Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет182/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Keywords: philosophy, knowledge, theory of knowledge, educational and cognitive 
activity, cognitive activity of students, psychology, history of pedagogy. 
Білім беру жҥйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші 
роль атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай тҥседі.Таным теориясының 
басқа ғылыми теориялардан тҥбірлі айырмашылығы ол білімнің қалыптасуы 
мен негізделуінің жалпы ҧстанымдарын, объективтік қатынастарды 
қалыптастырады. А.Н.Леонтьев: «Таным - әрекет тҥрлерінің бірі болғандықтан, 
таным барысындағы қиындықтарды жеңу жӛніндегі ерік кҥші таным әрекетінің 
мақсатын кімнің алға қоятынына елеулі дәрежеде байланысты деп 
жорамалдауға болады»,-деп тҥсінік береді [1, 10 б.]. 
Ал, білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның 
негізгі мәселесі – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тҧрғысынан 
зерттелетін ілім таным теориясы деп аталады. 
Таным теориясы танымдық іс-әрекет заңдары мен заңдылықтарын 
зерттейді. Әлемді тану мҥмкіндіктері және оның заңдары туралы мәселені 
философиялық шешу тарихи ӛзгеріп отырды, онда әрбір тарихи дәуірде 
жекелеген ғылымдар жинақтаған дҥние туралы білім деңгейі кӛрінеді. 
Философиялық білім араларында таным процесі мазмҧны анықталатын 
танымның субъект және объектісі қарастырады. Танымның объектісі болып 


389 
шындықтың ӛзі немесе оның субъектіден тәуелсіз тіршілік ететін ҥзіндісі 
болып табылады. Объект – қандай да бір затқа бағытталған әрекет. Объект – 
субъект белсенділігі сіңірілетін ӛріс. Таным субъектісі болып ӛз тарихи 
дамуындағы адам және адамзат болып табылады. Субъект ӛзін объектімен 
байланыстырып, материалдық, мақсатқа лайықты әрекетті тасушы ретінде 
кӛрінеді. Субъект – мақсатты болжап, шындықтың ӛзгеруін жҥзеге асыратын 
белсенді де дербес тіршілік иесі. Алайда, объективті шындық та субъектінің 
ӛзімен белсенді танымдық қатынасқа таным тҥсетіндіктен, таным объектісі 
болады [1, 37 б.]. 
Таным мен оқу процесі арасында болатын маңызды ерекшеліктер: 
- Таным – бҧл қоғамдық-тарихи категория. Кӛптеген ғасырлар бойы 
ғалымдар табиғат, қоғам және адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын 
ашты. Яғни, ғалымдар жаңалықты тҧңғыш кҥйінде таниды, сондықтан да ондай 
таным толық болмайды. Ал оқу процесінде студенттер бҧрыннан белгіліні 
жаңалық деп қабылдайды, ғылым жинақтаған тҥсінік, ҧғым, деректерді игереді. 
Олар ӛздері ҥшін бҧрыннан белгілі шындықты қайтадан ашқан сияқты болып, 
шәкірттердің дара мҥмкіндіктері мен ерекшеліктеріне орайластырылған
дидактикалық бейімге келтірілген әрі қарай қарапайымдастырылған 
материалдарды меңгерумен айналысады. Сонымен бірге оқу барысындағы 
таным міндетті тҥрде, мейлі тікелей не жанама, педагогтің кӛмегінің болуын 
керек қылады, ал ғылым тҧлғааралық қатынастарды кӛбіне қажет етпейді. 
- Жаңалықтар ашуға арналған таным процесі ҧзақты кезеңдік ғылыми 
ізденістерді қажет етеді. Ал оқу ҥдерісінде белгіліні қайтадан ашып, игеру 
жолы қысқа әрі мҧғалім шеберлігімен жеңілдетіледі. 
- Таным процесі материалдық не рухани нысандарды қабылдауды талап 
етеді де, ал олардың шынайылығын практика дәлелдеуі тиіс. Оқу барысында 
мҧғалім білім игеру процесі бӛліктерін ауыстыруы және оны практикалық 
ептілік, дағдылармен кезектестіріп немесе біріктіріп жҥргізуі мҥмкін. 
Таным – адамның объективтік шындықты ойында бейнелейтін және қайта 
жаңғыртатын, қоғамдық іс-әрекет барысы. Танымның негізгі және білімнің 
ақиқаттығының шарты – танымдық іс-әрекет. 
Студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің ӛзіне тән ерекшеліктері 
болады: 
1. Таным процесінің ғылымдағы объектісі – белгісіз қҧбылыстар. 
Студенттер ғалымдар зерттеген жҥйені ӛздігінен оқу арқылы танып біледі. 
Студенттер оқытуда адамзаттың танымдағы ӛткен жолын ӛтпейді. Олар 
ғылымның ашылған жаңалықтарын, ақиқат жетістіктерін игереді. Ол игеретін 
білімдер кездейсоқтықтардан тазартылған, жҥйеленген, сенімді. Педагог 
студенттерді ғылымдағы таластармен танысытырады. Сол арқылы студенттерді 
ғылыми ізденістерге ынталандырады. 
2. Студенттердің таным процесі ҥнемдірек. Ғалымдардың, әдіскерлердің, 
педагогтардың кӛмегімен, оқытудың тиімді жолдары арқылы білім беру 
қарастырылады, әрбірпән бойынша маңызды білімдер мазмҧны іріктеліп 
алынады. 


390 
3. Оқыту процесінің ерекшелігі студенттердің оқуды әрі қарай 
жалғастыруға, ӛз бетінше ізденуіне, еңбек әрекетіне дайындалуына, қажетті 
іскерлік пен дағдыны игеруіне педагогтың басшылығымен студенттің ӛз 
бетінше оқу әрекетінің ӛзара байланысы негізінде жҥзеге асатын педагог ҥшін 
де таным процесі болып табылады. 
4. ЖОО-дағы таным процесі білім берушілік, тәрбиелеушілік, 
дамытушылық сипатта болады. Білімді игеру барысында студенттердің ақыл-ой 
қабілеттері дамиды, олардың дҥниетанымы, ғылыми кӛзқарастары мен 
сенімдері, сезімдері қалыптасады. 
5. 
Студенттердің таным процестері олардың жастарына сай 
ҧйымдастырылады. 
6. Таным процесі педагогтың басқарушылық, әрі бағыттаушылық 
рӛлімен, студенттер мен педагогтың тығыз ӛзара ынтымақтастық байланыста 
бірлескен қызметінде іске асырылады. 
Оқудағы таным процесінің әрбір буыны ӛзіне тән сапалы белгісі бар 
процестер. Сонымен бірге, оның әрқайсысы білімді қабылдауда оны дамытуда 
маңызды рӛл атқарады. Демек, оқыту процесінің сатылары, ӛзара бір-бірімен 
байланысты, тҧтас, толық таным процесі екені – табиғи заңдылық. 
Оқу танымдық іс-әрекет – студенттің білім алуға деген белсенді ақыл-ой 
әрекеті. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру мәселелеріне 
педагогтардың, психологтардың кӛптеген еңбектері арналған. Бҧл мәселенің 
кейбір жақтары сонау кӛне замандардан бастау алатыны жӛнінде айта кеткен 
абзал.Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін дамытудың маңыздылығын 
Я.А.Коменский, И. Г.Песталоцци мен А.Дистервегтің, Н.Г.Чернышевскийдің 
және т.б. еңбектерінде дамытылып, тереңдетіледі. Мәселен, А.Дистерверг оқу-
танымдық іс-әрекетін дамыту баланың ақыл-ой қабілетін дамытудың аса 
маңызды қҧралдарының бірі деп есептейді. Студенттердің оқу-танымдық іс-
әрекетін дамытудың маңыздылығы жӛнінде қҧнды пікірлерді Ф. Бэкон, Ф. 
Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Гельвеций, 
Д.Дидро, А.Ловуазье, И.Г.Песталлоций, И. Кант және т.б. еңбектерінде 
кӛрсеткен [2, 21 б.]. 
М.Монтень оқу-танымдық іс-әрекеттің маңыздылығын, оқытушының 
басшылық рӛлі жӛнінде былай деген: «Студент педагогтан алған білімін тҥгел 
сҥзгіден ӛткізіп, ӛз бетінше талдау жасату қажет. Соның нәтижесінде оның 
білуге қҧштарлығы дамиды». 
Я.А.Коменский: «Заттың не қҧбылыстың тҥп тамырына жету, анықтау 
қабілетін дамыту, оны шынайы тҥсіну және оны қолдана білу қажет»,-деп 
ерекше атап кӛрсеткен. Сонымен қатар, танымдық іс-әрекетті дамыту 
әдістемесін жасап, оны былай кӛрсеткен: «Таным бастамасы - сезімнен, бала 
сезіне білмесе, оның ой-ӛрісінде ешқандай ӛзгеріс болмайды. Оқытуды зат 
туралы сӛзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек. 
Мен ӛз шәкіртімнің әрқашанда ӛз бетінше бақылауын, практикада ӛз бетінше 
тҧжырым жасауын дамытуды – білім берудегі негізгі жетістікке жету қҧралы 
ретінде қарастырамын»,-деп ерекше атап кӛрсетті [3, 11 б.]. 


391 
Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін дамытудың маңызын ашуда 
К.Д.Ушинскийдің еңбектері кӛп ҥлес қосты. «Дҥниеде барлық болып жатқан 
қҧбылыстарды, заттарды салыстыру арқылы ғана білеміз, егер бізге еш 
нәрсемен салыстыруға болмайтын, еш нәрседен айыруға болмайтын бір жаңа 
зат кездессе, біз бҧл зат туралы бірде – бір пікір, бір ауыз сӛз айта алмаған 
болар едік», - деп танымдық іс-әрекетті дамыту қажеттігін кӛрсетеді . 
Материалдың кӛлемін, сипатын және оқыту әдістерін анықтауда 
студенттердің ерекшеліктерін, олардың ой-ӛрісі мен қабілеттерін қатаң еске 
алуды, материалдың біртіндеп және тізбектеп берілуін әрдайым сақтап 
отыруды, мазмҧндауларда да анықтамаларда да, қорытындылар мен 
тҧжырымдардың анық та дәл айтылуын талап етті. Сондай-ақ шәкірттердің 
ойлау қабілетін дамытудың және ӛздігінше білім алу дағдыларын 
қалыптастырудың маңызды қҧралы ретінде студенттердің ӛздігінен істейтін 
жҧмысына зор маңыз берді. 
К.Д.Ушинский еңбектерінде ақыл-ой әрекеті оқушылардың оқуға 
икемділігі, оқуға деген ҧмтылысы мен қажетсінуі тҥрінде кӛрініс береді. Ол 
ақыл-ойды қандай бағытта, қандай формада дамыту керектігі туралы қарастыра 
отырып, ӛз еңбектерінде оқушының оқу процесінде ақыл-ойын дамыту мен 
тәрбиелеудегі жағдайларға ерекше мән берді. Ақыл-ойды дамыту мен 
тәрбиелеудегі ең негізгі дидактикалық шарт – мҧғалім мен оқушының оқу 
процесіндегі еңбегін дҧрыс бӛлу деп тҥсіндіреді [4, 13 б.]. 
К.Д.Ушинский пікірін П.Ф.Каптерев одан әрі дамытып, педагогикалық 
процесс оқушы мен мҧғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан, бҧл – 
мҧғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан-оқушының ӛзіндік ішкі әрекеті. Ол 
оқушының білім игерудегі белсенділігі мен қызығушылығына, талпынысына 
ерекше мән берді. Каптерев оқушының білімді игерудегі ішкі мҥмкіндіктерін 
зерттеуді бірінші орынға қойды .
Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін дамытуда мҧндай ішкі 
мҥмкіндіктерді зерттеудің маңызы зор. 
Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін дамытуды оқу процесіндегі 
маңызды педагогикалық шарттары ретінде қарастырады. Сонымен қатар, оқу-
танымдық іс-әрекетін дамыту ҧғымының мазмҧндарына авторлар әр тҥрлі 
тҥсініктеме берген. 
Б.П.Есипов студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін дамытудың маңызын 
аша отырып, дамытуға мынадай анықтама берген:«Дамыту-шәкірт ақыл-
ойының, ізденімпаздығының белгілі бір дәрежесін кӛрсетеді»,- дейді . Ал 
И.Я.Лернер: «Белсенді болмай, ізденімпаз бола алмайсың»-дейді, сӛйтіп, оқу-
танымдық іс-әрекеттегі белсенділікті ізденімпаздық шартына жатқызады. Ал 
кейбір авторлар оқу-танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастырса, 
екіншілері жеке тҧлғаның ерекше қасиеті ретінде санайды, бірақ «жеке 
тҧлғаның ерекше қасиеті» ҧғымының мазмҧнын ашып кӛрсетпейді . 
Ӛзінің еңбегінде бҧл кӛзқарастарға талдау жасай отыра, Т. И. Шамова екі 
ҧғымды бір-бірінен бӛліп-жарып қарауға болмайтындығын атап кӛрсетеді. 
Студенттердіңоқу-танымдық іс-әрекетін дамытуға тӛмендегідей тҥсінік беріп: 
«Біз оқу-танымдық іс-әрекетті дамыту шәкірттің ақыл-ой және дене қуатын жай 


392 
ғана жҧмылдыруына жатқызбаймыз, қайта оны жеке тҧлға әрекетінің сапасы 
ретінде қарастырамыз, бҧл сапа шәкірттің әрекет мазмҧны мен процесіне 
кӛзқарасында, оның білімді және іс-әрекет тәсілдерін оңтайлы қысқа мерзімде 
тиімді игеруге ҧмтылуында, мінез-қҧлық, ерік-жігерін оқу- танымдық 
мақсаттарға жҧмылдыруында кӛрініс табады», - деп атап кӛрсетеді. 
Н.А.Половникова: «Оқу-танымдық іс-әрекеттің мәні – мектеп 
оқушысының білімді игеруде ӛз кҥшімен талаптануы»,-дейді .
М.И.Махмутов: «Оқу-танымдық іс-әрекет-шәкірттің ақыл-ой дамуы және 
оның ӛз бетінше ізденіп оқуына мҥмкіндік беретін әрекеті», - деп қарастырған 
[5, 9 б.]. 
Оқу-танымдық іс-әрекетті дамыту – студенттердің ғылыми білімдерді, 
білік пен дағдыларды меңгерудегі, шығармашылық қабілеттілігінің 
дҥниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық кӛзқарастарының дамуындағы 
белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ҧйымдастыру мен ынталандырудың 
мақсатты педагогикалық процесі. Оқыту, адамның іс-әрекетін белгілі бір 
білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудің саналы мақсаты билеген кезде 
қызмет-әрекет ретінде жҥзеге асады. Тҥсініктерді, ҧғымдарды, заңдарды 
студенттердіңбасына жаттанды тҥрде сіңіруге болмайды. Оларды студенттіңӛзі, 
мҧғалімнің басшылығымен, кӛмегімен қалыптастыру қажет. Тҥсініктердің 
пайда болуы, заңдарды жете тҥсіну – студенттің ойлау мен іс-әрекетінің 
белсенді процесі деп тҧжырымдаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет