кезеңде жастар айқындайды десек, жастардың
табысты әлеуметтенуі мен азаматтық белсенділігі сапалы білімге тәуелді.
Қоғам ілгерілеген сайын мҧғалім кәсібінің
мәртебесі мен беделінің
жаһандық индексінің жоғарылауы табиғи процесс. Осы орайда білім беру
жҥйесінің кӛшбасшы елдері мҧғалімнің кәсіби даму тәсілдерін жаңартып,
жетілдіріп отырады. Мәселен, ЭЫДҦ және оның әріптестерінің 36-сының
27-сінде педагогикалық мамандыққа іріктеудің селективті ӛлшемшарттары
қолданылады. Педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына қабылдау
талапкерлердің қабілеттерін және ынталарын бағалау ҥшін міндетті тҥрде
әңгімелесуді, тест ӛткізуді қарастырады [2].
Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген нәтижелерді және әлі де бар
проблемаларды ескере отырып, Қазақстанның
жоғары мектебінің сапалы
кӛрсеткіштерінің ӛсуі барынша маңызды болып табылады. Адами капиталдың
сапасын арттыру, халықтың ӛмір сҥру сапасының әлеуметтік және қҧқықтық
кепілдіктерін қамтамасыз ету болашақ мамандардың кәсіби қҧзыреттілігі
саласын жаңа тәсілдер аясында кеңейту мақсатын алға тартып отыр.
Қазақстандық білім беру мен ғылым жҥйесін жаңғыртудың қазіргі замағы
кезеңі әрбір адамның сапалы тәрбие мен білімге қолжетімділігін, колледж бен
университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық
қҧзыреттерін дамыту мҥмкіндіктерін кӛздейді, негізгі аспект мҧғалімнің
зерттеу қызметі болуда.
Еліміздегі педагог кадрларды кәсіби дамытудың жаңа тетіктері енгізілді,
педагогтер кәсібінің беделін және олардың сапалық қҧрамын арттыру жан-жақты
қарастырылуда. Әлемдік ҥрдістер аясында жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру мазмҧнын
жаңғырту, педагогикалық мамандықтар бойынша
жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімнің ҥш деңгейлі моделінің білім беру
бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету тәжірибесі жинақталып келеді.
ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының мазмҧнын анықтаудағы академиялық
еркіндігі бакалавриатта 55 %-ға, магистратурада 70 %-ға, докторантурада 90 %-ға
дейін ҧлғайтылды. ЖОО-ның білім беру қызметі нарығында олардың бәсекеге
қабілеттілігін кҥшейтуге ықпал ететін білім беру бағдарламаларының кең спектрін
ҧсынып отыр [2]. Яғни, мемлекет тарапынан еліміздің әл-ауқатын,
табысы мен
тҧрмыс сапасын арттыру ҥшін педагогтардың кәсіби қҧзыреттілігін кӛтеру
мақсатындағы бірқатар жҧмыстар атқарылып жатыр.
Ӛз елінің тағдыры мен қабылдаған шешімдеріне жауапкершілікті
сезінетін жас ҧрпақты қалыптастыру, мамандар даярлау Қазақстан
Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген. Онда: «Жоғары оқу
орындарында білім алатын жастарды «Мәңгілік Ел» жалпыҧлттық патриоттық
29
идеясының рухани-адамгершілік қҧндылықтарын және салауатты ӛмір салты
мәдениетін нығайтуға қатыстыру»- деп кӛрсетілген [2]. Демек, заманауи
мектепке сәйкес келетін бәсекеге қабілетті маман
даярлау міндетін сәтті
шешудің бірден бір жолы болашақ маманның Мәңгілік Ел идеясын бойына
сіңіріп, оларды келер ҧрпаққа зор жауапкершілікпен жеткізудің тың жолдарын
таба білу қабілеттерін шыңдау болып табылады.
Философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім Мәңгілік
Ел идеясын жҥзеге асыруда, жастарды жаңа қазақстандық патриотизм рухында
тәрбиелеуде назар аударатын басты жеті мәселе бар екендігіне тоқталды. Олар
болашақ педагог мамандардың бойында табылуға қажет.
Біріншіден, Мәңгілік
ел идеясы – патриотизмнің, отансҥйгіштіктің қайнар бҧлағы болуы ҥшін қазақ
елінің азаматтары тегіс, әсіресе, қазақтар бай, ауқатты болулары керек, деп
есептейді. Ол «бай, ауқатты болу» ҧғымының астарында дҥниеқоңыздық емес,
«елге, жерге, табиғи қазынаға ие болу» сияқты патриоттық мәселе жатқанын
меңзейді.
Екіншіден, Қазақ елінің азаматтары, қазақтардың елді Мәңгілік елге
айналдыру ҥшін іскер, креативты болуы шарт екенін айтты. Іскерлік – адамның
қасиеті және қабілеті ... прагматизм философиясы қажет.
Ҥшіншіден, ... Елбасы
стратегияда дәстҥрді ҧлттық код деп атаған. Дәстҥр – ауқымды ҧғым, қоғам,
тіл, тарих, мәдениет, дін және діл – оның қҧрамдас бӛліктері. Қазірде Мәңгілік
ел және патриотизмді тәрбиелеуде дәстҥрмен діннің арақатынасы ӛзіне ерекше
назар аудартып отыр.
Тҿртіншіден, Мәңгілік ел болашағы тікелей ел ӛсіміне,
демографияға қатысты, бҧл да – арнайы әңгімені қажет етпек. «Қазіргі
әрбір
жас отбасы ата-дәстҥріне лайық, кемінде бес ҧл мен қыз ӛсіріп, Қазақ елінің
патриот азаматтарын тәрбиелеп жеткізеді деген қоғамда ӛміршең ҥміт бар».
Достарыңызбен бөлісу: