264
көрсеткіштердің шамалары толқуларды туындатады жəне олар
белгілі бір шектеулермен өзгеріп отырады.
Жоғарғы шектеуі
болып толық жұмысбастылық табылады, ал төменгі шегі – бұл
амортизациялық аударымдар көлемі.
Хикстің концепциясы екі негізгі элементке сүйенеді:
а) жоғары шектеудің жəне
төменгі шектеудің болуы, олар
ұлттық табыстың шексіз артуына жəне төмендеуіне мүмкіндік
бермейді;
ə) табыстың қозғалысы жоғарғы немесе төменгі шегіне жет-
кеннен кейін үнемі кері бағытта жүріп отырады.
Бизнес-циклдің неоклассикалық теориялары.
Неоклассиктердің бизнес-цикл туралы үлгілері өткен ғасыр-
дың 70-жылдарынан бастап орын ала бастады.
Олар өздерінің
теориялық көзқарастарында жетілген бəсекелі
нарықтық меха -
низм жəне бағалар мен жалақының
икемділігі туралы қағида-
ларына сүйенеді. Мұндай жағдайлардағы экономиканың əрекет
етуіне əсер ететін циклдік толқуларды жиынтық ұсыныстың күрт
өзгеруіне алып келетін сілкіністермен байланыстырады.
Бизнес-циклдің неоклассикалық
теориясында мынадай ба-
ғыттар қарастырылады:
а) жетілмеген (асимметриялық) ақпараттар теориясы;
ə) саяси циклдер теориясы;
б) нақты бизнес-цикл теориясы.
Достарыңызбен бөлісу: