П 15 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет56/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65
әдебиет теориясы

№9 тақырыптың атауы: Фигураның түрлері
Сабақтың мақсаты: Поэзиялық не прозалық шығармалардағы сыртқы тұлғалық
ерекшеліктерді таныта отырып, айшықтау түрлерінің басты негіздерін жасау.
№9 ОСӨЖ-ді орындауға берілетін әдістемелік нұсқау: Алдымен әр тапсырманың берілу
мақсатын алып, соған жіті көз жіберіңіз. Бұл пән базалық пән болғандықтан, бір жағынан


жан-жақты әдеби дүниетаным мен білім көкжиегін кеңейтуге бағытталғандықтан,
интернет материалдарын, отандық және шетелдік баспасөз деректерін пайдалану
мүмкіндіктерін де қарастыруыңызға болады. Бұл ОСӨЖ-ді жазу барысында мынадай
мәселелерті ескеріңіз:
Алдымен беріліп отырған мәселе бойынша әдебиеттерді, хрестоматияларды тауып
алыңыз.
Тақырыптар бойынша басты мәселелерді анықтауға тырысып, нақты жауаптарын
табуға тырысыңыз, яғни шығарманы белгілі бір мақсатпен оқығаннан кейін,
композициялық-сюжеттік желілерін, шығармадағы образдар жүйесін теріп жазып
отырыңыз.
Жазбаша жазылған әр жұмыс папкаға салынып отырады және ОСӨЖ сабағында
талданады. Бақылау жұмысы нәтижесінде, бір жағынан, материалды игеру дәрежеңіз
байқалады, екіншіден, әдеби дүниетанымыңыз кеңейеді, сонымен қатар есте сақтау
қабілетіңіз ұшталады.
Сұрақтар:
1.Фигура туралы түсінік
2.Фигураның түрлері
Сабақ түрі: филологиялық-шығармашылық талдау сабағы
Бақылау сұрақтары:
1.Арнау деген не?
2.Қайталау деген не?
3.Шендестіру деген не?
4.Дамыту деген не?
5.Инверсия деген не?
6.Анафора мен эпифора деген не?
7.Эллипсис деген не?
Әдебиеттер:
1. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 1992.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы, 1959.
3. Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. – Алматы, 1990.
4. Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы, 1996.
5. Литературный энциклопедический словарь. – Москва, 1987.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет