Сімдіктер экологиясы



Pdf көрінісі
бет26/77
Дата06.12.2023
өлшемі1.9 Mb.
#485658
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

Мезофиттер. Бұл топқа жататын ӛсімдіктер ылғалы орташа 
жағдайда ӛсіп дамиды. Бұларға шабындықтағы, орманның тӛ-
менгі (жер бетіндегі) қабатындағы шӛптесін ӛсімдіктер, қоңыр-
жай ылғалды аймақта ӛсетін ағашты және бұталы ӛсімдіктер, 
мәдени дақылдар (дәнді дақылдар, кӛкӛніс, жеміс-жидек, әсем-
дік (декоративтік) ӛсімдіктер) жатады. 
Мезофиттердің морфологиялық-анатомиялық және физио-
логиялық ерекшеліктері гигрофиттік және ксерофиттік қасиет-
тердің аралығы. Мезофиттердің тамыр жүйесі орташа дамыған 
(экстенсивті және интенсивті типті және де аралық). Жапырақ-
тарында тығыз орналасқан бағаналы ұлпалар бар, борпылдақ 
ұлпалар сиректеу. 
Транспирация мӛлшері келіп түсетін жарық сәулесі мӛлшері 
мен микроклимат жағдайына байланысты: шабындық ӛсімдік-
терде транспирация кӛбірек, ал орман кӛлеңкесінде – аздау. 
Жапырақтың бейімделгіштігі әртүрлі қоршаған ортаға және 
бір ӛсімдіктің әртүрлі биіктігіне де байланысты байқалады. 
Мысалы, Орталық Азия және Қазақстанда ӛсетін тобылғы, то-
раңғыл ӛсімдігінің тӛменгі, ортаңғы және үстінгі жапырақтары-
ның анатомиялық-морфологиялық құрылымында айырмашы-
лықтар бар. Атап айтқанда, жоғарғы жапырақтарының құрылы-
сы ксероморфты: бағаналы және борпылдақ ұлпалар майда әрі 


44 
тығыздау орналасқан, лептесіктері кӛбірек, ал ортаңғы, әсіресе 
тӛменгі қабаттағы жапырақтарының бағаналы және борпылдақ 
ұлпалары ірілеу және сиректеу орналасқан, лептесіктер саны 
аздау.
Мезофиттер – түр жағынан да және экологиялық пішіні бо-
йынша да әртүрлі және де гигрофиттерге жақын аралық типтер-
де бар. Мысалы, Сырдария ӛзені алқабындағы уақытша су баса-
тын және ылғалы мол жерлерде түлкіқұйрық (Alopecurus praten-
sis), су бидайық (Digraphis arundinaceae), күреңше (Вeckmannia 
eruciformis) т.б. ӛседі. Осыларды және де ылғалды ормандар мен 
орманды сайда ӛсетін кейбір папоротниктерді гигромезофиттер 
деп атайды. 
Сонымен бірге, ауық-ауық немесе ұзақ уақыт бойы ылғал аз 
болатын жерлерде құрылысы ксерофиттерге жақын, физиоло-
гиялық бейімделу және тӛзімділік ерекшеліктері бар ӛсімдіктер 
кездеседі. Оларды ксеромезофиттер деп атайды. Олар, теріскей 
(солтүстік) ӛлкедегі шабындық ӛсімдіктері, құрғақ қарағайлы 
ормандарда ӛсетін шӛптесін ӛсімдіктер. Оларға ақ басты беде 
(Trifolium montanum), қызылбояу (Galium verum) т.б., ал мәдени 
дақылдардан – жоңышқа, бидайдың қуаңшылыққа тӛзімді сорт-
тарын жатқызуға болады. Олар ұзаққа созылған қуаңшылыққа 
тӛзімді. 
Мезофиттер арасында ерекше орын алатын түрлері – дала-
лық және шӛл далалық эфемерлер мен эфемероидтар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет