34
Қоршаған орта температурасы белгілі тӛмен (суық) деңгей-
ге жеткенде ӛсімдіктер тыныштық жағдайға ауысады. Бірақ тем-
пература одан әрі тӛмендегенде және қатты суық әсерінен алды-
мен клеткалар арасындағы, сосын клетка ішіндегі сулар қатып,
мұз кристалдарына айналады. Цитоплазма сусызданады, клетка-
лар механикалық зақымданады, белок каогуляцияланып, цито-
плазма ыдырайды. Суық кезең ұзарған сайын, оның зиянды әсе-
рі күшейе түседі. Клеткадағы судың
мұз кристалдарына айна-
луы күшейіп, цитоплазма сусызданады. Нәтижесінде фермент-
тер жүйесінің жұмыс істеуі нашарлайды, әсіресе АТФ синтезде-
луіне және фосфорлану процесіне қатысатын ферменттердің ак-
тивтілігі (белсенділігі) күрт тӛмендейді. Цитоплазмадағы мұз
кристалдарына айналмаған су ерітіндісінде тұз иондары мен ор-
ганикалық қышқылдар концентрациясы деңгейі қатерлі (токси-
калық) мӛлшерге жетуі мүмкін. Бірақ, цитоплазмадағы қант жә-
не қант тәрізді
қосындылар, белгілі амин қышқылдары мен бе-
локтар биомембраналар мен ферменттер жүйесін зиянды заттар-
дан қорғайды. Бұл ӛсімдіктердің суыққа тӛзімділігін күшейтеді.
Сонымен,
салқын температураға төзімділік –
бұл жылы
сүйгіш ӛсімдіктердің ұзақ уақыт бойы оң (+0°-тан +10°С-қа де-
йін) салқынға шыдамдылығы. Ӛсімдіктердің салқын температу-
раға тӛзімділігі тропикалық, субтропикалық аймақтар ӛсімдікте-
ріне және қоңыржай аймақтың кейбір ӛсімдіктеріне тәр құбы-
лыс.
Суыққа (аязға) төзімділік дегеніміз – ӛсімдіктердің ӛте
суық, аязға ұзақ уақыт бойы шыдауы, ал күн жылынғанда қайта-
дан ӛсіп дамуы.
Ӛсімдіктердің суыққа (аязға) тӛзімділігін күшейтуде олар-
дың
шынығуының (шыңдалуының) мәні зор, яғни суық темпера-
тураның әсеріне ӛсімдіктер біртіндеп дайындалуы керек. Ӛсім-
діктердің әртүрлі мүшелерінің аязға тӛзімділігі, яғни
шынығуы
бірдей емес. Мысалы, жемісті ағаштардың тамыр жүйесі -10-
14°С-та үсіп ӛледі, ал жер бетіндегі мүшелері -40°С-қа
дейін
шыдайды. Күзге, қысқа қарай жапырағын түсіретін ағаштардың
жапырақтарының шынығу қасиеті жоқ.
И.И. Тумановтың зерттеу нәтижелері бойынша,
шынығу екі
кезеңнен тұрады.
Біріншісі – орта температурасы 0°С-тан шама-
35
лы жоғары және жарық жағдайда ӛтеді. Бұл кезеңде ӛсімдік
клеткасында қанттар жинақталады, ӛйткені аяз күшейген жағ-
дайда қант клетка цитоплазмасын және оның субмикроскопия-
лық құрылымын суықтан, сусызданудан қорғайды.
Шынығудың
бірінші кезеңінде ӛсімдіктердің суыққа тӛзімділігі -5°, -10°,
-12°С-қа дейін артады. Бірақ, бірінші кезеңге дейін ӛсімдік ӛзі-
нің ӛсуін тежеуі керек.
Шынығудың екінші кезеңі (мысалы, күздік бидай) жарықта
немесе қараңғыда, шамалы деңгейдегі аязда (-3°-8°С) тоңып қат-
қан кезден басталады. Бұл кезеңнің дұрыс жүруі үшін ӛсімдік-
тер шынығудың бірінші этапынан ӛтуі керек, сонда ӛсімдіктер-
дің аязға тӛзімділігі артады. В. Лархер (1978) осы этаптарға қо-
сымша
үшінші кезеңді ұсынады. Бұл кезеңде ӛсімдікті ұзақ уа-
қыт бойы -10°-30°С
температуралық суықта ұстап, қатыру ке-
рек. Сонда ӛсімдіктердің суыққа тӛзімділігі ӛте күшейіп, аяз әсе-
рінен сусыздануға да шыдайды. Осыдан кейін ӛсімдікті сұйық
азотқа да (температурасы -190°С)
салуға болады және онда да
ӛсімдік зақымданбайды, шыдайды. Суыққа, аязға шыдамдылық
ӛсімдіктердің Жер бетінде таралуына әсері зор.
Тӛмен температураның басқа да зиянды әсерлері бар. Мыса-
лы, қатты суық әсерінен топырақ нығыздалады және жарылады,
ал бұл ӛсімдіктер тамырының механикалық зақымдануын туын-
датады.
Қысты күнгі қар қалың болып, 0°С температурада ұзақ
уақыт ерімей жатса, ӛсімдіктердің
қорға жиналған органикалық
заттары тыныс алу процесіне жұмсалып тауысылады. Нәтиже-
сінде әлсірейді, сосын ӛледі. Тундрада, Солтүстік тайгада топы-
рақ бір мезгілде емес, әртүрлі уақытта қатуына сәйкес және ыл-
ғалдың (судың) кӛлемі ұлғаюына байланысты кейбір жерлер
томпайып кӛтеріледі де, ӛсімдіктер
топырақтан сыртқа шығып
қалады, тамырлары үзіледі. Сыртқа шығып қалған ӛсімдік мү-
шелері (әсіресе тамырлары) қатты суықтан зақымданады. Сон-
дықтан ӛсімдіктердің суыққа (аязға) тӛзімділігінен басқа, қыс
кезеңінің қолайсыз жағдайына тӛзімділік, яғни
қыс кезеңіне
Достарыңызбен бөлісу: