П 15 Пікір жазғандар


Бұл – сұрай арнаудың үлгісі



Pdf көрінісі
бет15/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
әдебиет теориясы

    Бұл бет үшін навигация:
  • Табым
Бұл – сұрай арнаудың үлгісі: ақын немесе ақын жырға қосып отырған адам өз ойын өзгеге
арнап сан-сапа сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді. Бұл –
бір. Енді мына шумақтар:
Орай да борай қар жауса,
Қаптай соққан бораңда
Қалыңға боран борар ма?
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлығы жоқ тұл үйге Ту түбіне тұлпар жығылса,
Ту байласаң тұрар ма? Шаппаған нәмәрт оңар ма?
(Махамбет)
Немесе мынау өлең:
Қызғалдақтай қызық өмір Тасқан қайтып, толған солып,
Күні келсе солмай ма? Сарғайтпай ма сондайда?
Еркін жүрген ерке көңіл
Алтын жастық жалған болып,
Қайғы-зарға толмай ма? Аһ ұрар күн болмай ма?
(Б.Күлеев).
Бұлар да – сұрай арнаудың үлгілері; бірақ мұндағы өзгешелік – арнауда қойылған
сұрақтарға автор жауап күтпейді, өйткені олар ешқандай жауапсыз-ақ түсінікті, арнаудың
өн бойында өзінен-өзі анықталып жатыр. Сұрай арнаудың мұндай түрлерін шешендік, яки
риторикалық (грекше rhetor – ділмар) айшық деп атайды.
Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы.
Жылқысын көптігінен баға алмайды.
Өлгеннің Төлегеннің рас болса,
Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?!
(Д.Әбілев).
Бұл – Жібектің зары, яғни зарлау арнаудың үлгісі.
Фигураның (айшықтаудың) бір түрі – қайталау – сөз әсерін күшейте отырып,
оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбыдысты бірнеше мәрте
қайталап, айтар ойды, ұқтырыр сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу. Мұның да бірнеше
түрі бар.


1)Жалғанда табынатын тәңірім – табым.
Табы жоқтың тәңірі жоқ, күні жарым.
Табым десем, бұлақтай таудан аққан,
Өн бойымды шымырлап, билейді ағын...
...Көзсіз көрдей басыма күндер туса,
Табым қолда жарық қып ұстар шамым.
Менің табым – еңбекші, еңбек ері,
Онсыз менде көрген күн – бұлдыр сағым.
(С.Мұқанов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет