Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет67/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Keywords: self-assessment, teenager, self-awareness, self-knowledge. 
Елімізде қазіргі таңда жҥргізіліп жатқан әлеуметтік, экономикалық, 
мәдени ӛзгерістер жас ҧрпақтың барлық жақтарын әлеуметтендіру ҥдерісіне 
ықпал жасайды.
Ӛзін – ӛзі бағалауды қалыптастыру мәселесі- оның тҧлғасын дамытуды 
анықтайтын маңызды мәселе. Ӛзін- ӛзі бағалау адамға әртҥрлі ӛмірлік 
жағдайларда белсенді таңдау жасауға, оның ҧмытылстары мен қҧндылық 
деңгейі. Адамның ӛзіне берер бағасы,сенімділігі жоғары болса, кез- келген 
қиындықтан оғай шыға біледі. Ӛзін- ӛзі бағалау- бір жағынан, ӛзін тану 
аумағындағы интегративті жҧмыстың нәтижесі болса, екіншіден ӛзіне 
эмоционалды- қҧндылық жағынан қатынасады. 
Ӛзін- ӛзі бағалау ӛзіндік сана сезімдерінің бірлігі, тҧлғаның қасиеттеріне
сапасына деген қатынасы. Ӛзін- ӛзі бағалауға икемділік, орнықтылық, 
адекваттылық (жағымды, жағымсыз) сияқты сипаттамалар тән болады. Ӛмірлік 
тәжірибелерде қалыптасқан «Мен» бейнесі әлемді, басқа адамдарды 
қабылдауға, оларды бағалауға әсер етіп, соның негізінде адам ӛзінің мінез-
қҧлқын ӛзіндік бағалайды. 
Ӛзін-ӛзі бағалау сипатындағы ерекшелік ақиқат ӛмірлік әрекеттер арқылы 
анықталады. Бҧл жерде негізгі фактор бағалау қатынасында бейнеленетін 
адамның іс-әрекеті және айналасындағылармен қарым-қатынасы болып 
табылады. 


154 
Жасӛспірімдердің ӛзін -ӛзі бағалауы ӛзіндік сана бӛлігі ретінде 
функционалданады. Ӛзіндік бағалау ӛзіне қатынасты, жасӛспірімнің сыни 
тҧрғыда қаралатын ӛзіндік сананың арнайы функциясы. Ӛзіндік бағалау 
жасӛспірімнің жайлылық немесе жайсыздық жағдайын анықтайтын ӛзіндік 
сананың тірек бӛлшегі болып табылады. Яғни, ӛзін- ӛзі бағалау тҧлғаның ӛзі 
туралы білімдерінің қайнар кӛзі. Белгілі ғалымдар В.В. Столин, С.Р. Пантилеев 
ӛзін-ӛзі бағалауды ӛзіндік қатынас қҧрылымында қарастырды [1]. 
Жеке адамның кӛбіне - жасӛспірімдік шақта қалыптасатын ерекше 
маңызды белгісі-ӛзін-ӛзі сыйлау, ӛзін-ӛзі бағалау, ӛзін жеке адам ретінде 
қабылдау не қабылдамаудың дәрежесі. Ӛзін-ӛзі барынша сыйлау менменсудің 
не сын тҧрғысынан қарамаудың синонимі емес. Мҧның мәнісі адам ӛзін 
ӛзгелерден нашармын не тӛмен деп санамайды, ӛзін жақсы кӛреді деген сӛз. 
Керісінше, ӛзін-ӛзі бағалаудың тӛмендегі ҥнемі кӛңіл толмаушылықты, ӛзін 
жек кӛруді, ӛз кҥшіне сенбеуді кӛрсетеді. Ӛзін-ӛзі бағалау ерекшелігі кішкене 
кезінен 
бастап-ақ 
кӛптеген 
факторлар 
–ата-аналарының 
кӛзқарасы, 
қҧрдастарының арасындағы жағдайды т.б.әсер етеді. Жасӛспірімнің ӛзіне деген 
сенімі қаншалық жағымсыз болғанымен психологиялық тҧрғыдан ӛзін-ӛзі 
сыйлаудың кемдігі анағҧрлым қауіптірек. Мҧның ӛзі адамның ӛзі туралы 
тҥсінігін қарама-қарсы әрі орнықсыз етеді. Ӛзін-ӛзі сыйлау тӛмен жас ӛспірім 
жігіттер мен қыздар қарым-қатынаста кӛбінесе қиыншылық кӛреді,жалған бет-
перде жасап,айналасындағылардан бӛлектенуге тырысады. Басқа рольде кӛріну 
қажеттігі ішкі қарбаластықты кҥшейтеді.Адамның ӛзін-ӛзі бағалауы неғҧрлым 
тӛмен болса, оның жалғызсырап қиналуы соғҧрлым кӛбірек болады. 
Жасӛспірімдердің ӛзін-ӛзі бағалауы ӛте сақтықпен ӛтеді. Олар ӛздерінің 
жетіспеушіліктерін қуана айтады, яғни жетістіктерінен кӛрі. Бҧл жастағы ер 
балалар да, қыз балалар да ӛздерін «ашушаң, кҥйгелек, дӛрекі, ӛзімшілміз» деп 
бағалайды.
Конның кӛзқарасынша «Жеке тҧлға ӛзін бағалау қасиетін қорғаныс 
механизмдерін психологиялық процестерге қосады» деп тҥсіндіреді. Сонымен 
ӛзін жоғары бағалау немесе тӛмен бағалау жасӛспірімдерге кері әсерін тигізеді. 
Олардың сезімдерінде ӛзіне сенімсіздік, қорқыныш пайда болады. 
Ӛзін-ӛзі бағалау-бҧл ӛзін қоршаған шартты ортадағы ауысылымдарға 
тәуелсіз екенін мойындатады және ӛзіндік сана-сезімінің дамуы анықталған 
деңгейде ӛзін бағалай алу дәрежесіне жетеді. 
Жасӛспірімдер ӛзінің әлеуметтік ортасында ӛзіне «мен кіммін» деген 
ӛзекті сҧрақ қояды. Бҧл кезең сыртқы басқарылымнан ӛзін басқару кезеңіне 
алып барады. Балаң шақта қҧндылықтар-ӛзінің ішкі әлемін ашу. 
Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, 
ішкі дҥние мен ӛзін-ӛзі ҧғынудың тән сипаттарына назар аударады.
Осы жаста «мен» бейнесі «мен тҥсінігі» немесе «мен концепциясы» деп 
аталады, кҥрделі психологиялық қҧбылыс ӛзін бағалауда ӛзінің қасиеттерін 
мойындайды. «Мен кіммін?» деген сҧраққа ӛзін суреттейді, «Мен кім бола 
аламын және болуым керек, менің болашаққа мҥмкіндігім қандай, мен не 
істедім және мен тағы ӛмірде не істей аламын» деген сҧрақтар ӛзін қаншалықты 
анықтай алатынын кӛрсетеді [2]. 


155 
Н.Ф.Добрынина: «жасӛспірім ӛмірдегі барлық мҥмкіншіліктер тек қоғам 
шартында, ҧжым іс-әрекетінде жҥзеге асатынын ӛте жақсы тҥсінеді, осы жерде 
қарым-қатынас қажеттілігі оның ҧжым тек ӛзінің қабілеттерін кӛрсетіп қана 
қоймайды, сонымен қатар оған ӛзіне деген сенімділік пен ӛзгерістер енгізуге 
мҥмкіндік береді, яғни ӛзіне керек деген қажеттіліктеріне. Тату ҧжымнан 
әрқашан да ӛзіне кҥш алады және алға қойған мақсатына қалай да жетістікке 
жетеді. 
И.С.Кон мен Н.Ф.Добрыниннің айтуынша: балаң жастағы жасӛспірімге 
тҧлғалық психологиялық жағдайы ӛздерінің жеке жиынын қорытындылайды. 
Сонымен бҧл кезеңде ол ӛзінің тҧрақты қасиеттерін, темпераментін, мінезін 
анықтай алады.Физиологиялық қалыптасуы аяқталады, бірақ, бәрінен бҧрын 
«қҧндылықтарын-яғни ӛзінің ішкі әлемін ашады». Сыртқы басқару ӛзін 
басқаруға ӛтеді.
Жасӛспірімдік шақтағы ӛзін- ӛзі танудың қалыптасуы мәселесі осы 
кезеңде мҧндай кӛп факторлы, кӛп жоспарлы ҥрдістің жаңа деңгейімен жаңа 
сипатқа ие болуына байланысты ерекше маңызды. Ол жасӛспірімдердің 
қабілеттері мен индивидуалдық ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен қатар 
олардың бҥкіл тіршілік әрекетін жҥйелі тҥрде мақсатқа бағыттап, 
ҧйымдастыруға да байлангысты анықталады. Жасӛспірімдердің ӛзіне-ӛзі 
жауапкершілік тҥсінігінің артуы , олардың ӛзін-ӛзі тануының сипатты 
белгілерінің бірі «Ӛзін-ӛзі ересектерге ҧқсатқысы келетінжеткіншекке 
қарағанда, жасӛспірім ӛзін-ӛзі шынайы ересек ретінде тҥсінуге тырысады» 
және «Мен қандай ересекпін ?» деген сҧраққа жауап іздейді. 
П.Я. Ярмоленконың пайымдауынша, жасӛспірімдерде ӛзін-ӛзі танудың 
қалыптасуының негізгі шарттары олардың қоғамдық ӛмірдегі ,мектептегі, 
жанҧядағы орнының ӛзгеруі, қоғамдық пайдалы және еңбек әрекетіне 
жҧмылдыра бастау және осыған байланысты оларға тәуелсіздікке жол ашу 
Жасӛспірімдер ӛз кезегінде, жеткіншектерге қарағанда ӛздерінің қоғам 
алдындағы міндеттері мен жауапкершіліктерін сезіне отырып , пайдаға
жарамды болуға тырысады . осның барлығы жасӛспірімдерде ӛмірлік
бағытының қалыптасуының негізі болып табылады. 
Кӛптеген авторлардың пікірінше, жасӛспірімдік кезеңде тҧлға ӛзін-ӛзі іс-
әрекет және қарым-қатынас субьектісі ретінде таниды. Жасӛспірімдер ӛзін іс-
әрекет субьектісі ретінде тани отырып, олар ӛздерінің ӛмірдегі орнын да 
таниды.
Осыған орай, И .С. Кон былай деп жазады: «Жасӛспірімдер ӛзі туралы 
мен кіммін? деген сҧрақты қоя отырып, ол тек ӛзінің жеке қасиеттері мен 
қоғамдағы орнын сипаттап беруді ғана талап етпейді, ол сонымен қатар мен кім 
бола аламын, менің мҥмкіндіктерім менің перспективаларым қандай, осы 
ӛмірде мен не істеуім керек? деген сҧрақтарға жауап іздейді. жасӛспірімдер 
ӛздерін басқалармен салыстыру барысында ғана тани алады деп есептеді.Оның 
пікірінше, жасӛспірімдердің ӛзін-ӛзі тануға деген қызығушылықтарының 
артуы, олардың іс-әрекетінің кҥрделенуі мен оларға «ықпал ететін басқалар», 
яғни ӛзінің жҥріс-тҧрысы мен ӛзін-ӛзі бағалауында еліктейтін адамдар мен 
топтар санының ӛсуіне байланысты [3]. 


156 
Жасӛспірімдік шақтағы ӛзін-ӛзі танудағы қызмет іс-әрекетінің жетекші
тҥрін анықтау, ӛзін-ӛзі анықтау процесінің ішкі жағдайы болып табылады . 
Осыған орай, жасӛспірімдік шақта оқу-кәсіби іс-әрекет барысында жҥзеге 
асатын қоғамның қҧндылықтарын меңгерумен байланысты болатын іс-
әрекеттің ерекше тҥрі жетекші болады.
Жасӛспірімдік шақта баланың ересектермен ӛзара қарым-қатынасының 
кҥрделене тҥсуіне байланысты, ӛзін-ӛзі тану жаңа қасиеттерге ие болады және 
сапалы ӛзгерістерге ҧшырайды. Жасӛспірімдік кезеңде бҧл ӛзгерістерді С.Л 
.Рубенштейн былай деп тҥсіндіреді: Жасӛспірімдік кезеңге қарай ӛзін-ӛзі 
танудың дамуы бірнеше сатылардан ӛтеді, «аңғырт хабарсыздықтан тереңірек 
ӛзін-ӛзі тануға қарай ӛзгере бастайды ». Ӛзін-ӛзі танудың сапалық ӛзгерістері 
жасӛспірімдік кезеңде соншалықты ҥлкен және мәнді,сондықтан кеңес 
психологтары жасӛспірімдік шақтың ерекшеліктерін суреттей отырып, осы 
кезеңнің басты ӛзгерісі ретінде ӛзін-ӛзі танудың дамуын есептейді [4].
Я.П. Коломинский зерттеулері бойынша ӛзі қатарлас қҧрбылар тарапынан 
қолдау таппаған жағдайда жасӛспірімдер ӛзінің топтан ӛзге жерлерде дәрежесін 
шектен тыс жоғары бағалауға бейім келеді Оның дамуы сыртқы ортамен ӛзара 
әрекеттесуде тҧлға бағытын ӛзгертуге мҥмкіндік береді. Мҧнда ӛзін-ӛзі реттеу 
ҥрдісінің мәні мен ӛзін-ӛзі бағалау дамуы – ӛзін-ӛзі тәрбиелеудің қозғаушы кҥші 
болып табылады. 
Ӛзін-ӛзі бағалау сипатындағы ерекшелік ақиқат ӛмірлік әрекеттер арқылы 
анықталады. Бҧл жерде негізгі фактор бағалау қатынасында бейнеленетін адамның 
іс-әрекеті және айналасындағылармен қарым-қатынасы болып табылады. 
Ж.И. Намазбаева ӛзін-ӛзі танудың бірнеше жолдарын талдай келе, соның 
ішінде басқалардың тану арқылы ӛзін- ӛзі тануды ерекше бӛліп кӛрсетеді « 
Қарым-қатынас ҥрдісінде адамдар бірін-бірі танып, бірін-бірі баға береді 
.Ӛзгенің осындай бағалауы әр адамның ӛзін-ӛзі бағалауынан кӛрініс танытатын 
болады». Демек, ӛзгелердің берген бағаларын ескере отырып, адам ӛзін-ӛзі 
бағалайды, таниды. Ӛмірде ӛз орнын табуда ӛзін- ӛзі тәрбиелеп, ӛз бетінше 
оқып білім алу, ӛз білімін ӛзі жетілдіру, ӛзін- ӛзі шектеу, ӛзіндік бақылау, ӛзін 
ӛзі ынталандыру әдістерін жасӛспірім уақытылы пайдалана алса зор нәтижеге 
жеткізіп, ӛзін- ӛзі бағалаудың аясы кеңейеді. Ӛзін- ӛзі бағалау ӛзіндік сана 
сияқты әлеуметтік жағдайларға негізделеді. 
Қорытындалай келе, жасӛспірімнің ӛзі жайлы терең білуін, ӛз 
мҥмкіншілігі, іскерлігін және жеке сапаларын ӛздігімен бағалауға ҥйретуді, ӛзін 
- ӛзі бағалауды адамның басқа психикалық кӛріністерінен ажыратпауды, ӛзіне 
әділ баға беруге ҥйретуді әр мҧғалім ӛз міндетіне алса – бала дамуындағы 
жетістіктер мен ҥлкен мҥмкіндіктер деңгейі жоғарылар еді. Нәтижесінде: 
баланың жетістікке жетуге тырысқан іс – әрекетінде ӛзін - ӛзі бағалау дамып, 
ол ӛз іс – әрекетінің кӛрсеткіштерін байқап, ӛзін белгілі талаптарға сай 
дамытып, ӛзін - ӛзі бағалау ықпалымен жеке тҧлға ретінде қҧрылып, жетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет