194
солтүстік аймақтарда бір рет ұрпақ береді. Оңтүстікте
бірінші ұрпақтың
имагосы сәуірдің соңынан – мамырдан маусымның екінші екінші жартысына
дейін, ал екінші ұрпақ – тамыздың екінші жартысынан қазанның екінші
жартысына дейін ұшады. Республиканың солтүстігінде бөгелектердің ұшуы
шілдеден қыркүйектің екінші жартысына қарай байқалады.
Ұрғашыларының өмір сүру ұзақтығы – 30-50, еркектерінің 16-40
тәулік. Ұрғашылары жұптасуға
дейін неғұрлым белсенді, содан кейін
қабырға, дуал және құрылыстардың жарық жерлерінде оңашалау отырады.
14 және одан да көп тәуліктен соң,
дернәсілдер жетілгеннен
кейін,ұрғашылардың тағы да қарқынды ұшуы және жануарларды
дернәсілмен зақымдауы басталады.
Оңтүстік Қазақстанда І фазаның дернәсілдерінің максималды мөлшері
жануар ағзасында екі рет байқалады: маусым мен шілденің соңында және
қазаннан
қаңтарға дейін, ІІ фазаның дернәсілдері – шілдеден қазанға дейін
және желтоқсаннан мамырға дейін. Қазақстанның басқа аймақтарында І
фазаның дернәсілдері
қазаннан ақпанға дейін, ІІ фаза – қаңтардан шілдеге
дейін байқалады (6 сызба).
Достарыңызбен бөлісу: