Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымындағы
образдар, олардың түрлері,
тип және
типтендіру, образ жасаудағы басты әдіс-тәсілдер турасында мағлұмат беру.
Сабақ жоспары:
1. Образ және образдылық туралы жалпы түсінік
2. Типтілік проблемасы. Жинақтау мен даралау.
3. Тип және прототип.
4. Образдың жасалу жолдары мен тәсілдері
5. Образдың түрлері
Бақылау сұрақтары:
1.Образ дегеніміз не?
2.Образдың қандай түрлерін білесің?
3.Образдылық дегеніміз не?
Глоссарий:
1. Реалистік образ – әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі.
2. Романтикалық образ – әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі.
3. Эпикалық образ – кескін –кейпі, мінез- құлқы, іс- әрекетімен тұтас көрінген әрі толық
жинақталған, әрі әбден даралған тип.
4. Драмалық образ – эпикалық не лирикалық образдар
секілді қағаз бетінде емес, тура
өмірдің өз аясында – сахнада көзбе- көз, қолма- қол жасалатын көркем бейне.
5. Юморлық образ – күлкілі
кейіпкер; юмор- өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың
өнердегі сәулесі .
6. Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Сатирамен суреттелер құбылыс – керексізб кесір
құбылыс.
7. Фантастикалық образ – қиядан туған қаһарман, адамның ақиқатқа ұқсас арманында
бедерленген бейне. Әдебиеттегі адам образының бағзы замандардан күні бүгінге дейін
келе жатқан көне түрлерінің бірі.
8. Трагедиялық образ – әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі.
Трагедиялық құбылыстар өмідірде де, өнерде де юморлық не
стиралық құбылыстар
қарама- қарсы: юмор мен сатира да күлкілі
жайлар ажуә, мысқыл, кекесін түрінде
көрінсе, трагедияда қатерлі нәрселер қайғы, қорқыныш, қаза түрінде көрінеді.
9. Геройлық образ – ұнамды кейіпкер. Адамға тән небір
тамаша сипаттардың синтезі
секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы асыл мұраттарынан туған тарихи тип.
Достарыңызбен бөлісу: