223
18. Жұмыс уақытын ұйымдастыру формасы бойынша жұмыс-
бастылық былай жіктеледі:
а) бірінші жəне екінші
ə) толық, толық емес
б) тұрақты жəне уақытша
в) алғашқы жəне соңғы
19. Өндірістің төмендеуі мен фирманың жабылуы салдарынан
жұмыстан босатылған адам жұмыссыздықтың қай категориясына
жатады?
а) жұмыссыздықтың фрикциондық формасына
ə) жұмыссыздықтың құрылымдық формасына
б) жұмыссыздықтың циклдік формасына
в) жұмыссыздықтың маусымдық формасына
20. Егер адам ауырса жəне жұмыс істей алмаса, қандай топқа
кіреді?
а) жұмыс істейтіндер қатарына кіреді
ə) жұмыссыздар қатарына кіреді
б) жұмысшы күші қатарына кіреді
в) жұмыс табудан үмітін үзгендер қатарына кіреді
21. Экономикалық құлдырау кезінде жұмысын жоғалтқан адам
қандай жұмыссыздықтың түрін арттырады?
а) құрылымдық
ə) фрикциондық
б) циклдік
в) табиғи
22. Елдегі жұмыссыздар саны 6 млн. адам, ал жалпы жұмыс
күшінің саны 120 млн. адам, онда жұмыссыздық деңгейі қаншаға
тең?
а) 20 %
ə) 5 %
б) 0,05%
в) 2 %
Достарыңызбен бөлісу: