К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Эпизоотологиялық деректері



Pdf көрінісі
бет180/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Эпизоотологиялық деректері. Инвазияның көзі –жұтқыншақ 
бөгелектерінің дернәсілдерімен зақымдалған жылқы, есек, қашыр. Қатты 
және күрделі инвазирленген дернәсілдерімен жас және кәрі жануарлар 
ауырады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Патогенезі және клиникалық белгілері. Ауру көбіне созылмалы 
өтеді. Катаральды қабынуға алып келетін, бөгелектердің дернәсілдері мұрын 
қуысының ұлпасын жарақаттайды. Ринит және ларингит дамиды. Іріңді-
шірік процессі байқалады. Жануарлар азықтанғанда танауынан су ағады. 
Жылқылар мазасызданады, бастарын қозғалтып, пырылдайды, жиі жөтеледі, 
жұтынғанда ауырсыну байқалады. Жануардың жалпы қанаушылық 
байқалады, жақасты және құлақ маңы лимфа түйіндері үлкейген.
Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері. Мұрын және маңдай 
қуысының кілегей қабығы қабынған, ісінген, қып-қызыл түсті, жараланған. 
Ойық жараның түбінде іріңді ірімшік байқалады. Бастың кілегей қабығында 
дернәсілдер табылады.
Балауды 
клиникалық 
белгілеріне, 
Патологиялық-анатомиялық 
зерттеулердің нәтижелеріне және мұрын қуысы мен жұтқыншақта табылған
бөгелектердің дернәсілдері негізінде қояды. Аллергиялық және серологиялық 
реакциялар қолдану ұсынылған.
Өлген малда танау қуысынан дернәсілдердің анықталынуы балауды 
растайды. Ауруларды ценуроз, жұқпалы емес ринит, брадзот пен 
энтеротоксемиядан 
(қойда), 
маңқа, 
сақау, 
грипп, 
инфекциялық 
ринопневмония, ЖТЖЗК (жылқыда) айыру қажет.
Емі. Бөгелектері екі рет ұрпақ салатын жерлерде, екі рет өңдеу жасаған 
жөн – шілдеде және қазанның екінші жартысында – қарашаның басында. 
Солтүстік Қазақстанда жылқыларды өңдеуге қыркүйектің соңы мен 
қарашаның басында жүргізеді. Атқорада жылқыларды топтық өңдеу үшін 
аэрозоль түрінде 1 % ДДВФ (дихлорфос) 40-60 мг/
шығын, 16,7 % 


195 
циодрин 3г/
есебінен 1 сағат тәртібінде қолданылуы мүмкін.
Жылқыларға хлорофосты емдік түйіршіктермен (1 кг түйіршік 10 г 
хлорофос құрайды), 1-1,2 кг ересектер және жас төлдерге 0,5 кг есебінен 
азықтандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет