Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет168/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   309
Макроэкономика

Қорытынды
1. Инфляция – бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ 
бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде 
кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді. 
Инфляцияның пайда болу себептері монетарлық жəне монетарлық емес 
болып бөлінеді.
2. Сұраныс инфляциясы – өндірістің нақты көлеміне қарағанда, 
жиынтық сұраныстың артықшылығынан туындайтын жəне сатып 
алушылар тарапынан болатын инфляцияның бір түрі. Ұсыныс инфля-
циясы – өндіріс шығындарының жəне ресурстар бағаларының күрт 
өсуіне байланысты орын алатын дайын өнімге деген бағаның өсуі мен 
өндіріс көлемінің қысқаруын білдіретін сатушылар тарапынан болатын 
инфляцияның түрі.
16–533


242
3. Инфляцияның əлеуметтік-экономикалық зардаптары халықтың, 
кəсіпорындардың жəне мемлекеттің ақшалай табыстарының нақты 
төмендеуіне алып келеді; байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып 
келеді; нарықта сұранысқа ие тауарлы-материалдық қорларға де-
ген бағалар өседі; ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндіктерін 
төмендетеді; фирмалардың амортизациялық қорларын құнсызанды-
рады, сөйтіп ұдайы өндірістің қалыпты жұмыс істеуі бұзылады жəне 
үдерісі қиындайды; инфляция жинақ түрлерінің (салымдардың, об-
лигациялар мен сақтандырулардың, т.б.) нақты құнын төмендетеді
тұрғындар мен кəсіпорындардың ақша қаражаттарын салықтар арқылы 
жасырын тəркілеуге алып келеді. Бұл салық төлеушілердің атаулы 
табыстарының өсуінен салық салудың аса жоғары тобына автоматты 
түрде өтуінен орын алады.
4. Жұмыссыздық пен атаулы жалақының қарқыны (кейіннен, ин-
фляция қарқыны) арасындағы өзара байланыстың графикалық кескіні 
Филлипс қисығы деп аталады.
5. Филлипс қисығын ұзақ мерзімде қарастырғанда инфляция лық 
күтімдер теориясы қолданылады. Күтімдердің екі түрі кеңінен қол-
данылады: бейімделушілік күтімдер – инфляцияның нақты деңгейі 
негізінде сол инфляцияны экономикалық агенттердің болжай алу мүм -
кіндіктері. Олар инфляцияның нақты деңгейімен сəйкес келмейді жəне 
кезеңділікпен қайта қаралып субъектілер өз қателерін түзетіп оты-
рады. Оңтайлы күтімдер – экономикалық субъектілердің өздерінің 
инфляциялық болжамдарында қолдарындағы бар ақпаратты неғұрлым 
ұтымды пайдалана алу мүмкіндіктері жəне олар өз есептеулерінде 
қателеспейді деген болжамдар.
6. Инфляцияға қарсы саясат – инфляцияны төмендетуге бағытталған 
мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. ХХ ғасырдың 60-жыл-
дарынан бастап бағаны тікелей жəне жанама түрде реттеу мақсатымен 
барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет