К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


 Кәдімгі шыбындар (MUSCIDAE)



Pdf көрінісі
бет183/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

 
5.6 Кәдімгі шыбындар (MUSCIDAE) 
Көп түрі зоофильді және синантропты болып келеді, әр түрлі 
қалдықтармен қоректенеді,жануарлар мен адамдардың маңайында тіршілік 


197 
етеді. Бұған бөлмелік (Musca domestica), кіші бөлмелік (Fannia canicularis), 
егістік (musca larvipara), сібірлік егістік (Musca amita), жайылымдық (Musca 
Osiris), және басқалары. Бұл туыстыққа сонымен қатар жануарларда 
паразитті тіршілік ететін облигатты қансорғыштар жатады: күзгі көк 
шыбындар(Stromoxys 
calcitrans), 
сиыр 
көкшыбындары(Haematobia 
stimulans),жылқы көкшыбындары (Haematobia atripalpis),кішкентай сиыр 
көкшыбындары (Lyperosia irritans), оңтүстік сиыр көкшыбындары (Lyperosia 
titillans). 
Қоздырушылары. Кәдімгі шыбындар қанық сұр немесе қара, сирек 
сары, метелликалық жасыл-көк түсті, (3-15 мм) түрлі пішінде болады. Денесі 
басы, кеуде, және құрсақтан тұрады, олар түктермен қапталған. Басы жарты 
шар пішінді, маңдайында түктері бар, екі бүйірінде үлкен көздері болады. 
Қан сормайтын шыбындардың ауыз құрылысы – жалаушы типке, ал 
қансорғыш шыбындардың ауызы – тікенекті-сорғыш типке жатады. Кеуде 
бөлімінде 3 жұп аяқ, екі қанаты, дем алатын органы болады. 
Қоздырғышының даму биологиясы. Шыбындар толық түрленетін 
жәндіктер тобына жатады. Олардың көбісі жұмыртқа басады, кейбіреуі ғана 
тірі туады. Ересек шыбындар дернәсілден шыққаннан кейін 5-7 күн өткен соң 
жұмыртқаларын нәжісте және басқа да органикалық субстраттарда 
қалдырады. Шыбындардың өнімділігі өте жоғары болады. Мысалға, ұрғашы 
бөлме шыбыны өз өмірінде (1-1,5 ай) 6 және одан да көп рет жұмыртқа 
басады, олардың саны 100-ге дейін жетеді. Қолайлы жағдайда 8-15 күннен 
кейін ұзындығы 2 мм дернәсілдер пайда болады, олар 30-35С температурада 
субстраттың ылғалдылығы 60-70% болғанда терең орналасып, дамиды. 
Дернәсілдер өздері тіршілік ететін субстраттың органикалық заттарымен 
қоректенеді.
Дернәсілдердің фазасының ұзақтығы – 3-5 күн. Осы уақыт аралығында 
олар 3 рет түлейді, ұзындығы 12-13 мм жетеді және қуыршаққа айнадалы. 
Қуыршақтың дамуы 3-5 күнге созылады. Соңғы дернәсілдік қабат 
пупария деп аталатын қабыршаққа айналады. Қуыршақтан шыққан жәндік 
басында бауырлап жүреді, ал бірнеше сағаттан кейін ұша бастайды. Жылы 
мезгілде шыбындардың толық дамуы 10-30 күнге созылады, бір маусымда 
бірнеше буын ұрпақ қалдырады, осыған байланысты олар жоғарғы 
өнімділігімен ерекшеленеді. Мал ұстайтын қораларда және жайылымдарда 
шыбындар сәуір-мамыр айларында пайда болып және олардың белсенділігі 
қазан-қараша айларына дейін жалғасады. Солтүстік аймақтарда шыбындар 
мамырдан қыркүйек айына дейін тіршілік етеді. Шыбындар дернәсіл, 
қуыршақ және имаго фазасында қыстайды. Бөлме температурасы 15-18С-тан 
төмен болмайтын ғимараттарда шыбындардың өсіп-өнуі жыл бойы 
жалғасады. Қыс мезгілінде шыбындар әсіресе шошқа қоралары мен құс 
фабрикаларында көп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет