Сімдіктер экологиясы


эутрофты (немесе эвтрофты), ал құнарсыз топырақта ӛсетіндер- ді олиготрофты



Pdf көрінісі
бет31/77
Дата06.12.2023
өлшемі1.9 Mb.
#485658
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

эутрофты (немесе эвтрофты), ал құнарсыз топырақта ӛсетіндер-
ді олиготрофты ӛсімдіктер деп атайды. Бұлардың арасында 
аралық мезотрофты түрлері бар. 
Топырақ ерітіндісінің реакциясын Н
+
және ОН

иондары-
ның ара қатынасы анықтайды. Ерітінді реакциясына байланыс-
ты топырақтың қасиеті, құнарлылығы ӛзгереді және мұның 
ӛсімдіктің минералды қоректенуіне әсері зор. Топырақ ерітінді-
сінің рН мӛлшеріне байланысты топырақ тӛмендегі түрлерге бӛ-
лінеді: ӛте қышқыл топырақ (рН=3-4); қышқыл (рН=4-5); қыш-
қылдылығы әлсіз (рН=5-6); бейтарап топырақ (рН=6-7); сілтілі 


51 
топырақ (рН=7-8); ӛте сілтілі топырақ (рН=8-9). Кейбір ӛсімдік-
тердің топырақ ерітіндісінің белгілі рН мӛлшерінде ӛсетіндерін 
– индикаторлар деп атайды. Осындай ӛсімдіктер арқылы топы-
рақтың қышқылдылығын, құнарлы немесе құнарсыз топырақ 
түрлерін анықтауға болады. 
Қышқыл топырақта ӛсетін ӛсімдіктерді – ацедофилдер
сілтілі топырақта ӛсетіндерді – базифил (базофил), ал бейтарап 
(рН=6-7) топырақтарда ӛсетіндерді – нейтрофилдер деп атайды. 
Жасыл ӛсімдіктердің ӛсіп дамуына азоттың әсері орасан 
зор. Бірақ ӛсімдіктер ауадағы инертті газ күйінде болатын азот-
ты (N
2
) пайдалана алмайды. Ӛсімдіктер топырақтағы аммоний 
(NH
+
4
) және нитрат (NO
3
) тұздарын сіңіре алады. Бірақ, топырақ 
ерітіндісінде нитраттардың мӛлшері ӛте аз. Осыған сәйкес, то-
пырақта азоттың кӛбірек болғанын қалайтын, талап ететін ӛсім-
діктерді – нитрофилдер, ал топырақта азот аз мӛлшерде бола-
тын жерлерде ӛсетін ӛсімдіктерді – нитрофобтар деп атайды.
Нитрофильді ӛсімдіктерге орман таңқурайы (Rubus idaeus), қы-
зыл аюбадам (Sambucus racemosa), құлмақ (Humulus lupulus), 
адамзат мекеніндегі органикалық қалдықтар бар жерлерде ӛсе-
тіндер: сүйелшӛп (Chelidonium majus), меңдуана (Hyoscyamus 
nider), қалақай (Urtica dioica), тәжігүл (Amaranthus retroflexus), 
т.б. 
Кальций (Са) топырақ құрылымын (структурасын) жақсар-
тады, ауыр металдар мен хлоридтердің зиянды әсерін залалсыз-
дандырады. Карбонатты топырақтарда Са-3% және одан жоғары 
болса – оны кальцийге бай топырақтар деп атайды. Осындай 
жағдайда ӛсетін ӛсімдіктерді – кальциефилдер деп, ал кальций 
аз (әк аз) топырақта ӛсетіндерді – кальциефобтар деп атайды. 
Жер шарындағы топырақтардың шамамен 25%-ы, ал 
Қазақстандағы топырақтардың кӛпшілігі тұзданған. Тұздардың 
ішіндегі ең зияндылары, оңай, жылдам еритін NaCl, MgCl
2

CaCl
2
тұздары. Нашар еритін CaSO
4
, MgSО
4
, CaCO
3
тұздарының 
зиянды әсері аздау. 
Топырақтағы тұздар құрамына және мӛлшеріне байланысты 
тұздылық деңгейі анықталады. Тұздардың құрамына байланыс-
ты топырақтың тұздану түрлері (типтері) тӛмендегідей: суль-


52 
фатты-содалы, хлорлы-сульфатты, сульфатты-хлорлы және 
хлорлы. 
Егер топырақ қабаттарында оңай еритін тұздар мӛлшері 
0,25%-дан тӛмен болса, ол тұзданбаған топырақ. Егер топырақ-
тың жоғарғы қабаттарында тұз мӛлшері 1% және оданда жоғары 
болса – бұл күшті тұзданған (қара сор) топырақ. 
Әртүрлі тұзданған топырақтар ішінде негізгілері екі түрлі: 
сорлы тұзданған топырақ және кебірлі тұзданған топырақ.
Сорлы тұзданған топырақ – ылғалданған, құрамында ері-
гіш тұздар кӛп –CaCl
2
(ерігіштігі 74,5%), MgCl
2
(54,5%), MgSО
4
(36,0%), NaCl (36,0%), Na
2

4
(19,4%), Na
2
CO
3
(21,5%), NaНCl 
(9,0%), т.б. бар. Осылардың ішінде натрий тұздары кӛбірек. Жаз 
айларында топырақтың үстіңгі қабаты кеуіп, бетінде тұзды қа-
быршақ жинақталады және ол ағарып кӛрінеді, топырақ ерітін-
дісінде тұздар 2-10% шамасында болады.
 
Кебірлі тұзданған топырақ – кӛбірек тұзданған, беткі 
қабаты структурасыз, тӛменгі қабаты нығыздалған және натрий 
(Na) иондарымен қаныққан. Кепкенде ұзынша болып немесе үл-
кен кесек болып қатып қалады. Бұл тұзданған топырақтардың 
арасында аралық түрлері кӛп. 
Осындай тұзданған топырақты жерлерде бұған бейімделген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет