Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


CАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет81/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

CАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 
 
Абильдина С.Қ. 
п.ғ.к., профессор, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы 
Е.А.Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Қазақстан, Қарағанды 
 
Ануарбекова Г.Ж. 
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистранты 
Е.А.Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Қазақстан, Қарағанды 
Аннотация. В статье раскрыта проблема использования цифровых образовательных 
ресурсов в активизации познавательных интересов младших школьников. Авторами даны 
определения по пониятиям «цифровые образовательные ресурсы», «познавательный 
интерес». Представлены требования к отбору цифровых образовательных ресурсов для 
решения педагогических задач. 
Summary. The article deals with the problem of using digital educational resources to 
enhance the cognitive interests of younger students. The authors give definitions on the concepts of 
"digital educational resources", "cognitive interest". The requirements for the selection of digital 
educational resources for solving pedagogical problems are presented. 
Ключевые слова: обновление содержания образования, информатизация, цифровые 
образовательные ресурсы, познавательный интерес, обратная связь, электронное задание. 
Keywords: education, primary school, updating the content of education, Informatization, 
digital educational resources, cognitive interest, feedback, electronic task. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы 
«Тӛртінші 
ӛнеркәсіптік 
революция 
жағдайындағы 
дамудың 
жаңа 
мҥмкіндіктері» Жолдауында: «Оқытудың мазмҧндылығы заманауи техникалық 
тҧрғыдан қолдау кӛрсету арқылы ҥйлесімді тҥрде толықтырылуға тиіс. 
Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және 
мектептерімізді видеоқҧрылғылармен жабдықтау жҧмыстарын жалғастыру 
қажет»-дей келе, сандық білім беру ресурстарының маңыздылығына ерекше 
назар аударған[1].
Сандық білім беру ресурстары (СБР) – оқытуды интерактивті форма 
тҥрінде қамтамасыз ететін оқылатын пәндер бойынша сандық дидактикалық 
материалдар: фотосуреттер, бейнекӛріністер, статикалық және динамикалық 
модельдер, виртуалдық шындық пен интерактивті модельдеудің объекттері, 
дыбысты жазулар және басқа оқу материалдары. Сандық білім беру ресурстары 
пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына 
арналған дидактикалық материалдар болып табылады. Олар оқу пәнінің белгілі 
бір тақырыбы бойынша мультимедиалық тҥсіндіруді, интерактивтік 
тапсырмаларды және тестілік сҧрақтарды қамтиды. СБР-ға жаттығулар 
орындау, картамен жҧмыс жасау, сәйкестіктерді белгілеу, сӛйлемдерді 
толықтыру, кесте қҧру, сӛзжҧмбақ, ребус шешу т.б. тапсырмалар енгізілген. 
Математика, алгебра, геометрия пәндері бойынша СБР-да кӛптеген 


184 
жағдайларда оқушыларға әрбір кездейсоқ таңдау бойынша ҧсынылатын 
тапсырмалар базасының маңызы зор. Сол себепті, жауапты есте қалдырудың 
тек механикалық жаттанды тҥрінен оқушының саналы есте сақтауына қарай 
жҥру логикасы қалыптасады [2]. 
Білім мазмҧнын жаңарту жағдайында, аса маңызды шешуді қажет ететін 
міндет мектеп оқушыларының білім сапасын жетілдіру, тәрбиелеу, дамыту 
және танымдық қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Бастауыш саты 
– оқушының интеллектісі дамуының іргетасы оқу әрекеті қалыптасуының 
қуатты жҥретін кезеңі. Бҧл жастағы оқушылардың маңызды ерекшеліктері 
олардың айналадағы ӛміріне, адамдарға, оқиғаларға, деректерге қызығушылық 
танытуы болып келеді.
Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы - жеке тҧлғаны дамыту және 
қалыптастыруды қамтамасыз етудің қажетті шартының қҧралы, сонымен қатар 
оқу әрекетін игерту, оқушылардың даралығы, жалпыбілімдік біліктілігі, 
дағдысы болып табылады. 
Танымдық қызығушылық – жеке тҧлғаның маңызды білімді меңгеру тҥрі, 
шығармашылық әрекеті мен белсенді ынталандырушысы болып саналады. 
Сонымен бірге, танымдық қызығушылық сезімнен ойлауға ӛтуге, ӛздігінен 
ізденуге ҥйретеді.
Танымдық қызығушылықтың мәні ерекше, әсіресе бастауыш оқыту 
деңгейіне тән. Ӛйткені таным-білімнің, оның заңдылықтары мен әдістерін
тәсілдерін меңгеру осы шақта қалыптасады. Оқытудағы танымдық 
қызығушылық мәселелерін Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, 
М.Я.Гальперин, С.Л.Рубинштейн, Д.И.Божович, А.В.Петровский т.б. зерттеулерінде 
қарастырылған. 
Оқытудың танымдық қызығушылықты қалыптастырудағы маңызы 
туралы 
И.Я.Лернер, 
Б.Г.Ананьев, 
М.А.Данилов, 
М.И.Махмутов, 
П.И.Пидкасистый, Ю.К.Бабанский, М.Н.Скаткин, Б.П.Есипов, Г.И.Щукина, 
Н.Г.Морозова, Т.И.Шамова, Н.А.Половникова және т.б. еңбектерінде қарастырған. 
Отандық ғалымдар Ж.А.Қараев, Т.С.Сабыров, Н.Д.Хмель, М.Ә.Қҧдайқҧлов, 
А.Е.Әбілқасымова, 
А.П.Сейтешев, 
Ә.М.Мҧханбетжанова, 
Р.С.Омарова, 
А.С.Мустояпова, Т.И.Қоқымбаева, т.б. ӛз зерттеулерінде таным жӛніндегі 
идеяларын, уақытқа ҥйлесімді танымдық қызығушылығын қалыптастыру, 
ӛзбетімен білім алуы дағдыларын қалыптастырудың тиімді негіздерін зерттеп, 
жан-жақты қарастырған. 
Балалар жасына байланысты танымдық қызығушылықты қалыптастыру 
мәселелерін бірқатар кеңестік ғалымдардың жҧмыстарында қарастырылған: 
Н.Рыбникова, Л.Гордон, М.Беляева, И.Цветкова, Л.Моневцова, Н.Постникова, 
К.Романова, Р.Римбург, П.Сербиладзе (мектеп жасына дейінгі кезең), 
И.Щевченко (жеткіншек жас), В.Ильина, В.Иванова, Н.Костина, Л.Рожина 
(ересек мектеп жасы). 60-жылдардың басында бастауыш мектеп оқушылары 
бойынша А.Абдуллаева, М.Морозова, Чо Чун Силь, Ф. Гусейнова (бастауыш сынып 
оқушылары қызығуының жҥйесін зерттеу), А.Дусавицкий (оқушылардың танымдық 
қызығушылықтары дамуына оқыту қҧралдарының әсері), Л.Склярский (ҥлгерімі 
нашар оқушылардың танымдық қызығулары дамуының ерекшеліктері), 


185 
М.Щеломенцова (бастауыш мектеп жасында танымдық қызығушылықтың дамуында 
ғылыми-кӛркем кітаптардың ролі) еңбектері шықты. 
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығына жақын 
мәселелер В.Дорохова, Р.Жданова, Е.Киричук, О.Саулина, Л.Трегубованың 
жҧмыстарында да қарастырылған. 
Педагогикалық-психологиялық сӛздікте: «Қызығушылық –бҧл адам 
психикасының танымдық, эмоционалдық және ерікті ортасы» делінсе, 
психологиялық сӛздікте: [3] «Қызығушылық – бір нәрсені ерекше таңдап, соған 
қҧлай берілу. Адамдарды еліктіріп, ӛзіне тартқан нәрселердің бәрі де – 
қызығудың обьектісі» делінген.
Қазақстандық ғалымдар, Ж.Ы.Намазбаева [4]: «Қызығушылық (интерес)- 
назар, кӛңіл, ынта, ықылас, қызық; пайда, мҥдде; қалау, тілеу, тілек деп 
қарастырса, К.С. Жҧмасова [5]: «Қызығушылық – адамның рухани және дене 
кҥші дамуының аса маңызды шарттары болып табылады және оның ой- ӛрісін 
кеңейтіп, білім алуға итермелейді» деген қорытынды жасайды. 
Бҥгінгі 
таңда 
психологиялық 

педагогикалық 
еңбектерде 
«қызығушылық» 
ҧғымына 
бірқатар 
тҥсінік, 
анықтамалар 
берілген. 
Анықтамалардың мазмҧнына талдау жасай отырып, әрбір автордың бҧл 
ҧғымды ӛзінің зерттеу жҧмысының нәтижесіне қарай тҥсіндіретінін және олар 
бір мақсатты кӛздейтінін, мазмҧны жағынан бір - бірін толықтыра тҥсетініне 
кӛз жеткіздік.
Таным – адам санасын дамытудың негізі. Бастауыш мектеп жасындағы 
баланың танымдық әрекеті оқыту ҥрдісінде жҥзеге асады. Оқу әрекеті арқылы 
баланың таным ҥрдісі дамиды. Кҥнделікті ӛмір барысында бала шындық 
дҥниенің қҧбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының 
жинақтаған бай тәжірибесін ҥйренуге талаптанады.
Философиялық тҧрғыда: «Таным- ойдың білмеуден білуге қарай, дәл емес 
білуден, неғҧрлым толық дәл білуге қарай ҧмтылған ой ӛрісінің кҥрделі ӛрісі». 
Адам танымы бақылаудан, нақты аңғарудан заңды теория жҥзінде ашуға, ал 
сонан кейін ол заңды теорияны, практикада қолдануға қарай жҥріп отырады. 
Таным заттардың адаммен практикалық байланысының мәні мен қасиеттерін 
ғана кӛрсетіп қоймай, заттардың ӛзара объективтік байланыстарын және 
заңдылықтарын қоса анықтайды [5]. 
Философтар Д.Кішібеков, Ҧ.Сыдықов бойынша: «Таным дегеніміз – 
сыртқы заттар мен қҧбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында 
идеалды образдар жҥйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы кҥрделі 
процесі» [6]. 
Танымдық қызығушылық категориясы бірқатар психологиялық – 
педагогикалық еңбектерде қарастырылған. Мысалы: Г.И.Шукина ӛз еңбегінде, 
танымдық қызығушылық оқытудың қҧралы ретінде, мотив негізінде және 
жоғары деңгейде тҧлғаның қасиеті бола алатынын кӛрсеткен [6]. 
Танымдық қызығушылық кӛп қырлы қҧбылыс ретінде оқыту мен тәрбие 
ісіне жан-жақты әсер етеді. Танымдық қызығушылық оқушының жеке басының 
тҧрақты қасиеті бола отырып, оның оқудағы белсенділігін, ӛздігімен дербес 
танымдық мақсатты қоя білуін анықтайды. 


186 
Зерттеулер негізіне сҥйенсек, танымдық қызығушылық оқу әрекеті 
барысында қалыптасады. Оқу әрекеті - бҧл, бір сӛзбен айтқанда, оқу 
тапсырмаларын орындау туралы тҥсініктері. 
Оқушыдағы танымдық қызығушылықтың пайда болуы оның іс-қимылынан, 
әрекетінен айқын аңғарылады. Ең әуелі оқушының іс-әрекетке деген кӛзқарасы 
ӛзгеріп, танымдық белсенділігі арта тҥседі. Танымдық қызығушылық әбден 
жетілгенде, оқушының бҥкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады. 
Зерттеушілердің басым бӛлігі танымдық қызығушылықты іс-әрекеттің 
мотиві ретінде қарастырады (А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович, Н.Г. Морозов, 
Л.С.Славина және басқалар). 
Танымдық 
қызығушылық 
проблемасын 
зерттеумен 
айналысқан 
Г.И.Щукина ӛз зерттеулерінде танымдық қызығушылықты: 
- адамның қоршаған ортадағы қҧбылыстарды және обьектіні тану бағыты 
ретінде; 
- жеке адамға қанағат әкелетін әрекетпен айналысуға деген негізгі ой, 
мақсат, талпыну, қажеттілік ретінде: 
- жеке бастың белсенділігін талпындырушы ретінде, соның әсерінен 
адамның барлық психикалық процестері қарқынды ӛтеді, ал іс-әрекеті нәтижелі 
және қызықты болады; 
- ең соңында, қоршаған ортаға, оның обьектілеріне, қҧбылыстарға, 
процестерге ерекше таңдамалы қатынас ретінде қарастырса, Г.И. Щукина 
мектеп мҧғалімдері жҧмысына жҥргізген бақылау нәтижесі оқушылардың 
танымдық қызығушылығының тағдыры мҧғалімдердің қолында екендігін 
кӛрсетеді. Ол оқу тапсырмаларын орындауға деген саралы кӛзқарас, ең 
алдымен мҧғалімге, оның жеке басына және шеберлік дәрежесіне байланысты 
екендігін, сондай-ақ мына жәйттерді де ескеру қажет екендігін ескертеді: 
- танымдық қызығушылық - жеке адамның ішкі процесі және ол танымдық 
процестердің (қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял) дамуымен байланысты; 
- оқушыны оқудың әртҥрлі жақтары қызықтыруы мҥмкін. 
Танымдық қызығушылықтар мектепте қҧрылады. Мҧғалім әрекеті (сабақ 
беру) және оқушы әрекеті (оқу) біріккен кезде, ӛзара байланысты оқу ҥрдісі 
қҧрылады. Яғни, бҧл ҥрдісте ғана ӛзара байланысты әрекет кезінде танымдық 
қызығушылық арта тҥседі, дамиды, толықтырылады.
Танымдық қызығушылық - бҧл жеке тҧлғаның таным ҥрдісі кезіндегі ерекше 
таңдалған, іріктелген бағыттылығы. Танымдық әрекетінің негізінде оқушыда 
танымдық қызығушылық қалыптасады. Олай болса, танымдық қызығушылық 
дегеніміз, білімді меңгертуді тек байқаумен, сезумен ғана қабылдатып қоймай, 
керісінше, талданып отырған ҥрдісті аңғарту арқылы заңдылықтың теория жҥзінде 
қалай ашылғанын байқата, соны білдірте отырып, меңгерген білімін пратикада 
шығармашылықпен қолдана білудің дҧрыс амал-тәсілдерін ҥйрету, сол арқылы 
іскерлігі мен дағдысын арттыру болып табылады. 
Танымдық қызығушылықтың тағы бір ерекшелігі, оның әсерінен оқу 
әрекетінің сипаты тез ӛзгереді. Қызығу бар кезде оқу әрекетінің жақсы нәтижесі 
ғана қамтамасыз етіліп қоймай, оның сипаты тҧтастай ӛзгереді: белсенді, 
дербес жан-жақты, шығармашыл, тереңдетілген және т.б. 


187 
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда сандық білім беру 
ресурстарының пайдаланылуы бастауыш мектептің әралуан оқу пәндерін оқыту 
кезіндегі біртҧтас оқу ҥдерісіне ҥйлесімді тҥрде енгізілуі тиіс, және сабақтың 
дидактикалық мақсатына сай болуы шарт. Сондай-ақ, алға қойылған 
мәселелердің тиімді шешілуіне бастап апаруы керек. Сандық білім беру 
ресурстарының бастауыш мектепте танымдық қызығушылықты арттыру 
мақсатында пайдаланылуы оқушылардың бойында жалпыоқушылық машықтар 
мен дағдылардың қалыптасуы ҥшін, оқушылардың бойында сандық білім беру 
ресурстарын пайдалануға деген оң уәждемелердің қалыптасуына ықпал ететін 
атмосфераны жасау ҥшін де қажет болмақ. 
Сандық 
білім 
беру 
ресурстарын 
оқушылардың 
танымдық 
қызығушылығын арттыруда пайдалануда мына жайлар ескерілген шарт: 
- сандық білім беру ресурстары арқылы берілген тапсырмалардың 
мақсатын анықтауға ҥйрету барлық пәнде жҥйелі жҥргізілуі қажет; 
- мектептерде және бастауыш сынып мҧғалімдерін даярлайтын оқу 
орындарында сандық білім беру ресурстарын пайдалануға байланысты 
семинарлар, арнайы курстар ҧйымдастыру қажет; 
- оқу тапсырмаларын талдау және оның мақсатын анықтаудың 
байланыстылығын сақтау қажет;
- оқу әрекеті оқу тапсырмалары тҥрінде қҧрылады және кез келген әрекет 
талдаудан басталатындығын есте сақтау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет