К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Алдын алу және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет178/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Алдын алу және күресу шаралары. Қойлар мен ешкілер эстрозбен 
күресуде химиотерапия жолымен хлорофос және ДДВФ аэрозольдері немесе 
ерітінділерін 
қолданады. Мұрын 
қуысындағы 
қой 
бөгелектерінің 
дернәсілдерін 20-25 мл дозада 4%-қ хлорофос ерітінділермен суармалау 
әдісімен құртады. 
Жұмысы аз және тиімді әдісі қойларды аэрозольді дезинсекция болып 
табылады. Герметикалық қой қораларында ерте эстроз терапиясында топтық 
әдіс жүзеге асырылады. 
Қойларды өңдеу үшін ветеринариялық дезинфекциондық машина 
қолданылады, онда әртүрлі бүріккіштерді (ПВАН және ТАН), зауытта 
дайындалған аэрозольді балондарды қолданады. Қой қораларында бір 
баллон «Эстрозоля» мен 400 м
3
–ты өңдйді. Айрозольдермен жұмыс істеген 
кезде газқағар киген жөн, себебі олар улы болып келеді.Эстрозға қарсы 
қойларды бір рет өңдейді: орташа тілмесінде – қыркүйек – қазан, оңтүстікте – 


193 
қазан – қараша. Қойларды ДДВФ аэрозольдерімен өңдеген кезде
жануарларға 5 күннен кейін, хлорофос аэрозолімен 7 күннен соң, ал 
интраназальді суландыруда 3 күннен кейін жануарларды союға рұқсат етеді. 
 
5.4 Жылқы ринэстрозы 
 
Ринэстроз 
– 
созылмалы 
өтетін, 
жұтқыншақ 
бөгелектерінің 
балаңқұрттарымен шақырылатын, мұрын және шектес бас қуысын 
паразиттейтін ауру. Жергілікті қабыну процесстерімен және жалпы 
патологиялық көріністермен сипатталатын ауру.
Ринэстроздың қоздырушысы болып бөгелектің 3 түрі Rhinoestrus 
тұқымдасы Oestridae туысты: Rh.purpureus түрі Қазақстанның солтүстігінде 
(ақбас, немесе орыс бөгелегі), басқа аймақтарда – ақбас және қортық 
(Rh.latifrontis). Республиканың оңтүстік-батыс аймақтарында, екеуінен басқа,
аз тікенділері кездеседі (Rh.uzbekistanicus).
Қоздырушысы. Ақбас – қызылкүрең-қоңырқай түсті, 10-12 мм 
ұзындықта. Басы үлкен, жалаңаш, ақ. Ауыз қуысы мүшелері дамымаған. 
Қарны жалаңаш, жұмыртқа тәрізді формада, күлгін-сұр түсті. Қанаттары 12 
мм ұзындықта, мөлдір, негізі үш қара нүктелі. Аяқтары қысқа.
І фазаның дернәсілі 1 мм шамасында, ұзартылған сопақша формада, 
соңынан тарылған және бас жағы жалпақ. Денесі түгел жалпақ, артқы 
жағынан аздап дөңес. Басының соң жағы ашық-қоңыр түсті, екі күшті, үшкір, 
ұзын, иілген ілгекпен қамтылған. Олардың негізінде ауыз қуыстық саңылау 
болады. Денесі тікенектермен қапталған. ІІІ фазалы дернәсілдің ұзындығы 
17,5 мм. Дернәсілдің түсі қызыл, пісіп жетілген соң ағарады. Қуыршағы 
ұзартылған-жұмыртқа тәрізді формада, соңы жуан.
Қортық бөгелек – 11-13 мм, орта арқасындағы ұзына бойлы жолақтар 
қызғыш-қоңыр түсті. ІІІ фазалы дернәсілдің денесі жалпақ, қарын жағы 
жалпақ, 20 мм ұзындықта.
Аз тікенді бөгелек – ұзындығы 8-9 мм, жаны мен кеудесі сарғыш 
түктермен қапталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет