Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


 Өзіндік жазба жұмыстар (конспект)



Pdf көрінісі
бет153/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   309
Макроэкономика

4. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):
- Жұмыспен қамтудың неоклассикалық жəне кейнстік тұжы рым да-
малары; 
- Фридменннің табиғи жұмыссыздық теориясы;
- Беверидж қисықтары. 
5. Жаттығулар, есептер жəне т.б. тапсырмалар:
1. Берілген мəліметтер (мың адам) бойынша жұмыссыздық деңгейін 
жəне жалпы ішкі өнімнің алынбай қалған көлемін (%) есептеңіз. 
Жұмыс сыздықтың табиғи деңгейі 2%-ға тең.
2001
2002
2003
2004
2005
2006
Жұмыс күші 
7479,1 7399,7 7657,3 7840,6 7901,7 8028,9
Жұмыспен 
қамтылғандар
6698,8 6708,9 6985,2 7181,8 7261,0 7403,5


219
2. Төмендегі кестеде берілген мəліметтерді пайдалана отырып
жұмыссыздық деңгейін жəне жалпы ішкі өнімнің алынбай қалған 
көлемін (%) есептеңіз. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 5%-ға тең.
2007
2008
2009
2010
Жұмыс күші (L), мың адам 
8228,3
8415,0
8457,9
8610,7
Жұмыспен қамтылғандар (Е), 
мың адам
7631,1
7857,2
7903,4
8114,2
3. Табиғи жұмыссыздық – 8 %. Балалар мен жұмысқа жарамсыздар – 
80 млн. Егер фрикциондық жұмыссыздық мөлшері – 3 млн., құрылымдық 
жұ мыссыздық мөлшері – 2 млн. жəне мəжбүрлі жұмыссыздық мөлшері 
– 4 млн. адам болса, онда елдегі халық саны қанша?
4. Мəжбүрлі жұмыссыздық мөлшерін анықтаңыздар, елдің халық 
саны 30 млн. адам, олардың 10 млн.-ы – жұмысқа қабілетсіздер мен ба-
лалар. Жұмыссыздық деңгейі 7%, ал табиғи жұмыссыздық – 5 %.
5. Келесідей деректер бар:
Жұмыспен қамтылғандар саны 90 млн. адам, жұмыссыздар саны 
10 млн. адам. Жұмыссыздық деңгейін анықтаңыздар. 90 млн. жұмыс-
пен қамтылған адамдардан бір ай өткеннен кейін 0,5 млн. адам 
жұмыстан шығарылған еді, 1 млн. адам ресми тіркелген жұмыссыз-
дар жұмыс іздеуді тоқтатқан. Мыналарды анықтаңыз:
а) жұмыспен қамтылғандардың санын;
б) жұмыссыздар санын;
в) жұмыссыздық көлемін. 
6. NAIRU немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 6%, ал нақты 
деңгейі 10%.
Егер Оукен коэффициенті 2-ге тең болса, онда:
а) ЖІӨ-нің нақты деңгейі əлеуетті деңгейінен қанша пайызға 
ауытқиды?
ə) егер ЖІӨ-нің нақты деңгейі ағымдағы жылы 6 трлн. тг. болса, 
онда абсолюттік шамада ЖІӨ-нің жоғалтулары қандай?
7. Елдегі халық саны – 10,5 млн. адам, фрикциондық жұмыссыздық 
мөлшері – 100 мың, құрылымдық жұмыссыздық – 200 мың адам 
жəне мəжбүрлі жұмыссыздық – 300 мың адамды құрайды. Табиғи 
жұмыссыздық деңгейі – 5%. Елдегі еңбекке қабілетті адамдардың са-
нын анықтаңыз.
8. Мына орын алған жағдайлардың жұмыссыздықтың қандай тү-
ріне (фрикциондыққа, құрылымдыққа немесе циклдікке) жататынын 
анықтаңыз:


220
- Жалпы экономикалық құлдыраумен байланысты орын алған қо-
лайсыз нарықтық жағдай автомобиль рыногында жүздеген жұмыс шы-
лардың жұмыстан шығуына мəжбүрлейді.
- Маңызды ресурс ретінде көмір отынына деген сұраныстың тө-
мендеуі жəне уран ресурсына деген сұраныстың өсуі салдарынан шах-
терлердің арасында жұмыссыздық деңгейі өсті.
- Мектеп директоры көп жағдайда қақтығыстық проблемалар туын-
датады, осының салдарынан бірқатар оқытушылар жұмыстан шығуға 
мəжбүр болады жəне басқа мектептерден жұмыс іздеуге тура келеді.
- 1998 жылы болған қаржылық дағдарыс салдарынан көптеген ту- 
ристік компаниялардың əрекеттері тоқтай бастады жəне олар өз 
қызмет керлерін амалсыздан жұмыстан шығарды жəне демалысқа
жіберуге мəж бүрлі болды.
- Жоғары оқу орнын бітірген студенттің бұрынғы үлкен электрон-
ды есептеу машинасында жұмыс істеу қабілеті нарықтық сұранысқа ие 
болмай қалды, осының салдарынан ол жаңа электронды технологиялар-
ды оқуды қолға ала бастады.
- Жаңадан тұрмысқа шыққан жас əйел жолдасының үйіне көшкеннен 
кейін бұрынғы жұмыс орнынан шықты жəне бұрынғы мамандығы бо-
йынша жаңа мекенжайына сəйкес жұмыс орнын іздеуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет