Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет188/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Key words: verbal communication of teenagers, age psychology, psychology of teenagers. 
Адамдар арасындағы қарым-қатынас жасаудың қҧралы сӛйлейтін 
сӛздердің мағынасы кең ҧғым. Олар біз адам ретінде кӛрсететін 
қылықтарымыздың аз бӛлігін ғана қҧрайды. Сӛйлеудің нақтылығы әр жағдайда 
әртҥрлі болады, бірақ денеміздің қимыл – қозғалысы мен дауысымыздың тоны 
әсер етуге және айтылғанның мағынасына, кӛптеген ерекшеліктер қосатыны 
даусыз. Бҧл ерекшеліктер біздің не айтқанымызбен емес, қалай айтқанымызбен 
анықталады,сӛйлеушінің мәліметті беруі, оның тҧлғалық ерекшеліктеріне
мәдениетіне, ҧлттық ерекшеліктеріне, білім деңгейіне қарым – қатынас 
кезіндегі жағдайларға байланысты қҧрылып,ӛзгеріп отырады. Мәселен, 
жасӛспірімнің жай ғана досына хабарлаған мәліметті, ҥлкендерге жеткізуде 
тҥрлі қиындықтар сезілуі мҥмкін. Демек, коммуникатор қандай да бір кедергіні 
байқап, содан қиналады. Қарым – қатынас барысындағы мҧндай кедергілердің 
(барьерлер) бірнеше тҥрлері бар: 
1. Фонетикалық кедергілер – тілдегі, сӛйлеудегі кемістік пен (кейбір 
әріптерді дҧрыс айта алмау) дикцияның нақты еместігінен туындайды. 
2. Семантикалық кедергілер – адамдардың сӛйлеу стилі, сол ортаға
жағдайға немесе адамның жасына сәйкес келмеуінен шығады. Мәселен, қарт 
кісілерге, балаларға ғылыми тілде сӛйлесу арқылы тҥсінісу мҥмкін емес. 
3. Стилистикалық кедергілер – адамдардың сӛйлеу стилі, сол ортаға, 
жағдайға немесе адамның жасына сәйкес келмеуінен шығады. Мәселен, қарт 
кісілерге, балаларға ғылыми тілде сӛйлесу арқылы тҥсінісу мҥмкін емес. 


400 
4. Логикалық 
кедергі, 
коммуникатордың 
ҧсынған 
логикалық 
тҧжырымдары ӛте кҥрделі болғанда туындайды. «Ерлер логикасы», «Әйелдер 
логикасы», «Балалар логикасы», т.б логикалар туралы айтуға болады. 
5. Ҧлты, мәдениеті, діни ҧстанымдары әртҥрлі адамдар арасындағы кедергілер 
– адамдардың қандай – да бір ҧлтты, діни кӛзқарасты немесе сол елдің мәдениетін 
теріс деп қабылдайтындықтан туындайтын кедергілер [1, 72 б.]. 
Қарым – қатынас барысында, тек мәліметтермен алмасып, кері байланыс 
берумен шектеліп қана қою жеткіліксіз.
Жасӛспірімдердің қарым – қатынасындағы айырықша орын алатын 
сӛйлеудің тҥрі ол-сленг. 
«Сленг» сӛзінің шығу тарихына тоқталсақ, «Америка сленг сӛздігінің» 
авторларының бірі Стюарт Б.Флекснер мынандай мәліметтер келтіреді. Оның 
айтуынша, әрбір американдықтың сӛздік қорында шамамен 10000 – 20000 сӛз 
бар. Оның 2000 сӛзі сленг қатарына жатады. Яғни сленг жалпы лексика 
қорының 10 – 20 пайызын қҧрайды. Бірақ Стюарт Б.Флекснердің 
пайымдауынша, бҧл лексика қоры әрбір американдыққа толығымен белгілі 
болса да, кҥнделікті сӛйлеу тәжірибесінде толығымен қолданылмайды. 
Ғалымдардың есептеуінше АҚШ – та ағылшын тілінің сӛздік қорында
10000 сленг сӛзі бар, ал оның басқа бір тҥрлеріне 35000 сӛз жатады: олар – 
кәсіби сленг, жаргонизмдер, арго, қанатты сӛздер. Сленг табиғаты оның ҥнемі 
жаңарып отыруын талап етеді. Кӛптеген сленг сӛздері салыстырмалы тҥрде 
ҧзақ ӛмір сҥрмейді және егер олар тілде тҧрақталса, яғни сленг қатарынан 
жалпы ауызекі тіл лексикасына ӛтіп кетсе, қолданыстан тҥсіп қалады.«Сленг» - 
кҥнделікті ӛмірде белгілі бір заттың атауы ҥшін қолданылатын, қалыпты тілден 
ауытқыған, мысқылдап, мәнерлі сӛздер [2, 25 б.]. Кейбір зерттеушілер 
жаргонды сленгпен байланыстыра қарайды. Сондықтан сленг ерекше лексика 
қызығушылықтары ортақ адамдардың қарым – қатынастарынан туындайтын 
сӛздер деп кӛрсетеді. Алдымен «сленг» деген не? Ол жаргонның бір тҥрі, 
сӛздерге жаңа мағына беру. Жалпы сленг сӛздерді, жасӛспірімдер ӛзара ерекше 
сӛйлеу ҥшін қолданады. Ӛздерін басқалардың бӛлек, кҥшті сезіну себебімен де 
болуы мҥмкін. Кҥнделікті естіп жҥрген жаргон, орысша, қазақша сӛздермен 
ғана емес шетел тілімен де кездеседі. Сленг тілдің қызықты, сонымен бір 
уақытта кҥрделі қҧбылыстарының бірі. Кӛптеген зерттеушілер сленгті 
қоғамдық диалектіге жатқызады. Диалект, соның ішінде сленг ҥнемі тілдік 
нормаға, стандартқа қарсы қойылады. Ағылшын лексикографиясында «сленг» 
термині ӛткен ғасырдың басында кең тарала бастады. Ҥлкен Оксфорд 
сӛздігінде бҧл сӛздің шығуы «language of a low or vulgar type» мағынасын 
беретін сӛз ретінде 1756 жылы тіркелген. Сленгті зерттеуші Эрик Партридждың 
айтуынша, slang сӛзі to sling – to utter етістіктерінде қатысты. Қазіргі заманғы 
лексикографияда сленг сӛзі «ауыз екі тіл», «диалектизм», «вульгаризм», 
«жаргонизм» сӛздерімен бірқатар қолданылады. Сленг жастар арасындағы 
қарым – қатынастың бір ерекше тҥрі. Жаргонмен сӛйлеп олар бір – бірін жақсы 
тҥсінеді. Мҧндай сӛйлеу мәнерін тҥсіне алмайтын ҥлкен кісілерімізді 
мазасыздандырады. Қазақ жастарымыздың орысша сӛйлеуі бір мәселе болса
тҥсініксіз жаргонда сӛйлеу екінші мәселе. Оның шешімі бар ма? Осы сҧрақтың 
жауабын табу ӛте қиын. Алдымен қазақ жастарын қалайша таза сӛйлетуге 


401 
болады? Дӛрекі сӛйлеп, блогтарына балағат сӛздерді жазып, мәдениет және 
тәрбие дегенді білмейтіндігін нақты кӛрсеткен. Тек ҧлдар ғана емес,қыздарда 
ҥнемі жағымсыз сӛйлеп жҥретіні бәріне белгілі. Осыдан балалардың ішкі 
мәдениетін анық аңғаруға болады. Мәдениетті сӛйлеу, қоғамның дамуына да 
байланысты. Мҧның бәріне ғаламтор, технологиялық жетістіктер, батыстың 
киноларының әсері шығар [3, 64 б.].
Қазіргі жасӛспірімдердің «сленг» тілінде сӛйлеуі мәселесіне тоқталсақ: 
Бҥгінгі жастар сленгтер мен жаргондарды әртҥрлі себептерге байланысты 
қолданады: 
 Әсер қалдыруы ҥшін, 
 Елден ерекше болу, 
 Ӛзгелер тҥсінбеу ҥшін, 
 Белгілі бір әлеуметтік топқа жататынын кӛрсету ҥшін, әзіл ретінде де 
қолданады.
Жасӛспірімдер арасындағы жиі кездесетін компьютерлік сленгтерге 
тоқталайық. Соңғы уақытта жасӛспірімдердің компьютер ойындарымен 
әуестенуі кҥшейіп отыр. Бҧл да бір компьютерлік сленгтердің пайда болуына 
алып келеді. Мысалы, ойындағы «ең басты жау» деген ҧғымын білдіретін 
«бродилка», «аркада», «босс» сленгтері пайда болған. Жастардың кҥнделікті 
қолданып жҥрген сленгтерінде орыс сӛздерінің кӛптеген компоненттері 
кездеседі. Мысалы: «тормозы ҧстап қалды» - бір жағдайдан шешім таба алмай 
қалды, осыған синоним ретінде «зависать етіп қалды» деген тіркес бар, «типаж 
болу», «блатной болу» - менменсу тіркесімен байланысты. «Қҧлаққа лапша ілу» 
- ӛтірік айту, «маяк тастау», «гудок тастау» - қысқа ғана қоңырау шалу. Міне 
жаһандану заманында ешбір сҥзгіден ӛтпеген ақпараттар тасқыны ағылып, 
жастардың кӛзін тҧмандандырып, санасын уландырып барады. Осыларға тӛтеп 
беретін қазақы тіл, ҧлттық салт – дәстҥр. Бҥгінгі жастардың арасында тіл 
байлығының нашарлығынан дейміз бе, әйтеуір бір сҥреңсіз, нәрсіз сӛздер ӛршіп 
тҧр. Оған ӛздерінше «жаргон ғой» - деп, айдар тағып әлде қандай болатынын 
кӛресіз [4, 16 б.]. 
Қазіргі жастардың сленг немесе жаргон сӛздеріне мысал: 
1. Ӛзіне кӛп алады – артық кетті, шектен шығу 
2. Типа – сол сияқты, тәрізді,секілді 
3. Ботан – сабақты ӛте жақсы оқиды 
4. Орнына қойып тастадым – орынсыз екенін дәлелдедім 
5. Инет – ғаламтор 
Сленг сӛздерге жҥргізілген зерттеулер нәтижесінде жігіттердің 50 
пайызы, қыздардың 33 пайызы кҥнделікті ӛмірде қолданады екен. Онымен 
кҥресудің еш пайдасы жоқ. Жас шамасына қарай доғару процесі ӛздігінен 
жҥзеге асады [5, 35 б.]. 
Сӛйлеу ӛнерін меңгерген адам тиімді қарым – қатынас жасауда да 
жетістікке жетеді және тапқырлық сияқты қасиетке де ие болады. 
К.С.Станиславкийдің пікірінше, сӛйлеу, бҧл музыка ҥні, бҧл – әуен. Адамның 
дауысы немесе сӛзі атылған оқтай тарсылдап немесе қырылдап емес, жағымды 
шығуы тиіс. Музыкалық ҥнді, әсіресе ритмді сезінетін адамдардың сӛйлеуінде 
ішкі әуенділік сезіліп тҧрады. 


402 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет