Қарашіріктену – гумификация. Органикалық қалдықтар-
дың шіріп, толық емес ыдырау барысында күрделі қосынды-
ларға айналады.
Климаксты қауымдастық – климаксное сообщество.
Қоршаған ортамен тепе-теңдік қарым-қатынаста және жағдайда
болатын қауымдастық.
Климат – климат. Ауа райының кӛпжылдық режимі.
Колония – колония. Жануарлар мен жәндіктердің ұзақ уа-
қыт бойы немесе кӛбею кезеңінде уақытша топтасып орнала-
суы, ӛмір сүруі.
Кӛлеңкеге тӛзімді ӛсімдіктер – теневыносливые расте-
ния (гелиофиты факультативные). Кӛлеңкелі жағдайда және
жарық толық қуатында түскен жағдайда да ӛсіп дамитын ӛсім-
діктер.
Комменсализм – комменсализм. Селбесіп, бірлесіп тір-
шілік еткенде бір партнерге пайдалы болады, ал екіншісіне мұ-
ның ешқандай әсері жоқ.
Конкуренция (бәсекелестік) – конкуренция. Қоршаған
орта ресурстары азайған жағдайда организмдер бір-бірімен атал-
ған ресурстар үшін бәсекелесетін қарым-қатынас. Бәсекелестік
әртүрлі: тікелей бәсекелестік – бір түрдің екінші түрді қуғын-
дап жоюы; түр ішілік бәсекелестік – бір биологиялық түр ішін-
дегі даралар арасындағы бәсекелестік; түр аралық бәсекелестік
– әртүрлі түрлер дараларының арасындағы бәсекелестік.
Консорция – консорция. Биоценоздағы орталық мүше
(организм) маңындағы автотрофты және гетеротрофты орга-
низмдердің кеңістік (топикалық) және қоректік (трофикалық)
байланыстар арқылы бірлескен тіршілігі. Мысалы, жалғыз ағаш
немесе бір топ ағаштар (эдификатор ӛсімдік) маңайындағы орга-
низмдер.
Космополиттер – космополиты. Жер ғаламшарының кӛп-
шілік бӛлігіне таралған ӛсімдіктер мен жануарлар түрлері (мы-
салы, шыбындар, егеуқұйрық, т.б.).
Криптофиттер – криптофиты. Қайта ӛсетін бүршіктері то-
пырақ ішінде (геофиттер) және су түбінде (гидрофиттер) сақ-
талатын ӛсімдіктер (пиязшық, түйнекті, борық тамырлы ӛсім-
діктер).
|