230
«Сұраныс» инфляциясы – бұл
өндірістің нақты көлеміне
қарағанда жиынтық сұраныстың артықшылығынан туындайтын
жəне сатып алушылар тарапынан болатын инфляцияның бір түрі.
Инфляцияның бұл түрі алғаш рет кейнстік талдау шеңберінде
зерттелген болатын.
Сұраныс инфляциясының пайда болуы монетарлық жəне
монетарлық емес факторларға байланысты туындайды.
Сұраныс инфляциясының монетарлық факторлары:
• ақша айналымы жылдамдығының тұрақтылығы кезінде өн-
діріс көлемінің өсуіне қарағанда атаулы ақша массасының өсуі;
• экономикалық субъектілердің инфляциялық күтімдерінен
туындайтын ақша айналымы жылдамдығының артуы.
Сұраныс инфляциясының монетарлық емес факторлары:
• экономикалық субъектілердің
жиынтық шығындарының
өзгеруі (үй шаруашылықтарының тұтыну шығындарының, фир-
малардың жоспарланған инвестицияларының,
мемлекеттік шы-
ғындар мен таза экспорттың өзгеруі);
• жиынтық сұраныстағы құрылымдық өзгерістер.
Жиынтық сұраныстың артуының инфляцияға деген əсері
қазіргі экономиканың AS қисығының қай кесіндісінде тұрған-
дығына байланысты (10.1-сурет):
• экономиканың толық емес жұмысбастылық деңгейіне сəйкес
келетін көлденең (кейнстік) кесіндісінде
жиынтық сұраныстың
ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келмейді, тек жиынтық
ұсыныстың жəне өндірістің көлемін арттырады (өндірістің кеңеюі
қолданылмаған өндіріс қуаттарын іске қосу есебінен жүзеге асы-
рылады);
• аралық (өспелі) кесіндіде жиынтық сұраныстың ұлғаю
салдары бағалардың өсуін жəне өндіріс көлемінің артуын туын-
датады;
• экономиканың толық жұмысбастылық деңгейіне сəйкес
келетін тік (классикалық) кесіндісінде жиынтық сұраныстың
ұлғаю салдары
бағалардың өсуіне алып келеді, ал жиынтық
ұсыныстың жəне өндірістің көлемі өзгермейді.