Сімдіктер экологиясы



Pdf көрінісі
бет29/77
Дата06.12.2023
өлшемі1.9 Mb.
#485658
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

Бақылау сҧрақтары 
1. Пойкилогидритті және гомеогидритті ӛсімдіктер туралы. 
2. Әртүрлі деңгейде ылғалданған территорияда ӛсуіне, яғни 
ӛсімдіктердің су режиміне байланысты топтастыру, олардың 
сипаттамасы. 
3. Гигрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер, олардың сипат-
тамасы. 
4. Ылғалдың ӛте аз болуына байланысты ӛсімдіктердің бе-
йімделу жолдары. 
5. Су режимін реттеуіне және құрылымдық ерекшеліктері-
не байланысты ксерофиттердің түрлері. 
6. Суккуленттер, олардың сипаттамасы, түрлері. 
7. Психрофиттер және криофиттер олардың сипаттамасы.
 
 
8 – Тақырып. Топырақ, оның экологиялық маңызы. 
Минералды қоректік элементтер. Қышқыл, бейтарап, 
сілтілі топырақтар. Тҧзды топырақтағы ӛсімдіктердің 
экологиясы. Галофиттер 
 
Топырақ жамылғысы – бұл биосферадағы энергия балан-
сында және элементтердің, заттардың биогеохимиялық айналы-
мында үлкен роль атқаратын жер қабығы – педосфера. 
В.В. Докучаевтің (1846-1903) пікірі бойынша, топырақ түзілу 
процесінде кӛптеген факторлардың ӛзара әсерінен табиғи топы-
рақ пайда болған. Олардың ішінде негізгілері: климат, ӛсімдік-


49 
тер және аналық тау жыныстары. Топырақты ол экожүйелердің 
негізгі элементі деп түсінген. В.В. Докучаев топырақтың генети-
калық жүйесін жасады, ендік аймақталығын және вертикальдық 
(тік) белдеулерін анықтады. 
Топырақ типтері алуан түрлі. Солардың ішінде ӛсімдіктер 
үшін экологиялық маңызды қасиеттері: жылу, ауа, су, қоректік 
және тұздылық режимдері. Топырақ ӛсімдіктер үшін, бірінші-
ден, тамырлары ӛсіп нығаятын тіреніш тӛсемік, екіншіден топы-
рақтан ӛсімдіктер ӛзіне керекті қоректік заттар және су алады. 
Экожүйелердің негізгі базисі – топырақ және ӛсімдіктер, 
ӛйткені онда заттар ӛзгеріп, Күн сәулесі энергиясы трансфор-
мацияланады. Ӛсімдіктердің фотосинтезі арқылы Күн сәулесі 
энергиясын пайдаланып, синтезделген органикалық заттардан 
топырақ кӛп мӛлшерде энергия алып жинақтайды, биологиялық 
айналым арқылы тірі организмдерге қажетті кӛміртегі, сутегі, 
оттегі, азот, фосфор, калий, кальций, т.б. биофильді және мине-
ральды элементтерді шоғырландырады.
Ӛсімдіктер ӛсіп дамуы барысында топырақтан кӛптеген эле-
менттер, заттар алып сіңіреді және ӛз денесін құрастырады. 
Атап айтқанда ӛсімдіктің құрғақ биомассасы құрамында орташа 
есеппен кӛміртегі – 45%, оттегі – 42%, сутегі – 6,5%, азот – 1,5-
2%. Осы аталған органогендік элементтер мӛлшері ӛсімдіктер 
денесінің 95%-ын құрайды. Қалған – 5%-ы күлге жататын мине-
ралды заттар (элементтер) – P, S, K, Ca, Mg, Fe, Al, Si, Na т.б. 
Ӛсімдік денесіндегі мӛлшеріне байланысты минералдық 
элементтер тӛмендегідей топтарға бӛлінеді: 
1) макроэлементтерге – мӛлшері 0,01%-дан ондаған пайыз-
ға дейін жететін элементтер жатады. Бұл топқа органогендерден 
(C, H, O, N) басқа – P, K, Ca, Si, Mg, S, Al енеді;
2) мӛлшері 0,01-0,00001% аралығында кездесетін микро-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет