Ерекше қорғалатын табиғи территориялар – особо охра-
няемые природные территории. Экожүйелердің табиғи қал-
пын және экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін арнайы терри-
ториялар бӛлінген. Онда шаруашылық әрекеттерін жүргізу то-
лығымен тоқтатылған, тиым салынған. Сонымен бірге мұнда
ғылыми-зерттеу, оқу-ағарту, насихаттау, мәдени-эстетикалық
шаралар жүргізіледі.
Жарық сҥйгіш ӛсімдіктер – гелиофиты (светолюбивые
растения). Жарық кӛп әрі күшті болған жағдайда ӛсіп дамитын
ӛсімдіктер.
Заказниктер – заказники. Табиғи кешендерді сақтау неме-
се қалпына келтіру және экологиялық баланысты тұрақтандыру
үшін уақытша немесе тұрақты түрде бӛлінген территориялар.
Заказниктерде жануарлардың және ӛсімдік-тердің бір немесе
бірнеше түрлері популяцияларының даралар саны және тығыз-
дылығы қалпына келтіріліп сақталады. Сонымен бірге, табиғи
ландшафттар, су объектілері, т.б. кешендері қорғалады.
Кальциефобтар – кальциефобы. Әкке бай, карбонатты
топырақтарда нашар ӛсетін ӛсімдіктер.
Қалдықты су тапшылығы – остаточный водный дефи-
цит. Ӛсімдік күндіз суды кӛп буландырып, ал түнде оның орнын
толтыра алмай, солған күйде қалып қояды.
Қалпына келетін табиғи ресурстар – возобновляемые
природные ресурсы. Пайдаланудан кейін қалпына келетін та-
биғи ресурстар (ӛсімдіктер және жануарлар әлемі, топырақ).
Қалпына келмейтін табиғи ресурстар – не возобновляе-
мые природные ресурсы. Табиғи қазба байлықтары – тас кӛ-
мір, мұнай, басқа да пайдалы қазба байлықтардың кӛпшілігі.
Канцерогендер – канцерогены. Организмде рак тәрізді
және басқа да үздіксіз ӛсу орталығын туындататын факторлар
(ультракүлгін, рентген, гамма сәулелері, бензапирен, кейбір ви-
рустар, т.б.).
|