Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Ҽдебиеттер  1. Ә.Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы, 2013.-Б 446



Pdf көрінісі
бет50/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Ҽдебиеттер 
1. Ә.Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы, 2013.-Б 446. 
2. Mercer N. and Littleton, 2007. Dialogue and the development of thinking. NY: 
Routledge. 2007. 
3. Студенттерге арналған нҧсқаулық. 2015. Б.35. 
БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕГІ ОҚЫТУ БАҒЫТЫ АРҚЫЛЫ БҼСЕКЕГЕ 
ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ 
 
Едресова К.Г. 
Аға оқытушы, экономика магистрі, қазақстан тарихы, қҧқық және экономика 
негіздері кафедрасы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 
Қазақстан, Арқалық 
 
Нургазина А.С
Оқытушы, туризм магистрі, география кафедрасы 
Қ. Жҧбанов атындағы Ақтӛбе ӛңірлік мемлекеттік университеті 
Қазақстан, Ақтӛбе 
Аннотация. В своей статье автор дает обзор способов обучения в системе образования 
и всех методов обучения, использующих модульную технологию. 
Ключевое слово: «Методология» описывает методы обучения, «технология» 
регулирует и внедряет систему управления в учебный процесс. 
Summary. In the author 's article, the author will review the learning curriculum and all 
methods of teaching, using modular technology. 
Key word: "Methodology" describes the teaching methods, "technology" regulates and 
implements the management system in the educational process. 
Адамзат ҥшін білім алу, білім беру мәселесі қашан да бірінші орында 
тҧрмақ. Сондықтан оның ӛмір сҥруінде білім қатар жҥреді. Осыған байланысты 
білім беру жҥйесі, білім негіздеу, қалыптастыру мазмҧны адамзаттық даму мен 
заман ағымына қарай толығып, кемелденіп, жетіліп отырады. Білім беру/алу 
жҥйесі, бір жағынан, адамдардың бір-біріне ықпалынан туындаса, екіншіден, 


114 
тәжірибелік дағдының теориялық негіздемеге тҥсуінен қалыптасады. 
Тәжірибелік дағды тҥрлі әдіс-тәсілдер, амалдар арқылы жҥйеленеді. Білім 
беруде тәжірибелік дағды сабақ ӛткізу арқылы негізделіп, «тҥсіндіру, ҥйрету, 
меңгерту, игерту, қалыптастыру» деген ҧғымдармен мазмҧндалып, «Оқыту» 
тҥсінігін жинақтап береді. Оқыту мәселесі тек ӛткізілетін пәндік сабақ негізін 
ғана қамтымайды, ол тәрбиені де қатар алып жҥреді. Сабақ беру мен тәрбиелеу 
әрекеті қатар жҥретіндіктен, жалпы оқытуды «педагогикалық оқыту» дейміз. 
Себебі педагог оқушысын/студентін білім беру, тәрбиелеу арқылы белгілі бір 
тҧлға болу бағытына жетелеп отырады. 
Оқыту білім беру, білім негіздеу, қалыптастыру мәселесін, білім беруге 
қатысты әдіс-тәсілдер жҥйесін тҥсіндіреді. Осыған орай оқытуды тҥрлендіру, 
оқыту әдісін қолдана білуге қатысты қазір «Педагогикалық оқыту» тіркесінің 
орнына «Педагогикалық технология» (педагогикалық қолданыс) ҧғымы енді. 
«Технология» атауы ӛткен ғасырдың 50 жылдары шет елде пайда болған, 
грекше шеберлік» ҧғымын береді. Қазақша «әдістік қолданыс шеберлігі» десек 
болады. Бҧл арада әдіс қолданысы туралы мәселе қозғалады. «Технология» сӛзі, 
негізінен, техникаға қатысты бастау алған. Оның бастапқы мағынасы – металды 
ӛңдеудің әдіс-тәсілдік қолданысы. ХХ ғасырдан бастап бҧл сӛз педагогикалық 
оқыту әдісінде айтылатын болдыоқыту әдісінің қолданысы
Педагогикада қалыптасқан «әдістеме» (методика) сӛзі «технология» 
сӛзімен мазмҧны жағынан кеңейе тҥседі. «Әдістеме» оқыту әдістері туралы ілім 
болса, «технология» оқыту әдістерін шеберлікпен қолдану туралы ілім болып 
табылады. Бірақ екеуінің де қызметтік міндеті «тҧлға тәрбиелеуге» 
бағытталады. «Әдістеме» оқыту-тәрбиелеудің әдіс-тәсіл тҥрлерін сипаттайды, 
«технология» оқыту-тәрбие ҥдерісінде басқару жҥйесін реттеп, іске асырады. 
Педагогикалық технологияның бірі – оқыту технологиясы. Оқыту 
технологиясы педагогикада ХХ ғасырда зерттеуге тҥсті. Ол білім беруді 
кеңейту, білім негізін ақпараттандыру, жаһандық байланыс жасауды арттырып 
отыруды кӛздейді. Педагогика саласында алдымен «тәрбие технологиясы» 
ҧғымы келді. Бҧл адамзатты ӛмір сҥру дәуірімен деңгейлес тәрбиелеу 
қажеттілігінен туындады. 
Қазір педагогикалық оқыту технологиясы жинақталып, барлық пәндік 
салаға қатысты тҥрлері де жҥйеленді. Педагогикалық оқыту технологиясы 
тҥсінігінің Қазақстандық білім беру жҥйесінде қалыптасуы шетелдік оқыту 
жҥйесі негізінде орын алды. Білім беруді жаңашаландыру бағыты мҧғалім мен 
оқытушылардың сабақ беру әдісіне де ӛзгеріс әкелді. Бҧл арнайы оқу 
орындарында мҧғалім мен оқытушылардың біліктілікті жетілдіру курсы 
арқылы да жҥзеге асырылып отыр. Сондай оқу орнының бірі – Назарбаев 
зияткерлік мектебі. 
Аталмыш оқу орнында мҧғалімдер мен оқытушылардың оқытуды 
тҥрлендіріп жҥргізу біліктілігін арттыру ҥшін «Педагогтік шеберлік орталығы» 
ашылып, онда шетелдік технолгоия (Кембридждік оқыту тәсілінің теориялық 
негізі) бойынша білім алып, тәжірибелік сынақтан ӛткен арнайы 
жаттықтырушы оқытушылар қызмет етеді. Орталықтың мақсаты – білім беру 
жҥйесінде қызмет атқаратын мҧғалім/оқытушылардың оқыту шеберліктерін 


115 
жаңа бағытта жетілдіру. Осы орайда курс жҥргізу барысында жаттықтырушы 
оқытушылар шетелдік оқыту технологиясындағы әдіс-тәсілдер теориясының 
негіздемесін тҥсіндіріп, тәжірибеде қолдану жолдарын ҥйретуде ӛз 
біліктіліктерін кӛрсете білді. Жалпы ПШО-ы жҥргізетін біліктілікті жетілдіру 
курсы әр тыңдаушы оқытушының ӛз саласы бойынша қҧзіреттілік пен 
ҧстанымға 
қаншалықты 
ие 
екендігін 
тануға 
мҥмкіндік 
береді. 
Жаттықтырушылардың ӛздері сабақ беруде ӛз қҧзіреттіліктерін таныта алды. 
Қазіргі уақытта кез келген тҧлға (жатттықтырушы/оқытушы/мҧғалім, т.б. 
кӛпшілік алдында бағыт беретін кез келген маман иесі) тиісті адами 
қҧзіреттілікті иелену керек. Тҧлғалық қҧзіреттілік мазмҧны сегіз мәселені 
қамтиды:
 тілдік қҧзіреттілік – сӛйлесу біліктілігі, тілдік білімі, сӛз қолдану 
дағыдысы; 
 кҽсіби қҧзіреттілік – маманның ӛзін ӛзі дамытуы, мамандығын 
меңгеруі, жаңа бағытта шыңдалуы, жетілуі;
 қиындықтан шығу қҧзіреттілігі (шешім таба білу) – кәсіби жағдайда 
туындаған қиындықта мамандығын мақсатына қарай орынды қолдана 
білу біліктілігі;
 ақпараттық қҧзіреттілік – нақты мақсатта қажетті ақпаратты таба 
білу/тани білу, талдап жеткізе білу, пайдалана білу, жаңа ақпаратты 
игеру алу біліктілігі;
 қатысымдық қҧзіреттілік – кез келген ортада байланысқа тҥсе білу; 
шығармашылық кӛзқарасын білдіріп, пікірлесе алу шеберлігі;
 танымдық қҧзіреттілік – кез келген білімді қабылдай алу, игере алу, 
кәсібін әлемдік таныммен ҧштастыра білу;
 ҽлеуметтік тҧлғалық қҧзіреттілік – кез келген жайғдайда тҧлғалық, 
қоғамдық орнын кӛрсете алу, кӛзқарасын білдіруімен қоғамның 
ерекшелігіне сай қағиданы ҧстана алу; пікірін қоғамға жеткізе алу; 
қоғамдық пікірмен ҥйлестіре алу;
 мҽденитанымдық қҧзыреттілік – мамандығына қатысты кӛрініс тапқан 
ҧлттық, мәдени-тарихи қҧндылықты меңгеру, пайдалану біліктілігі. 
Жалпы білім беру жҥйесіндегі оқыту әдіс-тәсілдері педагогика
психология ғылыми саласы арқылы енгені тҥсінікті. Сондықтан педагогикалық 
оқыту технологиясы ҧғымы пайда болды. Педагогика, психология саласында 
тәрбиелеу барысында туындаған әдістер, амал-тәсілдер басқа пәндерді оқытуда 
да қолданылады. Бҧл бҧрынғы білім беру жҥйесінде де болған. «Жаңаша оқыту 
технологиясы» тҥсінігі енгенге дейін де қазіргі айтылып, тҥсіндіріліп жҥрген 
әдіс-тәсілдер дәстҥрлі оқытуда қолданыста кездесетін. Тек олар жекелеген әдіс 
тҥрінде ғана сипат алып, мазмҧны ашылмай келді. Сонымен бірге олар нақты 
жҥйедегі атауға енбегендіктен, мақсат-міндеті нақтыланып, ғылыми теориялық 
жағынан негізделмегендіктен, «Әдістер жҥйесі» деген категориялық атауда 
ғана болды. Қазіргі оқыту технологиясындағы әрбір әдіс кез келген тәжірибелі 
мҧғалім/оқытушыға таңсық нәрсе емес. Мҧндағы тың нәрсе оқыту әдісі мен 
жҧмыс жҥргізу тҥрінің модульдік қолданысқа жинақталып, ғылыми әдістемелік 
сипатта негізделуінде болып отыр. 


116 
Дәстҥрлі оқыту бағытында да оқыту әдістері жекелеген қҧрал тҥрінде 
мҧғалімнің қолдану ыңғайына қарай жҥргізілді. Сабақ беруде әдіс тҥрінің 
нәтижесі де оқу ҥлгерімімен кӛрінетін. Эвристикалық әдіс, шығармашылық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет