274
Практика сабағының жоспары:
Практика сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған,
тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жа-
уап беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру əдістері арқылы
жүргізілуі тиіс.
Мақсаты: бұл тақырыпты макроэкономикалық тұрақсыздықтың
бір себебі ретінде есепке ала отырып, экономиканың циклділігінің
жəне оның циклдік дамуының мəнін ашу, циклге байланысты барлық
теориялық мəселелерді ортаға салып талқылау, ең бастысы отандық
экономиканың циклдік дамуының заңдылықтарының себебіне тоқта-
лып өту. Осы мақсатқа жету үшін практика сабағында тақырып бойын-
ша мынадай сұрақтардың мəнін ашу керек:
1. Экономикалық цикл: мəні, түрлері, көрсеткіштері, фазалары,
себептері, факторлары.
2. Экономикалық циклдің ұзақтылығы: қысқа мерзімді, орта мер-
зімді жəне ұзақ мерзімді циклдер (Н. Кондратьевтің «ұзын толқын-
дары»).
3. Қазақстандағы антициклдік саясат.
СОӨЖ жəне СӨЖ тапсырмалары:
Мақсаты: экономикалық цикл мен тұрақсыздықтың негізгі сұрақ-
тарын ұсынылатын əдебиет көздерін игеру арқылы терең меңгеру, со-
нымен қатар, төмендегі жəне басқа да тапсырмалармен машықтана
отырып, тақырыпты бекіту.
1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.
2. Тақырып бойынша л о г и ка л ы қ схе м а л а р құрастыру.
3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:
- Экономикалық циклдің қазіргі заманғы теориялары мен үлгілері;
- Əлемдегі қазіргі экономикалық дағдарыстар, олардан шығудың
жолдары жəне Қазақстандық тəжірибе;
- Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстардың тарихына шолу,
«Ұлы депрессия».
- Қазіргі əлемдегі дағдарыстарды реттеудегі Кейнсшілдік теорияның
жаңа мүмкіндіктері.
4. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):
- Циклдік толқулардың таралу механизмі: мультипликатор-аксе-
лератор əсері;
|