Алдын-алу және күресу шаралары. Нашар шаруашылықтан түскен
жылқыларды, емдік-профилактикалық өңдеу жүргізу қажет. Дернәсілдері
түсетін кезеңде жылқылардың тұрақтарында жиналған тезек, азық
қалдықтары, биотермиялық залалсыздандыру жасайды.
Жылқылардың дернәсілдерінің белсенді ұшу кезеңінде күндіз, түнгі
уақытта немесе таңғы және кешкі уақыттарда қараңғы бастырмада ұстау
ұсынылады.
5.5 Ешкі кривеллиозы Жануардың өнімділігінің төмендеуімен және жалпы уланумен,
жергілікті жердің қабыну процесстерімен мінезделетін паразиттік жолмен
шақырылатын, дернәсілдері организмде болатын ешкінің теріасты
кривеллиозы - Crivella silnus. Кривеллиозге үй ешкілері және теке, сирек -
қойлар мен муфлондар бейім. Кавказ және Орта Азияда таралған. Семей
облысында табылған (Қазақстан).
Қоздырғышы. Ұрғашысының ұзындығы 11-15 мм, басы денесімен
бірдей, жартышар тәрізді, көзі үлкен, шартәрізді, мұрты қысқа келген.
Артында ортасына дейін жететін екі сұр кесіндісі бар. Құрсағы конус тәрізді,
ұзын түктермен қапталған. Аналықтары жұмыртқа салады.
Жұмыртқасы сопақша келген, бұлыңғыр-сарғыш түсті бекітетін
жабыстырғыштары бар. І фаза дернәсілдері ұзынша-сопақ, ұзындығы 11 мм.
ІІ фаза дернәсілі біршама үлкен, ал ІІІ фаза - сопақтау келген, жарқыраған,
ашықтан – қара қоңыр түсті, ұзындығы 21 мм дейін. Қуыршағы дернәсілдің
ІІІ фазасының негізгі белгілерін сақтайды, бірақ, кішкене қаралау түсті,
тығыз, алдыңғы жағының соңында қақпақшасы бар.
Қоздырғышының даму биологиясы. Ешкінің
теріасты
кривеллиозының даму кезеңі бір жыл уақыт аралығында өтеді. Қуыршақтан
шығып кеткен, еркегі мен ұрғашысы ұшуға және жұптасуға қабілетті.
Ұрғашысы жануарларға жасырын ұшады. Бөгелектің біршама белсенді ұшуы
жылы, желсіз, шуақты күннің 12-ден 17 сағат аралығында байқалады.
Бөгелектің ұшуы сәуірден шілдеге созылады.
Әдетте ұрғашысы 330-357 жұмыртқа тастайды және арнайы
жабысқақтары арқылы түктеріне біртіндеп бекітеді. Жұмыртқа тастайты ең
қолайлы жерлері – қарынның, кеуденің аймағы, алдыңғы және соңғы
ұштарының ішкі бөліктері. Жұмыртқада дернәсілдің қалыптасуы 6-10 күн
ішінде жүреді.
Дернәсіл жұмыртқадан таңғы мезгілде шығады, тесік капсула түзіп,
жануардың терісі арқылы енеді және арқа мен белге теріасты дәнекер
ұлпасында мекендейді. Дернәсілдің оқшаулау соңы көп мөлшерде тамыз-
196
қыркүйекте қолайлы. Түскен дернәсілдер жердің түбіне 1-2 см көміледі және
2-5 күн ішінде қуыршаққа айналады. Қуыршақ кезеңінің ұзақтығы 24-100
күнді құрайды.