235
(1914-1975) үлгісінде терең зерттелді. Ол 1861 мен 1957 жыл-
дар аралығындағы кезеңде Ұлыбритания экономикасының ста-
тистикалық деректерін талдаудың нəтижесінде мынадай қоры-
тындыға келген, яғни егер жұмыссыздық 3%-дық
деңгейден
асса, онда бағалар мен атаулы жалақының өсу қарқыны төмендей
бастайды. Олай болса, жұмыссыздық пен атаулы жалақының
қарқыны (кейіннен, инфляция қарқыны) арасындағы өзара бай-
ланыстың графикалық кескіні
Филлипс қисығы деп аталады.
Кейіннен, Пол Самуэльсон мен Роберт Солоу Филлипстің моделіне
өзгеріс енгізді: жалақының өсу қарқыны
деген көрсеткішті ин-
фляция көрсеткіші деп өзгертті. Филлипс қисығы қысқа мерзімді
кезеңде жұмыссыздық пен инфляцияның арасындағы өзара бай-
ланысты көрсетеді (10.3-сурет) жəне Самуэльсонның пікірін-
ше, тиімді саясатты жүргізу арқылы жұмыссыздық пен инфля-
ция арасындағы «өзара келісім» (компромисс) нүктесін табуға
көмектеседі. Бұл өзара келісімнің
шарты Филлипс қисығының
көлбеулігімен анықталады. Қысқа мерзімді кезеңде бағалар мен
жалақы мөлшерлемелерінің инфляциялық сипатта өсуі еңбек
ұсынысын ынталандырып өндірісті арттырады. Ал инфляциялық
үдерістерді басу жұмыссыздықтың өсуін туындатады.
10.4-сурет. Филлипс қисығы
Дегенмен соңғы жылдары əлемдік тəжірибе көрсетіп отыр-
ғандай, инфляцияның жоғары қарқынымен қатар жұмыссыз-
дықтың жоғары деңгейі де бірге жүріп отырады. Дəлірек айтсақ,
236
бұл күрделі құбылыс жоғарыда аталып өткендей, стагфляция де-
ген
атқа ие болып, 1973-1975 жылдары орын алған экономика-
лық дағдарыспен байланысты еді, сонымен қатар, 80-жылдары
жұмыссыздық пен инфляцияның бір
уақытта төмендегендігі де
байқалған. Сол себепті Филлипстің теориясына жəне оның ая-
сында жүргізілген экономикалық саясатқа сенімсіздік туында-
ды. Осыған байланысты осы теорияны ары қарай жетілдірудің
қажеттілігі пайда болды.
Филлипс қисық сызығы
теориясының аясындағы жаңа
көзқарастар М. Фридмен мен Э. Фелпстің
жұмыссыздық табиғи
деңгейі теориясы арқылы көрініс тапты. Осы теорияға сəйкес
екі ғалымның ойынша Филлипс қисығы қысқа жəне ұзақ мер-
зім аралықтарында қарастырылған жөн. Ұзақ мерзімде Фил-
липс қисығы
тік сызық түрінде болады. Егер жұмыссыздықтың
нақты деңгейі табиғи деңгейіне тең болса,
онда инфляцияның
нақты деңгейі инфляцияның күтілген деңгейіне сəйкес келеді
(10.5-сурет).
10.5-сурет. Қысқа жəне ұзақ мерзімдегі Филлипс қисығы
Филлипс қисығын ұзақ мерзімде қарастырғанда инфляция-
лық күтімдер теориясы қолданылады. Күтімдердің екі түрі
кеңінен қолданылады:
Достарыңызбен бөлісу: