98
5–6-сабақ
ЖАСӨСПІРІМ ҚҰҚЫҒЫ
1-тапсырма. Сұрақтарға жа уап бер.
Құқық дегеніміз не?
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс туралы не біле сің?
Өз құқықтарыңды білесің бе?
2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда. Тақырып қой. Осы мәтін бойынша 5–6
сұрақ құрастыр.
3-тапсырма. Төмендегі заңдардың анықтамасын энциклопе диядан, түсін-
дірме сөздіктен тауып, кестені толтырып жаз.
Ата Заң
Неке
туралы Заң
Білім туралы Заң
Бала
құқықтары туралы Конвенция
Дала Заңдары
Тіл туралы Заң
4-тапсырма. Республикалық «Заң»
газеті және басқа да
ресми ақпарат
құралдарынан кәмелетке толмағандардың қылмысы туралы деректер жи-
нап, талдау жасап жаз. Жақты, жақсыз, толымды, толымсыз сөй лем дер ді
дұрыс қолдан.
5-тапсырма. «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақыры бына эссе құ-
рылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бо йынша ұсынылған шешімнің
артықшылығы мен
кемшілігін салыстыра отырып, өз ойыңды дәлелдеп,
деректі, дәйекті эссе жаз.
Жазба жұмысына қойылатын талаптар:
• Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдер дұрыс құ ры луы шарт.
• Тақырыптан
ауытқымай, мазмұндық желі сақталуы керек.
• Тезистерді ұтымды, нақты дәлелдермен растау қажет.
• Мазмұндық құрылым өмірмен байланысты болуы керек.
• Өзіндік ой топшылаулар, тың пікірлер келтірілуі шарт.
• Баяндау стилі, көркемдік ерекшелігі нақты болуы керек.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217