124
2. 8-сыныптың оқулығына талдау жасап, ондағы теориялық
мәліметтердің берілуіне сараптама жасаңыз
Студенттердің оқытушымен бірлескен ӛздік жұмысы
1.Сӛйлемге сатылай кешенді талдау жасауды меңгертудің
ұтымды жолдарын ұсыныңыз.
2.Жай сӛйлемді оқытуға
қатысты еңбектерге талдау
жасаңыз
Тапсырмалар
1-тапсырма
Берілген мақалдарды аяқтап, сӛйлемге синтаксистік
талдау жасаңыз. Мақал-мәтелдерді сабақта кӛптеп
қолдану
қандай нәтиже беретінін айтыңыз.
1. Алтау ала болса, …
2. Тӛртеу түгел болса, …
3. Ер бір рет ӛледі, …
4. Шешеннің сӛзі ортақ, …
5. Жүйелі сӛз жүйесін табар, …
6. Жақсы дос үшін, …
7. Жақсы болсаң, …
2-тапсырма
Сӛйлемдерден тұрлаулы мүшелерді тауып,
қалай
жасалып тұрғанын айтыңыз. Тұрлаулы мүшелерді оқытуға
байланысты қандай кӛрнекі құралдарды пайдалануға болады?
(Бірнеше үлгісін беріңіз).
Тәрбие дегеніміз – бір адамның екінші адамға белгілі бір
жақсы әдеттерді үйренуіне ықпал жасайды.(Л.Т.).
Сондықтан жасы шамаластар Хамитты ӛздеріне аға
санайды.(К.Ж.). Мақсат біреу, екіге бӛлу – ымырашылдық.
Жаңағы тігілген – оның ӛз үйі. Әке болу – табиғат заңы.
Жақып қып-қызыл болып кетті. (Ғ.Мұст.).
3- тапсырма
Бастауышты оқытуға арналған сабақ жоспарын жасаңыз.
4-тапсырма
Сӛйлемнің түрлерін оқытуда пайдалануға болатын
бірнеше кеспе қағаздарының үлгісін жасаңыз.
125
5-тапсырма
Синтаксистік талдаудың жүргізілуін түсіндіріңіз.
6-тапсырма
Жай сӛйлемді оқыту барысында сабақта қандай ойын
түрлерін қолдануға болыды? Ол ойындарды қалай, сабақтың
қай кезеңінде пайдаланатыныңызды айтып, түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: