41
7 – Тақырып.
Суға байланысты ӛсімдіктердің
экологиялық топтары. Гигрофиттер, мезофиттер,
ксерофиттер. Қҧрғақшылыққа тӛзімділіктің
экологиялық маңызы
Ӛсімдіктер денесіндегі судың негізгі ролі – клетка цитоплаз-
масының гидратурасын белгілі дәрежеде ұстап, оның ылғалды-
лығын қалыптастыру. Тӛменгі сатыдағы ӛсімдіктер клеткасы-
ның гидратурасы, ылғалдылығы физикалық дене ылғалдылығы-
на ұқсас, қоршаған орта ылғалдылығына тәуелді.
Құрылық ӛсімдіктері, әсіресе жабық тұқымдылар ӛздерінің
эволюциясы барысында клетка
гидратурасын жоғары ұстап,
құрғақ ауа жағдайында цитоплазма ылғалдылығын тұрақты қам-
тамасыз ете алатын дәрежеге жетті. Жоғары сатыдағы,
әсіресе
гүлді ӛсімдіктер цитоплазмасының гидратурасы клетка сӛгінің
осмостық қысымы арқылы реттеледі. Осыған сәйкес су режимін
реттеу әдісіне байланысты құрылық ӛсімдіктері негізгі екі топқа
бӛлінеді.
Пойкилогидридті ӛсімдіктер – ӛз денесіндегі су режимін
реттей алмайды. Интенсивті буланудан қорғайтын анатомиялық
құрылымдық ерекшеліктері жоқ. Бұл ӛсімдіктердің кӛпшілігінде
лептесік (устьица) жоқ. Ылғалды физикалық дене сияқты сіңіре-
ді, транспирация жай буланумен тең. Клеткадағы су мӛлшері
қоршаған орта арасындағы бу суымен тең және оның ӛзгеруіне
байланысты кӛбейіп немесе азаяды.
Пойкилогидридті ӛсімдіктерге –
құрылық балдырлары,
грибтер (саңырауқұлақ), қыналар, кейбір мүк түрлері жатады.
Жоғары сатыдағы ӛсімдіктерден – тропикалық ормандардағы
жұқа
жапырақты папоротниктер жатады, ал гүлді ӛсімдіктерде
ондай түрлер аз.
Аталған ӛсімдіктер жапырақтары ауалық – құрғақ деңгейге
дейін кеуіп қалады, ал ылғал болған жағдайда қайтадан «тірі-
ліп», кӛгеріп ӛседі.
Достарыңызбен бөлісу: