97
Заң Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік ұлттық саясат-
ты іске асыруға, қоғамдық-саяси
тұрақтылықты қам тамасыз етуге,
мемлекеттік және қоғамның азаматтық инс титуттарының этносаралық
қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының
тиімділігін арттыруға
бағытталған. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру
тәртібін айқын дайды. Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблея -
сы – Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығымен құ рылған,
мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін
мекеме.
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау
ете отырып, қазақстандық патриотизм,
Қазақстан халқының азамат -
тық және рухани-мәдени ортақтығы негі зінде қазақстандық азаматтық
бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруда Қазақстан
Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табы-
лады.
Қазақстан Республикасының Президентіне – Елбасына –
Қа зақстан
халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі. Ассамблеяның
құрылымын Ассамблея сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея хатшы-
лығы, облыстардың (респуб ликалық маңызы бар қаланың, астананың)
Ассамблеялары құ райды. Ассамблея сессиясы – Ассамблея мүшелерінің
жи на лысы, Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады.
Сессияны Қазақстан Республикасының Пре зи ден ті қажеттілігіне қарай,
бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.
(Ұлттық энциклопедиядан)
Достарыңызбен бөлісу: