Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет56/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Сурет 1-Куверткаға жазылған нәтиже 
Ӛзара бағалау - қатысушыларға оқытылған материалды бір-бірінің 
жҧмыстарын бағалау әдісімен бекітуге мҥмкіндік береді. 
Сол сияқты сабақ беру барысында ӛзара бағалауды жҥргізуге де болады. 
Ол ҥшін берілген сабақты, жаңа тақырыпты тҥсіндіріп болған соң «Галереяны 
шарлау» әдісін пайдалану мақсатында бҥгінгі сабақта меңгерген ақпараттарын 
«Балық қаңқасы», «Кемпірқосақ», «Ӛрмекші» әдістері арқылы әр топ ақпаратты 
постерге жазып қорғайды. Сабақ соңында әр топ бір-бірінің постерлерін «Екі 
жҧлдыз, бір тілек» әдісі арқылы ӛзара ойларын жазып бағалайды. 
Сурет -2 Постерге жазылған тілекті оқу сәті 


126 
Критерийлерге 
негіздеп 
бағалау 
– 
алдын-ала 
қҧрастырылған 
критерийлерді басшылыққа алып, білім деңгейін анықтау. Бҧл жерде жоғарғы 
оқу орнында кҥнделікті пайдаланатын силлабуста берілген бағалау критериін 
айтуға болады. Мысалы: 
1. Студенттің әр дәріс сабағына қатысуы 100 балмен, қатыспауы 0 балмен 
бағаланады. Орташа арифметикалық ӛлшемі студенттің дәріс сабақтарына 
қатысу кӛрсеткіші болып табылады. 
2. Практикалық (зертханалық, студиялық) сабақтағы белсенділігі мен 
тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты әр практикалық (зертханалық, 
студиялық) сабақ максималды 100 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық 
ӛлшемі студенттің практикалық (зертханалық, студиялық) тапсырмаларды 
орындау кӛрсеткіші болып табылады. 
3. Ҥй тапсырмасын орындау деңгейіне байланысты максималды 100 балл 
беріледі. Орташа арифметикалық ӛлшемі студенттің ҥй тапсырмаларын орындау 
кӛрсеткіші болып табылады. Ҥй тапсырмасының кӛлемін оқытушы анықтайды. 
4. Студенттің ӛзіндік жҧмысы (оның ішінде ОСӚЖ) тапсырмаларын орындау 
максималды 100 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық ӛлшемі студенттің 
СӚЖ (оның ішінде ОСӚЖ) тапсырмаларын орындау кӛрсеткіші болып табылады. 
Ӛзін-ӛзі дәл бағалауға ҥйрету, тәрбиелеу бағалауларды салыстыру 
арқылы қолданылады. Олар ӛткенді шолатын, ойын қорытатын орындалған 
жҧмыстың бағасы және болжамды, болашақтың орындалатын жҧмыстың 
бағасы болып келеді [3]. 
Ӛзін-ӛзі бағалау – бҧл тек қана ӛз жҧмысын бағалау ғана емес, сонымен 
қатар туындаған мәселелерді ӛз бетімен анықтап және оның шешу жолдарын табу. 
Практика барасында осы мақсатта оқылған мәліметті тҥртіп алу жҥйесі бойынша 
таным тҥсінігін қалыптастыру ҥшін «INSERT» әдісін пайдалануға болады. Жаңа 
материалмен таныса отырып, тҥртіп алу жҥйесімен мәлімет жинайды, саралады, 
бағалайды. Тапсырманы оқып, тҥртіп алу жҥйесі бойынша жҧмыс жасайды:W- 
білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді; кесте жҥйесі бойынша жҧмыс 
жасайды. Тӛменде 3-курс студенттерінің топта біріге отырып жасаған ӛтілген 
жаңа сабаққа, жаңа тақырыпты меңгеруіне берген бағасы кӛрсетілген. 
Сурет -3 Сабақтағы алған білімдерін бағалауға арналған «INSERT» картасы 


127 
Оқу барысында ӛзін -ӛзі бағалауды «ӛткен тәжірибені пайымдау, оқығаны 
және қол жеткізгені туралы нақты тҥсінікті алуға талпына отырып, еске алуға 
және тҥсінуге ҧмтылыс жасау ҥдерісі» деп айқындадым, себебі физика пәні 
бойынша зертханалық жҧмыс жасауда кӛбіне осы ӛзңін-ӛзі бағалау, тәжірибені 
жасауы, нәтижені қорытынылауы, есептер жҥргізуі бәрі ескеріледі. Студентке 
ӛте қажет, тиімді әдіс деп ойлаймын.
Бҧл әдісте қатысушылар ӛздерінің алған жаңа білімдері жайлы мағлҧмат 
жинайды, оларды талқылап, алға жылжуларына қорытынды жасайды. Ӛзін-ӛзі 
бағалауды жҥргізгендегі міндетті шарттары – оқушылардың оқытылатын тақырыпты 
ӛтер алдында және жҧмысты орындар алдында олар барлық жҧмысты бағалау 
шарттарымен (критерий) таныс болулары қажет. Студенттер ҥшін оның 
жетістіктерін бағалау ақпараты тӛмендегідей элементтерден тҧрады. Мысалы: 
 Алға қойған мақсаты: Әр практикалық жҧмыс жасарда студент алға 
мақсат қойып, қажетті теорияны, қҧрал-жабдықтарды жинақтайды.
 Берілген және қалыптасқан шарттар (критерий): Студенттер 
практикалық жҧмысты жасамас бҧрын теориямен танысып, қажетті қҧрал-
жабдықтардың жҧмыс істеу принципін айтып ӛтеді.
 Қазіргі қол жеткізген жетістіктер деңгейінің сипаттамасы: Сол тақырып 
бойынша зерттеушілердің еңбектері, физикалық заңдылықтар, зерттеу керек 
физикалық тҧрақты шаманың сан мәнінің, алыну жолын біледі.
 Алдына қойған мақсаттары мен жеткен жетістіктерінің айырмашылығын 
тҥсіне білу: жасалынған физикалық зертханалық жҧмыс нәтижесін тҧрақты шамамен 
салыстыру, қателіктерді есептеу, пайызын анықтай алады. 
Бағалаудың жалпы кҥшті жақтары: ӛзін-ӛзі бағалаудың тиімділігі, 
студенттер ӛз жҧмыстары мен оның қабілеті қалай бағаланатыны жайлы тҥсінік 
алады. Сын тҧрғыдан ойлау кӛзқарасы, ӛзін-ӛзін дамыту дағдысы қалыптасты, 
әділ болуға ҧмтылды, студенттер ӛз мақсаттарына жетеді. Ал әлсіз жақтары: 
кей студенттер адекватты болмайды, кейбір студенттер ӛз мҥмкіншілігін 
толығымен пайдалана алмайды. Себебі тапсырманы іс-әрекетті орындауға 
шамамен 5 минут беріледі. Сол уақытта студент ойын толық жинақтай алмайды 
Сабақ барысында оқытушы тарапынан тҥзетулер, ескертулер болды. 
Сабақ соңында студенттердің жаңа сабақты қаншалықты меңгергендерін «Бес 
саусақ» әдісі арқылы бағалайды. Студенттер ҥшін бҧл жаңа әрі қызықты әдіс 
болды. Бҧл әдіс студенттердің бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал етеді. 
Бас бармақ – басты мәселе айқындап алады. Балалы ҥйрек – студенттер бірлесіп 
шешім айтады. Ортан терек – ой тастап, ойларын ортаға салады. Шылдыр 
шҥмек – шынайылық нақты алынған мәнді есептеп, тҧрақты мәнмен 
салыстырды. Кішкентай бӛбек – кӛңіл-кҥй ахуалы - студенттер параққа 
алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып ӛтеді де алынған 
суретке жоғарыда айтылған бойынша бҥгінгі сабақтың нәтижесін жазады. Ол 
ҥшін студенттер жаңа сабақ туралы мынандай сҧрақтарға жауап беріп, ӛз 
ойларын жазу керек: 
1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бҥгінгі сабақта ең қҧнды мәселе не болды? 
2. «Балалы ҥйрек»- бірлесу. Қалай жҧмыс жасадым? 
3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бҥгін білім мен тәжірибе алдым? 


128 
4. «Шылдыр шҥмек»-шынайылық. Сабақ маған ҧнады ма? Неліктен? 
5 «Кішкентай бӛбек»-кӛңіл-кҥй ахуалы. Мен сабақта ӛзімді қалайша 
сезіндім? Сабақ барысында осылай алынған жазбалар арқылы да студенттің 
білімін бағалауға болады.
 
Сурет -4 «Бес саусақ» әдісі арқылы бағалау 
Жалпы бағалау мақсатында сабақ барысында жиі қолданатын бағалау 
әдісінің бірі ол Харизма бойынша (Н.Баринова) «Тепе-теңдік дӛңгелегі» әдісі. 
Бҧл жерде студенттер ойды жинақтап, тақырып бойынша қажеттіліктерін 
анықтайды. Тақырып бойынша ойларды тҥйіндеп берілген шеңберге графигін 
жасайды. Парақтағы сурет бойынша студенттің меңгеру деңгейін анықталады. 
Мысалы астрономия курсы бойынша:
1. Кҥндегі магниттік дауылдардың болу себебін қаншалықты тҥсіндіңіз? 
2. Кҥн бетіндегі дақтардың физикалық табиғатын білдіңіз бе? 
3. Вольф санын анықтай аласыз ба? 
4. «Тесис» онлайн ғарыштық телескоптар жҥйесімен жҧмыс жасай аласыз 
ба? Деген сҧрақтар берілді, жауабы тӛмендегідей болды.
 
Сурет -5 Студенттің жауабын «Тепе-теңдік дӛңгелегі» әдісі арқылы беруі. 


129 
Жалпы студент ӛзін-ӛзі бақылап, ӛзінің әрекет-тәсілдерін талдау, 
нәтижелерін ӛзі бағалау жаңа сабақты бекітуге де, ӛтілген тақырыпты 
қайталауға да, сабаққа деген студенттің қызығушылығын арттыруға да септігін 
тигізеді. Осылайша студент мақсат қоя біледі, кҥтілетін нәтижені жоспарлайды. 
Қолданған әдістер арқылы ӛзін-ӛзі бағалаудан мынадай нәтиже кӛре аламыз: 
студенттер бірін-бірі бағалауда толықтырулар айта отырып шынайы бағалай 
алады, бір-біріне деген сыйластық пен сенімділік орнайды, ӛздерін еркін 
сезінетін болады, қателіктерін кӛре біледі және оны ӛз уақытында тҥзетудің 
жолдарын іздеп ӛз бетінше жоюды ҥйренді. Осының нәтижесінде студенттердің 
белсенділігі мен шығармашылығы артып, ҥйренген әдіс-тәсілдерін болашақта 
мектеп мҧғалімі ретінде еркін қолдана алады деген ойдамын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет