2.Қайталау деген не?
3.Шендестіру деген не?
4.Дамыту деген не?
5.Инверсия деген не?
6.Анафора мен эпифора деген не?
7.Эллипсис деген не?
Глоссарий:
Белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айтуды қайталау
дейді.
Сөйлегенде алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы оқиғадан соңғы оқиғаны күшейтіп
айтуды дамыту – градация деп атайды.
Сөйлем құрастыруда айтылуға тиісті кейбір сөздерді тастап жазуды эллипсис деп атайды.
Анафора деп өлеңнің әр жолы бір сөзден басталып отыруын айтады.
Поэтикалық сөйлемдерде сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып қолдануды инверсия деп
атайды.
Фигура (латынша figure – келбет, бейне) – сөз тіркестерін дағдылы синткасистік қалыптан
гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру.
Арнау – адамның, яки
ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл
қатуы,
көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі.
Қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген
нәрсені не құбыдысты
бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырыр
сырды ұғымға
мұқият сіңіре түсу.
Антитеза (грекше antithesis – қарама-қарсылық) – бір-біріне кереғар құбылыстарды, мән-
мағынасы әр тарап ұғымдарды, түр-түсі әр бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы
бұлардан мүлде басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-
кейпін анықтау, аңғарту, елестету.
Инверсия (латынша – inversio – орнын өзгерту, төңкеру) – прозалық, әсіресе поэзиялық
шығармалаада сөздердің әдеттігі грамматикалық түзілу
тәртібінен тыс, орындарын
ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.
Параллелизм (грекше parallelos – қатар жүру, қатынасу) – екі ұдай нәрсені, құбылысты,
ұғымды,
сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу.
Достарыңызбен бөлісу: