Бақылау сұрақтары:
1.Шеберліктің басты шарты не?
2.Шеберлікке қандай талап-міндеттер қойылады?
3.Көркем әдебиеттің табиғаты қандай?
Глоссарий:
КӨРКЕМДІК ШЫНДЫҚ – өмір шындығының жазушының ой-елегінен, шығармашылық
көрігінен өтіп, қорытылып, әдеби шығармаларындағы баяндалған, көркем суретке
айналған қалпы. К. ш. өмірдегі шындықты кең толғап түсіну, терең сезіну, оған жазушы
өз қатынасын білдіру арқылы туады.
Сызбалар, тапсырмалар мен ситуациялар т.б.
1.Сенің ойыңша шеберлік деген не?
2.Шеберлікке қандай талаптар қоятын едің?
Блиц - тест:
1. Эстетикалық ой-толғамда көне грек эстетикасы бірінші ме, көне үнді көркемдік
көзқарасы бірінші ме?
А) Қайта өрлеу эстетикасы бірінші ме В) Классицизм эстетикасы бұрын қалыптасқан С)
Екеуі де бірінші емес Д) Көне үнді көркемдік көзқарасы-бірінші Е) Көне грек эстетикасы-
бірінші
2. «Егер әкімдік тізгіні бар адам болмас, бір сөзді дұрыс қолданбаған жазушыны жазу
құқығынан айырып, жүз дүре соқтырар едім» Кімнің сөзі?
А) А.Пушкин В) М.Лермонтов С) И.Тургенев D) Л.Толстой Е) К.Фадеев
3. Көркем шығарма тілін ақын тілі, әшейін тіл деп 2-ге бөлген әдебиетші ғалым
А) М.Горький В) Р.Нұрғали С) З.Ахметов Д) А.Байтұрсынов Е) З.Қабдолов
4. Әдебиеттану қай ғылымның саласына жатады?
А) филология В) мәдениеттану С) лингвистика Д) морфология Е) Эстетика
5. Реалды өмірдің көркем моделі
А) Сюжетке арқау болған тартыс В) Көркем шығарма С) Көркем бейне
Д) Автордың толғаныстары Е) Суреттелген оқиғалар тізбегі
6. Тілдік құралдарды көркемдік тұрғысынан пайдалану жайын қарастыратын ғылымды
атаңыз
А) Стилистика теориясы В) Фонетика С) Эвристика Д) Лингвистика Е) Әдебиет сыны
7. Әдеби шығармада белгіленген шындық
А) Көркем шындық В) Автордың өмір жолы С) Тарихи оқиғалар жаңғырығы
Д) Өмір шындығының шынайы көшірмесі Е) Басқа бір шығармадан алынған оқиға
8. Әдебиет «адамтану ғылымы» деп атаған қаламгер
А) А.Фадеев В) З.Қабдолов С) О.Бальзак Д) М.Горький Е) Э.Хемингуэй
9. Көркем мәтіннің материалы
А) Сөз В) Тақырып С) Өмір оқиғасы Д) Идея Е) Адам тағдыры
10. Ежелгі гректердің әдемілік туралы ілімдері жүйесіне байланысты қандай атау
қалыптасқан:
А) Эллада эстетикасы В) Әдеби ескерткіштер С) Шығыс даналығы Д) Символика Е)
Антикалық әдебиет
Әдебиеттер:
1. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 1992.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы, 1959.
3. Әдебиттану терминдер сөздігі. – Алматы, 1996.
4. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы, 1973.
5. Абрамович Г. Введение в литературоведение. – Москва, 1976.
6. Головенченко Ф.М. Введение в литературоведение. – М., 1976.
Достарыңызбен бөлісу: |