Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет51/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

жҧмыс жҥргізу тҥрі, қиындықтан шығу әдісі (проблема шешу), топтық 
жҧмыс жҥргізу тҥрі, ҧжымдық жҧмыс, т.б. дәстҥрлі оқытуда пәндік 
оқытудың әдісі ретінде емес, педагогикалық, психологиялық ыңғайлы жағдай 
туғызу мақсатында қарастырылып қолданылды. Қазіргі оқыту технологиясында 
осы тәрізді әдістер мен жҧмыс жҥргізу тҥрлері педагогика/психология 
саласынан толқыққанды қабылданып, салалық пәндік әдіс тҥріне айналып отыр. 
Педагогтік шеберлік орталығындағы (ПШО) біліктілікті жетілдіру курсы 
арқылы тыңдаушылар жатттықтырушы-оқытушылардың сабағында Кембридждік 
білім жҥйесінің негізі педагогикалық/психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдануында 
екенін таныды, сӛйтіп оларды белгілі бір мамандыққа қатысты пәндік салада 
пайдалану амалдарын игеріп, қажетттісін таңдауға бағыт алды. 
Пәнге қатысты мҧғалім/оқытушының білімі терең болса, оқытуда 
қолданылатын әдістер ӛзінен ӛзі туындап жатады. Мҧнда мҧғалімнің білімі 
психология/педагогика теориясы бойынша шешімін табады. Оқушының 
психологиялық ерекшелігін, жадығатты қабылдау, есінде сақтау дағдысын 
білуге тырысу, жазу, сӛйлеу мҥмкіндіктерін тану психологиялық әдістер 
арқылы жҥзеге асады.
Педагогикалық/психологиялық әдістер, негізінен, мектеп-колледждерде 
қолдануда, педагогикалық-психологиялық мәселені шешуде ыңғайлы әрі 
тиімді, сондықтан оларды белгілі бір пәнді оқытуда қолдануы жағынан 
жҥйелеуге болады. Ӛйткені оқыту дегеніміз – педагогикалық-психологиялық 
жағдайды тану, білу, игерту, ҥйрету деген сӛз. Ендеше әдістің керегін таңдай 
білу мҧғалім/оқытушының ӛз саласын игерту ыңғайына қарай кӛрінеді. 
Оқытушы, педагог, әдіскер ретінде 6 модульдік оқытуда («Оқу ҥшін 
бағалау мен оқуды бағалау», «Сын тҧрғысынан ойлау», «Оқыту мен оқуда 
ақпараттық байланыс технологиясын қолдану», «Оқыту мен оқудағы жаңа 
тәсілдер», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас 
ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Оқытуды басқару және 
кӛшбасшылық») әдістерді қолдану жолдарын тҥсініп, әдістерді ғылыми 
педагогикалық, психологиялық жақтан негіздей білуі керек. 
Бҧл жіктеу «әр мамандықтың оқыту әдістемесіне» қатысты ыңғайлы әрі 
тиімді кӛрінеді, себебі педагогтік мамандықта оқитын студенттерге 
мектеп/колледжде сабақ жҥргізетіндіктен, жаңа бағыттағы оқыту әдістерін 
теориялық та, тәжірибелік те жақтан игеру міндеттеледі.
Жалпы алғанда білім беру жҥйесінде оқыту бағытын таңдауда дәстҥрлі 
әдіс, жаңа әдіс тҥрлерін жіктеп кӛрсету шартты. Қай әдісті қалай қолдану 
керектігі мҧғалімінің біліктілігі мен танымына, оқыту шеберлігіне негізделеді. 
Осыған байланысты ойымызды қазіргі оқыту бағытына лайық айтылған қазақ 
ғалымы, 
тіл 
танушы 
әрі 
әдіскер 
А.Байтҧрсынҧлының 
пікірімен 
тҧжырымдағымыз келеді: «Әдіс керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің 
жаман-жақсы болмағы жҧмсалатын орнының керек қылуына қарай».


117 
Ҽдебиеттер 
1. Программа дополнительного профессионального образования для студентов 
выпускных куросов высших учебных заведений, осуществляющих подготовку 
педагогических кадров, оазработанная на основе уровневых программ повышения 
кавалификации педагогических работников Республики Казахстан. Центр 
педагогического мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2015. 
2. Руководство для тренера. АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2015. 
3. Руководство для студента. АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2015. 
4. Душина .И.В., Понурова.Г.А. Методика преподавани географии.-Москва. 
Московский лицей.1996г. 
5. Байтҧрсынҧлы А. Тіл тағылымы. Алматы: «Ана тілі». 1992. 357 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет