Білім беру бағдарламасы 6В01303 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі



Pdf көрінісі
бет17/76
Дата22.11.2023
өлшемі2.91 Mb.
#484150
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76
бастауыш бағдарламасы

 
1.5.4 Кәсіби қызмет түрлері 
6В01303 "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша 
білім бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:: 
- диагностикалық-оқушы тұлғасын, оқыту, тәрбиелеу және дамыту нәтижелерін 
зерттеу; 
- ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технологиялар негізінде 
оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру); 
-басқарушылық-педагогикалық ("субъект-субъект" өзара іс-қимылы, білім берудегі 
менеджмент); 
- жобалық (бастауыш мектепте білім беруді модельдеу); 
- ғылыми-зерттеу (білім беру мәселелерін шешуде шығармашылық ізденіс
педагогикалық тәжірибені зерттеу, рефлексия). 
1.5.5 Кәсіби қызметтің функциялары 
«6В01303 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру 
бағдарламасы бойынша білім бакалаврлары ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» 
Төрағасының 08.06.2017 ж. № 133 бұйрығымен бекітілген «Педагог» кәсіби стандартына 
сәйкес келесі функцияларды орындай алады: 
- Оқыту: оқу ақпаратын таратады, өз бетінше білім алуға үйретеді; 
- Тәрбиелеуші: білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне қосады; 
- Әдістемелік: білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 
- Зерттеу: білім алушылардың білім беру мазмұнын меңгеру деңгейін зерттейді, білім беру 
ортасын зерттейді; 
- Әлеуметтік-коммуникативтік: кәсіби қоғамдастықпен және білім берудің барлық мүдделі 
тараптармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. 
1.5.6 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері 
білім алушыларда мемлекеттік білім беру стандартында көзделген пәндер бойынша 
білімді, білік пен дағдыларды, сондай-ақ пәндер бойынша базалық және пәндік 
құзыреттілікті қалыптастыру 
тұлғаның әлеуметтік, эмоционалдық-ерік, зияткерлік, психикалық және басқа да 
қасиеттерін дамыту 
құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу. 


6В01303-"Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша 
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына, халықаралық, республикалық және 
аймақтық ғылыми-теориялық және ғылыми — практикалық конференцияларға
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына, дебаттық қозғалысқа, Республикалық 
пәндік олимпиадаларға қатысуын ұйымдастыру; ІV курс студенттерінің 
магистратура бағдарламасы бойынша шетелдік университеттердің гранттарына 
арналған конкурстарға қатысуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет