Сімдіктер экологиясы



Pdf көрінісі
бет36/77
Дата06.12.2023
өлшемі1.9 Mb.
#485658
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

анемохорлы деп атайды. Жел арқылы таралуына тұқымның ӛте 
майда, жеңіл болуы (мысалы, орхидея, сұңғыла, кӛкбұта тұқым-
дары) әсерінен. Тұқымдары мен жемістері ірілеу болғанда олар-
дың «аэродинамикалық бейімделу ӛзгерістері» арқылы, мысалы 
парус сияқты бейімделуі іс жүзіне асады (16 – сурет). Мұндай 
ӛзгерістер – тал, терек, күреңот тұқымдарының түктері, үйеңкі, 
шаған, қымыздық, қарағаш тұқымдарының қанат тәрізді ӛскін-
дері бар; селеу ӛсімдігі тұқымының қауырсын тәрізді қылтығы; 
қияқӛлең тұқымының томпақ қабықшасы бар, т.б. (16 – сурет). 


62 
15 – сурет. Жел (А) және жәндіктер (Б) арқылы таралатын 
ӛсімдіктердің тозаңдарының формалары, түрлері
(В.Л. Комаров, 1949 бойынша). 
Белгілер: 1-қарағаш; 2-қайың; 3-кенешӛп (конопля); 4-құлқайыр 
(мальва); 5-асқабақ; 6-шашыратқы (цикорий). 
16 – сурет. Шӛл далада ӛсетін анемохорлы ӛсімдіктердің 
жемістерінің формалары (А.В. Кожевников, 1951). 
Белгілер: 1-Smirnowia turkestanana (дирижабль тәрізді);
2,3,5-Calligonum туысы ӛсімдіктерінің жемістерінде әртүрлі 
ӛскіндер және қанатшалар бар; 4-Ammo-dendron conollyi (пропеллер 
тәрізді); 5-Aristida pannata (парашют тәрізді).


63 
Тұқымдарын жел арқылы таратуға бейімделгендерге – қаң-
бақ ӛсімдігін жатқызуға болады. Дәні (тұқымы) піскен кезде 
қаңбақ шар тәрізді болады, желмен домалап кетеді де, жол бойы 
тұқымдары шашылып қалады (17 – сурет). 
Желдің экологиялық фактор ретінде тікелей әсерімен бірге, 
жанама оң немесе теріс әсері де бар. Атап айтқанда, ормандағы 
ағаштардың олай-бұлай шайқалуы нәтижесінде жарық режимі 
жақсарып, фотосинтез күшейеді. Далалық және шӛлейт аймақ-
тарда жел ӛзімен ыстық ауа (аңызақ) немесе ылғалды ауа әкеле-
ді. Ӛндірістік орталықтардан жел ластаушы газ, шаң текті зат-
тарды таратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет