Сімдіктер экологиясы



Pdf көрінісі
бет25/77
Дата06.12.2023
өлшемі1.9 Mb.
#485658
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

Гомеогидридті ӛсімдіктер – кеңінен таралған жоғары саты-
дағы түтікті ӛсімдіктер. Бұлар су шығынын болдырмауды лепте-
сіктерінің ашылып жабылуы арқылы реттейді. Клетка қабықша-
сына су ӛткізбейтін (суберин, кутин) заттары сіңеді, жапырақ 


42 
беті (эпидермисі) кутикуламен жабылған, т.с.с. Осының нәтиже-
сінде клеткадағы су деңгейі, клетка аралық қуыстардағы су бу-
лары қысымы бір қалыпты болады. Транспирация ӛзінің мӛлше-
рі, тәуліктік және маусымдық динамикасы кӛрсеткіштері бойын-
ша ылғалданған физикалық дененің булануынан ӛзгеше. Сон-
дықтан жер бетіндегі ӛсімдіктер жамылғысы негізінен осы ӛсім-
діктер түрлерінен құрылған. 
Әртүрлі деңгейде ылғалданған территорияда ӛсіп бейімде-
луіне байланысты тӛмендегіше бӛлінеді: гигрофиттер, мезофит-
тер, ксерофиттер. 
Гигрофиттер. Бұл ӛсімдіктер ылғалы кӛп, ауасы мен топы-
рақ ӛте ылғалданған жерлерде ӛсіп дамиды. Ӛсу ортасы әртүрлі 
болғанымен, денесіндегі су режимі мен анатомиялық-морфоло-
гиялық ерекшеліктері арқылы су шығынын азайтатын бейімделу 
ерекшеліктері болмағандықтан денеде (клеткада) ылғалдың 
азайғанына шыдай алмайды. 
Бұл топтың нағыз ӛкілдері – ылғалды тропикалық орман-
дардағы эпифиттер және шӛптесін ӛсімдіктер. Бұлар ауа ылғал-
дылығының азғантай болса да азаюына шыдамайды, тургоры 
тӛмендейді сосын солып, кеуіп қалуы мүмкін. Қалпақты саңы-
рауқұлақтар, мүктер арасында (ылғалды ормандарда, су жағала-
рында) гигрофит ӛсімдіктер бар. 
Ӛте ылғалды топырақтарда, су қоймалары мен ӛзен атырау-
ларында, бірақ ашық жерлерде ӛсетін ӛсімдік түрлерінде гигро-
фиттік қасиеттер бар. Оларды А.П. Шенников «жарық гигро-
фиттер» деп атайды. Қоңыржай климаттық жағдайда, мысал 
ретінде қалтагүл (Caltha palustris), жылауық шӛпті (Lythrum 
salicaria), ыстық климатты жерлерде – папирус, батпақты паль-
маларды атауға болады. Мәдени дақылдар ішінде «жарық гигро-
фиттерге» кәдімгі күріш жатады. 
Гигрофиттердің құрылымдық ерекшеліктері – жапырағы 
жұқа, жұмсақ, лептесіктері аз, жапырақ ұлпалары сиректеу ор-
наласқан, клетка аралық қуыстары үлкен, кутикула қабаты ӛте 
жұқа немесе жоқ, су ӛткізуші ұлпалар нашар дамыған, тамыр-
лары жіңішке. Денесіндегі су режимінің реттелуі нашар, шек-
теулі, лептесіктері кӛпшілік жағдайда толық ашық, транспира-
циясы ылғалды денеден булану процесімен бірдей. Су тоқтау-


43 
сыз келетін болғандықтан және булануды шектеуші қорғаныс, 
бейімделу тетіктері жоқ болғандықтан бұл ӛсімдіктердің транс-
пирациясы қарқынды жүреді, яғни 1 сағат ішінде жапырақтың 
ӛз салмағынан 4-5 есе кӛп су буланады.
Гигрофиттердің тағы бір физиологиялық ерекшелігі – клет-
ка шырынының осмотикалық қысымы ӛте тӛмен, ылғал «ұстау» 
қабілеті нашар, су үздіксіз келіп тұрмаса жапырақ тез солып 
қалады. 
Ылғалды (ӛзен, кӛл жағалауларында, батпақты) жерлерде 
ӛсетін шӛптесін ӛсімдіктердің және суда ӛсетін мәдени күріш 
ӛсімдіктерінің жапырақ, сабақ, тамырларында арнайы ауа ӛткі-
зуші ұлпа – аэренхима бар. Нәтижесінде атмосфералық ауа жа-
пырақ, сабақ арқылы тамыр ұшына дейін ӛтіп, су астындағы 
ӛсімдік тамыры оттегімен қамтамасыз етіледі де, олар дұрыс 
ӛсіп дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет