395
Соңғы уақытта оқу кеңістігін ҧйымдастырудың бҧл
моделі тиімді оқыту
мақсатында балаларды топқа біріктірудің, әсіресе аралас топтардағы қиындықтарды
болдырмаған жағдайда таптырмас әдісі ретінде қарастырылды. Мҧндай қҧрылымы
жағынан әркелкі топта қызығушылықтары мен қабілеттері әр тҥрлі балалар сабақ
барысында бір-бірімен белсенді әрекеттесіп, бір-біріне қарап ҥйрене алады.
Осындай
орналастыру
кезінде
балалар
бір-бірімен
белсенді
әрекеттескендіктен қҧрдастардың бірін-бірі оқытуы, топтағы ортақ жҧмыс
секілді тҥрлі әдістерді қолдануға болады. Әрине, егер қажет болса балалар
индивидуалды тапсырмаларды да орындай алады. Мҧғалім ҥшін бҧл оқу
кеңістігін ҧйымдастыру әдісінің пайдасы – оның рӛлі ӛзгереді, ол оқыту
ҥдерісіне тиімді бақылау жасай алады. Сонымен қатар мҧғалім оқу ҥдерісін
сыныптың кез келген бӛлігінде іске асыра алады, егер индивидуалды кӛмек
қажет болған жағдайда балаларға оңай жақындай алады.
Инклюзивті сыныптың білім ортасын жобалауда
индивидуалды оқуға
арналған оқу кеңістігін ҧйымдастыруға негізделген тҧрғы маңызды болып
табылады. Кейбір оқытушылар сынып кеңістігін қолайсыз ҧйымдастыратыны
сондай, топтық жҧмысқа орын жетпейді. Оның орнына бала ӛз қалауыымен
немесе берілген тапсырмаға сәйкес таңдап алатын шағын оқу кеңістіктері пайда
болады. Оқу кеңістігін ҧйымдастырудың бҧл
принципі кішкентай балалар
оқитын сыныпта қолданылады, бірақ жоғарғы сыныптарда да орын алып
жатады [3, 109-110 б].
Мҧндай әдістің артықшылығы – бала сыныпта ӛзіне ең ыңғайлы аймақты
таңдап ала алады. Осындай жолмен ҧйымдастырылған кеңістік шағын топпен
де, индивидуалды тҥрде де жҧмыс жасауға жарайды. Ыңғайлы жҧмсақ жиһазы
бар
сынып аймағы бейресми әңгіме, дискуссия ӛткізуге қолайлы болып
табылады. Мҧғалім сынып ішінде еркін орын ауыстыра отырып, сынып
кеңістігінің әр бӛлігіндегі балалардың индивидуалды
қажеттіліктерін
қанағаттандыра алады.
Кеңістікті осылайша пайдалану әдісінің кедергілері таза практикалық
сипатта болуы мҥмкін. Мҧның балаларға пайдасы – егер балалар жҧмыс
жасағылары келетін орынды ӛз еріктерімен таңдаса, оқуға деген мотивациясы
мен реттіліктің деңгейі ӛседі.
Бақылаулар кӛрсеткендей, олар кӛрнекі ҥлгіге сҥйеніп
жасалынатын,
берілген тапсырманы орындауға қажетті бӛліктерді сәйкестендіруді талап
ететін жҧмыстарды оңай атқарады. Оқу жылының соңында ерекше қажеттілігі
бар балалар негізгі операцияларды орындау қабілеттерін кӛрсетеді: жалпылау,
талдау, салыстыру, жіктеу.
Ғылым орталығында балалар жалпы деңгейде білімді игеруді ҥйренеді,
кӛрнекілік модельдеу, сызбаларды қолдану секілді ойлау тапсырмаларын шешу
әдістерін, талқылау мен ой қорытудың бастапқы әдістерін меңгереді.
Бақылауларға сәйкес, ерекше балалар ізденушілік, эвристикалық әрекетке
ынталана
кіріседі, белсенді тҥрде экспериментке араласады, объекттерді
практикалық тҥрлендірудің негізгі әдістерін меңгереді. Педагогтар мҧндай
балаларға тҥрлі заттармен, белсенділік орталықтарындағы материалдармен ӛз
бетімен жҧмыс жасауға мҥмкіндік береді, табылған шешімді сӛзбен
нақтылауға, мәселенің шешімін табуға арналған тҥрлі жағдаяттарды ҧсынады.
396
Инклюзивті сыныптарда педагогтар
сабақ барысында балаларға
материалды есте сақтауға арналған арнайы қҧралдарды пайдалануды ҥйретеді,
есте сақтау мен ӛзін-ӛзі саналы басқарудың қарапайым әдістерін ҥйретеді, тҥрлі
жаттығулар мен ойындар арқылы тірек-қимыл аппараты бҧзылған балалардың
ірі және жіңішке моторикасын дамытуға кӛмектеседі, бҧл ҥшін манипулятивті
орталықта, ӛнер орталықтарында, қол еңбегінде (сурет салу, илеу, аппликация,
кесу, тігу, тоқу, т.б.) жҧмыс жасау жағдай туғызады [4, 25-27 б].
Берілген білім ортасының моделі баланың қажеттіліктеріне, ал оның
элементтері (жабдықтар, оқулықтар, дидактикалық материалдар және т.б.)
баланың дамуына жағдай жасайды.
Сол себепті инклюзивті сыныпта даму мҥмкіндігі шектелген баалалармен
жҧмыс жасайтын педагогтар ҥшін білім ортасының тҥрлі
компоненттерін
модельдей білу, оқушылардың толыққанды тәрбиесі мен дамуына жағдай жасау
ӛте маңызды болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: