емес, ірі-ірі оқиғаға, шындыққа, сырға толы түн мен күн. Оларды да автор айтпайды. Қай
майдан? Қандай құрбан? Жас төккен кімдер? Қай тұстағы жылдар мен айлар?...Бұларды
да автор тәптіштеп жатқанжоқ. Өйткені бұлардың бір қатары ақынның шындықты
суреттеу тенденциясынан айқын көрініп тұрса, бір алуаны жалпы логикадан түсінікті, ал
қайсыбірін, тіпті, айтудың қажеті жоқ.
Эллипсис кейде эвфемизмнің орнына да қолданыла береді: кейбір былапыт сөздерді
бүкпелей жұмсартып жатпай-ақ, тастап кетсе де түсінуге болады:
- Шап, әкеңнің...-дедім мен оған ақырып («Мөлдір махаббат»).
Мұндай эллипсистің түрлері көп-ақ, оларды мысалға
көптеп келтіріп жатудың
қажеті жоқ.
Эллипсис кейде адамның ішкі халін, қиын-қиын көңіл күйін, шым-шытырық оқшау
сезімдері мен ұғымдарын, шытырман психологиялық иірімдерін аңғарту үшін де
жұмсалады. Ала-құла ой, қиыр-шиыр қиял, әрі-сәрі түс, кейбір қиялы кісінің оқыс
күйініш-сүйініші...Осылардың бәрін эллипсис арқылы ұқтыруға болады. Мысалға, ақылы
ауысқан Қаракөздің мына сөздерін алыеп қаралық:
Жығылып барам. Ұйықтайын ба? Өлсем бе? Құлап кетем,
тау басынан қшып
келем...жерде
тоғай...көп
тоғай...?
Шақырады...Иә,иә
барам...Келе
жатырмын...тоғай...Ә...қайда кетті?.. (М.Әуезов).
Осыны, әсіресе сахнадан (Зәмзәгүл-Қаракөздің аузынан) тыңдағандағы адамның
үрейін ұшыратын сұмдық әсер кейіпкер сөзіне эллипсис арқылы дарып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: