262
Іскерлік циклдерді зерттеуде екі негізгі көзқарас бар:
детер-
министік жəне
стохастикалық.
Олар циклдік толқулардың
пайда болу себептерін əртүрлі түсіндіреді.
Детерминистік бағыт бойынша, циклдің себептері – болжам-
балы факторлар, өйткені іскерлік белсенділіктің толқулары ма к-
роэ кономикалық динамиканың тұрақты заңдылығына айна-
лады. Макроэкономикалық динамиканың
басты көзі ретінде
ке шігушіліктер саналады, олар жүйелік сипат ала отырып,
эко номикалық субъектілердің өзгерген
жағдайларға бірқатар
кеші гіп барып əсер ететінін сипаттайды.
Ал стохастикалық бағыттың негізінде «импульс-таралу» меха-
низмі қарастырылады. Орыс экономисі Евгений Слуцкий мен нор-
вег экономисі Рагнар Фриш бірінші болып экономикалық циклді
«импульс-таралу» теориясы тұрғысынан зерттеген.
«Импульс-
таралу» механизмі – бұл белгілі бір уақыт бірлігіндегі ұлттық та-
быс пен шығарылым көлеміне əсер ететін кездейсоқ сілкіністердің
жəне серпілістердің қалыптасу үрдістері. Сілкіністер немесе им-
пульстер ұзақтылығы мен амплитудасы əртүрлі болып табылатын
циклдерді туындатады.
Сілкіністердің үш түрі бөліп көрсетіледі:
а) ұсыныс сілкіністері;
ə) сұраныс сілкіністері;
б) саяси сілкіністер.
Ұсыныс сілкіністері – бұл шикізатқа деген əлемдік ба-
ғалардың ауытқулары, табиғи апаттар, маңызды ғылыми жасам-
паздықтар мен ашылымдар.
Сұраныс сілкіністері – бұл тұтынушылар мен фирмалардың
мінез-құлықтары мен экономикалық күтімдерінің өзгерістерінен
туындайтын тұтынушылық жəне инвестициялық шығындардың
өзгеруі.
Саяси сілкіністер – макроэкономикалық саясаттың іс-
шараларын (ақша
ұсынысындағы өзгерістер, фискалдық жəне
валюталық саясаттардағы өзгерістер) жүзеге асыру нəтижесінде
ұлттық табыс пен шығарылым көлемінің өзгеруі.
Достарыңызбен бөлісу: