Сімдіктер экологиясы



Pdf көрінісі
бет33/77
Дата06.12.2023
өлшемі1.9 Mb.
#485658
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   77
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

Бақылау сҧрақтары 
 
1. Топырақ туралы түсінік. 
2. Ӛсімдіктердің құрғақ массасындағы элементтер мӛлшері. 
3. Құнарлы және құнарсыз топырақтарда ӛсетін ӛсімдіктер. 
4. Топырақ ерітіндісінің рН мӛлшеріне байланысты ӛсетін 
ӛсімдік түрлері. 
5. Топырақта азоттың кӛп немесе аз болуына байланысты 
ӛсетін ӛсімдік түрлері. 
6. Топырақтағы кальций (Са) мӛлшері және оның ӛсімдік-
терге әсері. 
7. Топырақ құрамында болатын зиянды тұздар, топырақтың 
тұздану түрлері. 
8. Тұзданған топырақтарда ӛсетін галофит ӛсімдіктер, олар-
дың сипаттамасы және түрлері. 
9. Тасты жерлерде ӛсетін ӛсімдіктер, олардың сипаттамасы. 
 


55 
9 – Тақырып. Атмосфералық ауаның қҧрамы.
Жел, оның экологиялық маңызы. Анемофилия. 
Анемохория. Жел эрозиясы 
Атмосфера – жер ғаламшарының ең жеңіл әрі ғарыштық 
кеңістікпен шектесетін және заттармен алмасатын қабығы. Ауа 
әртүрлі аймақ температурасының күрт ӛзгеруін, құбылмалылы-
ғын азайтады, ультракүлгін сәулелерін “ұстап” қалады, ӛсімдік 
фотосинтезіне керекті кӛмір қышқыл газымен (СО
2
), тыныс алу-
ға қажетті оттегімен (О
2
) қамтамасыз етеді. Ӛсімдіктер тозаңда-
рының, спораларының, тұқымдары мен жемістерінің таралуына 
әсер ететін табиғи орта. Биосферадағы атмосфера құрамы кӛп-
шілік жағдайда тұрақты. 
Ӛсімдіктерге атмосфералық ауа ӛзінің газ құрамы, оған қо-
сылған әртүрлі шаң, аэрозоль, түтін, т.б., ауаның ылғалдылығы 
және қозғалыстары арқылы әсер етеді. Атмосфераның ең тӛменгі 
қ
абаты – 
тығыз әрі динамикалық қозғалыста болатын бӛлігі, ал ең 
жоғарғы қабатында ӛте жеңіл газдар (сутегі, гелий) бар (7– кесте). 
Атмосфера құрамында бұлардан басқа күкірт диоксиді 
(SO
2
), аммиак (NH
3
), шаң, түтін, ӛсімдіктер шығаратын аромати-
калық газдар т.б. болады. Аталған қоспалардың, егер олар ауа 
құрамында болса ӛсімдіктердің ӛсіп дамуына зиянды әсері күшті. 
Үлкен қалалардағы ӛндіріс кәсіпорындарынан шыққан тү-
тін, әртүрлі газдар қоспасы, жеңіл автомобильдер мен жүк тасы-
малдайтын машиналардың трубаларынан шыққан кӛміртегі ок-
сиді, азот оксиді, күкірт оксиді, қорғасын оксиді ӛсімдіктерге 
ӛте зиянды. 
7 – кесте 
Атмосфераның газ құрамы 
Ауа құрамы 
Кӛлемі бойынша, % Салмағы бойынша,% 
Азот 
78,06 
75,5 
Оттегі 
21,0 
23,2 
Аргон 
0,9 
1,2 
Кӛмір қышқыл газы 
0,03 
Жақында Балқаш маңындағы және Жезқазғандағы зауыд 
трубаларынан шығатын күкірт оксидінен күкірт қышқылын да-


56 
йындайтын (жасайтын) қазіргі заман технологияларымен жаб-
дықталған зауыд салынды. Мұның үш жақты пайдасы бар:
1) аймақтың экологиясы жақсарады;
2) күкірт қышқылы жасалынып, ішкі ӛндірісте пайдаланы-
лады және экспортқа шығарылады;
3) жаңа жұмыс орындары ашылады. 
Атмосфера құрамындағы газ күйінде болатын азот (N
2
-
78 %) ӛсімдіктер үшін бейтарап газ. Тек молекулалы азотты сі-
ңіре алатын түйіршікті (клубенькалы) бактериялармен симбиоз-
да, селбесіп тіршілік ететін ӛсімдіктер, негізінен бұршақ тұқым-
дастар, мысалы, жоңышқа, түйежоңышқа, беде, асбұршақ, до-
бия, соя, люпин т.б. тіршілігінде молекулалы азот маңызды роль 
атқарады (14-сурет). 
Ӛсімдіктер тіршілігінде маңызды роль атқаратын атмосфе-
ралық газдар – бұл оттегі (О
2
) және кӛмірқышқыл газы (СО
2
). 
Оттегі. Биосферадағы бос оттегі ӛсімдіктер фотосинтезі 
нәтижесінде ұзақ (миллиондаған жылдар) бойы жинақталған. 
Қазіргі кезеңде атмосферадағы оттегі мӛлшері тұрақты – 21%. 
Сондықтан, ӛсімдіктердің жер беті мүшелері үшін оттегі жеткі-
лікті. Бірақ, ӛсімдіктердің тамырлары, ӛніп, ӛсе бастаған тұқым-
дары және микроорганизмдер үшін кейбір жағдайларда оттегі 
жеткіліксіз, лимиттеуші фактор. Сондықтан топырақты қонсыту 
(аэрация) ӛсімдіктер үшін аса маңызды агротехникалық, яғни 
биологиялық шара.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет